Тараз сервис және технологиялық колледжінде «Толеранттылық – бейбітшілік пен келісімге жол» атты студенттермен кездесу
Тараз сервис және технологиялық колледжінде «Толеранттылық – бейбітшілік пен келісімге жол»
атты студенттермен кездесу
2025 жылғы 22 мамыр күні “Бірлігіміз жарасқан” әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тараз сервис және технологиялық колледжінің студенттермен кездесу өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында толеранттылық құндылықтарын насихаттау, этносаралық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайту, мәдени әртүрлілікті құрметтеу арқылы бейбітшілік пен татулықты сақтаудың маңызын түсіндіру.
Кездесуге арнайы шақырылған спикерлер:
– “Қоғамдық келісім” КММ жетекші сарапшысы Рахат Ерханұлы;
– Медиация кабинетінің меңгерушісі, кәсіби медиатор Досыбиева Валентина Николаевна;
– “Еркін ойлар алаңы” интеллектуалды пікірсайыс ұйымының төрайымы Бекмырза Айдана.
Кездесу барысында спикерлер “Толеранттылық дегеніміз не?”, “Көпұлтты қоғамдағы бірлік пен келісім”, “Медиация және жастар арасындағы шиеленістердің алдын алу”, “Жастардың ой еркіндігі мен сындарлы диалог жүргізу мәдениеті” тақырыптарында мазмұнды ойларымен бөлісті. Бекмырза Айдана қазіргі жастардың пікір білдіру, өзгелерді тыңдау және ортақ шешімге келу мәдениетін дамыту маңыздылығына тоқталды.
Іс-шара белсенді, диалогқа толы форматта өтті. Студенттер сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісіп, қоғамдағы толеранттылықтың рөлін талқылады.



24 Июнь 2025
33
25 Нояб 2024