Семейде "Өз құқығыңды біл" семинары өтті
«Құқығыңды білу міндет» жобасының «Өз құқығыңды біл» семинары құқықтық білім беруге бағытталған. Жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен жүзеге асырылуда. «Жаңа-Ру» жастар коалициясы заңды тұлғалар бірлестігі 2024 жылы 11 қараша күні Семей қаласында тұрғындарға арналған «Өз құқығыңды біл» семинарын өткізді.
Семинарда қаржы саласындағы қиындықтар, коллекторлармен мәселелер мен еңбек қатынастары мәселесі басты тақырыпқа айналды.
Жоба тұрғындардың құқықтық мәселелерінің санын едәуір қысқартты. E-otinish платформасы арқылы мемлекеттік қызметтерге қатысу, азаматтық қызығушылық пен ауылдық жерлерде бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысуды қолдаған тағы бір сәтті нәтиже болды.
Жобаны одан әрі дамыту үшін облыс аудандарындағы ішкі саясат бөлімдерімен және жастар ресурстық орталықтарымен тығыз қарым-қатынас жоспарланып отыр. Осы әріптестік аясында тұрақты түрде заңгерлік кеңес беруді ұйымдастыру, ауылдық жерлердің тұрғындарына қолжетімді ақпараттық ресурстарды кеңейту көзделеді.
Құқықтық сауатты арттыруға және ауылдық жердегі тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететін тұрақты қолдау жүйесін құру ұзақ мерзімді мақсат болып табылады.