Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Политика / "Qordai CUP" интеллектуалды ойыны өтті

"Qordai CUP" интеллектуалды ойыны өтті

2025 жылдың  2 қазан күні Қордай ауданында «Qordai Cup» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды. Іс-шара Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті. Интеллектуалды сайыс Бетқайнар ауылындағы «№7 Бетқайнар колледжі» КМҚК базасында өткізіліп, оған әрқайсысы бес адамнан құралған алты команда қатысты.

Ойынның негізгі мақсаты – жастардың логикалық және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту, топтық жұмыс пен бірлескен шешім қабылдау дағдыларын жетілдіру, сонымен қатар олардың зияткерлік әлеуетін арттыру болып табылады. Сайыс сұрақтары қатысушылардың жалпы білім деңгейін, тапқырлығын және жылдам ойлау қабілетін анықтауға бағытталды.Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, командалар арасындағы тартысты дода қатысушылардың белсенділігімен және интеллектуалды дайындықтарымен ерекшеленді. Әр кезең сайын ойын қыза түсіп, командалар өзара білім мен логика жарысында мықтылықтарын дәлелдеуге тырысты.Интеллектуалды ойын қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаз командалар арнайы бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды. Шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдіріп, мұндай зияткерлік кездесулердің жастар арасында жиі ұйымдастырылуының маңыздылығын атап өтті.

joomla 3.5