Толеранттылық – бейбітшілік пен келісімге бастар жол
Толеранттылық – бейбітшілік пен келісімге бастар жол
2025 жылдың 24 маусымында Тараз сервис және технологиялық колледжінде «Бірлігі жарасқан» жобасы аясында маңызды кездесу өтті. «Толеранттылық – бейбітшілік пен келісімге жол» тақырыбындағы бұл іс-шара еліміздегі этносаралық татулық пен қоғамдық келісімнің маңызын жастарға түсіндіруді мақсат етті.
Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілдері арнайы шақырылды. Атап айтқанда, мекеменің Ғылыми-сараптамалық бөлімінің басшысы Қаншимбеков Ербол Бектұрғанұлы мен жастар ісі жөніндегі маман Ақынтай Алмас Саятұлы шара барысында өз ойларымен бөлісті.
Спикерлер өз сөздерінде толеранттылықтың қоғамдағы рөліне, ұлттар мен ұлыстар арасындағы достық пен түсіністіктің маңыздылығына ерекше тоқталды. Олар Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудағы рөлін мысалға ала отырып, жастарды өзара сыйластық пен ынтымақтастыққа үндеді.
Кездесу барысында колледж студенттері белсенділік танытып, түрлі сұрақтар қойып, пікір алмасуға қызығушылықпен қатысты. Жастардың ой-пікірлері мен көзқарастары қоғамдағы бейбітшілік пен келісімге деген сенім мен ұмтылысты айқын аңғартты.
Мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың бойында азаматтық жауапкершілік пен толерантты ойлауды қалыптастыруға, сондай-ақ этносаралық қарым-қатынастың жоғары мәдениетін дамытуға өз үлесін қосады. Іс-шара жастарға терең ой тастап, рухани серпіліс сыйлады.



25 Июнь 2025
37
25 Нояб 2024