Антинаркотикалық серуен және шеруі өтті
Антинаркотикалық серуен және шеруі өтті
Кешкі уақытта қала тұрғындары мен қонақтарына арналған «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ» атты серуен-шеру ұйымдастырылды. Қатысушылар антинаркотикалық ұрандар жазылған плакаттармен және тулармен орталық көшелермен жүріп өтті. Шерудің соңы «Наркостоп» атты әсерлі флешмобпен жалғасты.
Сондай-ақ, шара барысында 1–1,5 метрлік гелий шарлары аспанға ұшырылып, «Нет наркотикам!» деген жалынды ұранмен жастарға жігер берді.
«Біз есірткіге қарсымыз!» акциясы — бұл жай ғана шара емес, жастарды тәрбиелеу, қоғамда қауіпсіз орта құру, отбасы мен білім ордаларының рөлін күшейтуге бағытталған кешенді қозғалыс. Жетісу жұртшылығы бұл бастаманы жоғары бағалап, салауатты өмір салты мен жас ұрпақтың болашағы үшін біріге әрекет етудің маңызын тағы бір мәрте көрсетті.
![]()
![]()
27 Июнь 2025
64
25 Нояб 2024