Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінде «Толеранттылық – бейбітшілік пен келісімге жол» атты студенттермен кездесу
Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінде «Толеранттылық – бейбітшілік пен келісімге жол»
атты студенттермен кездесу
2025 жылғы 22 мамыр күні Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ ұйымдастыруымен “Бірлігіміз жарасқан” жобасы аясында Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінің студенттермен кездесу өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – ауыл жастары арасында қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту, ұлттық және мәдени құндылықтарды құрметтеу арқылы толерантты көзқарасты қалыптастыру, жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру.
Кездесуге қатысқан спикерлер:
– «Қоғамдық келісім» КММ жетекші сарапшысы Рахат Ерханұлы;
– Медиация кабинетінің меңгерушісі, кәсіби медиатор Досыбиева Валентина Николаевна;
– “Еркін ойлар алаңы” интеллектуалды пікірсайыс ұйымының төрайымы Бекмырза Айдана.
Кездесу барысында спикерлер жастардың саналы тұлға ретінде қалыптасуындағы толеранттылықтың рөлі, ұлттық келісім мен этносаралық қатынастардың маңызы туралы айтты. Бекмырза Айдана жастардың пікірталас мәдениетін дамыту, өз ойын ашық жеткізе білу және ортақ шешім табу қабілеттерін жетілдіру жөнінде тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу студенттер тарапынан жоғары қызығушылық тудырып, ашық пікір алмасу мен диалогқа жол ашты. Шара қорытындысында студенттер толерантты қоғам құрудағы өз рөлдерін тереңірек түсініп, болашақта бейбітшілік пен келісімді сақтауға үлес қосуға ниет білдірді.


24 Июнь 2025
33
25 Нояб 2024