Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Политика / «Digital BAGYT» – жастар үшін цифрлық байланыс алаңы

«Digital BAGYT» – жастар үшін цифрлық байланыс алаңы

«Digital BAGYT» – жастар үшін цифрлық байланыс алаңы
Жастарға арналған жаңа цифрлық алаң – «Digital BAGYT» Telegram-арнасы өз жұмысын бастады. Бұл платформа Жамбыл облысындағы жастардың креативті бастамаларын қолдауға бағытталған «BAGYT HUB» жобасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Мақсаты – жастар арасында үздіксіз ақпарат алмасу, жобалық идеяларды жинақтау, кері байланыс орнату және цифрлық қатысуды қамтамасыз ету.
Платформаның негізгі функциялары:
???? Жоба жаңалықтары мен шаралар:
Арнада BAGYT HUB орталығында өтетін оқыту, конкурс және жобалық іс-шаралар туралы тұрақты ақпарат жарияланады.
???? Идеялар тізілімі:
Жастар өз жобалық идеяларын Telegram-бот немесе Google форма арқылы ұсына алады. Ең перспективалы ұсыныстар тіркеліп, сүйемелденеді.
???? Коворкинг туралы ақпарат:
Коворкинг алаңының қолжетімділігі, жабдықтары, бронь жасау тәсілдері жайлы пайдалы мәліметтер жарияланып отырады.
???? Кері байланыс және сұрақ-жауап:
Қатысушылар арнадағы пікірлер арқылы ұсыныс қалдырып, ұйымдастырушылармен тікелей байланыс орната алады.
«Digital BAGYT» – заманауи форматтағы ашық әрі интерактивті коммуникациялық кеңістік. Жастардың дауысы естіліп, идеялары жобаларға айналатын орта қалыптасып келеді.

 

joomla 3.5