Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Политика / Еңбек құқығындағы қағидаттар

Еңбек құқығындағы қағидаттар

Бұл мақалада Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаттары түсіндірме береміз.

Еңбек заңнамасының негізін қалаушы қағидат – еңбек бостандығы  қағидаты. Ол әртүрлі құқықтық нормаларда бар: еңбек қатынасының пайда болуынан бастап оның тоқтатылуымен аяқталғанға дейін. Еңбек еркіндігі, азаматтың өз білімі мен қабілетін қай жерде көрсеткісі келетінін өзі анықтайтынын білдіреді. Ол жұмыс берушімен еңбек қатынастарына кірісуге немесе кәсіпкерлікпен және заңмен тыйым салынбаған өзге экономикалық қызметпен айналысуы мүмкін. Тек адамның қабілеттері, іскерлік қасиеттері, білімі мен тәжірибесі еңбек шартын жасасқанда және қызмет бабында көтерілгенде ескерілуі тиіс.

          Қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына құқығы – конституциялық ереже (ҚР Конституциясы 24-б. 2-т.). Қауіпсіздік еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету жұмыс берушілерге жүктелген және ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншік нысанына қарамастан, барлық ұйымдарға қатысты. Қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету қағидаты, барлық жұмыскерлерге белгіленген нормалардың және, мысалы, ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда қамтылған жұмыскерлер үшін қосымша кепілдіктер көздейтін, арнайы нормалардың үйлесімділігін көздейді.

Еңбек қызметі процесінде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігіндегі жұмыскердің айрықша басым жағдайын көрсететін қағидат. Бұл талап ҚР Конституциясының 1-б. негізделген, ол жерде: «Қазақстан Республикасының өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» делінген. Тиісінше, мемлекет, әркiмге тумысынан жазылған, олардан ешкiм айыра алмайтын, абсолюттi деп танылған, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуын анықтайтын, адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын мойындайды және оларға кепілдік береді.

Тынығу құқығы – негізгі еңбек құқықтарының бірі. ҚР Конституциясының 24-б. 4-т. сәйкес, әркiмнiң тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс iстейтiндерге заңмен белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндерiне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепiлдiк берiледi. Еңбек шарты бойынша, жұмыс істейтіндерге ҚР ЕК белгіленген жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығына, демалыс және жұмыс емес мереке күндеріне, жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына кепiлдiк берiледi.

joomla 3.5