Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Политика / Психологтың қатысуымен қақтығысты шешуге арналған семинар өтті

Психологтың қатысуымен қақтығысты шешуге арналған семинар өтті

Психологтың қатысуымен қақтығысты шешуге арналған семинар өтті

Этносаралық түсіністік пен ұлтаралық диалогты дамыту мақсатында  психолог маманның қатысуымен қақтығысты шешуге арналған семинар ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты — түрлі этникалық топ өкілдері арасында өзара сыйластықты нығайту, қоғамдағы келісім мен татулық мәдениетін қалыптастыру болды.

Семинар барысында қатысушылар конфликт жағдайында эмоцияны басқару, тиімді тыңдау, стрессті жеңу және медиацияның негізгі қағидалары туралы тәжірибелік ақпарат алды. Психолог маман нақты мысалдар мен жаттығулар арқылы қатысушылардың өзара қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық жұмыстар жүргізді.

Кездесу пікір алмасу форматында өтіп, түрлі этникалық топ өкілдері өз ойларымен еркін бөлісіп, ашық диалог орнатты. Мұндай шаралар этносаралық түсіністікті арттырып қана қоймай, қоғамда толеранттылық пен өзара құрмет мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді.

Іс-шара соңында қатысушылар осындай семинарлардың маңыздылығын атап өтіп, болашақта ынтымақтастық пен бірлікті нығайту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруға ниет білдірді. Іс шара "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ гранты аясында Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің тапсырысы негізінде ұйымдастырылды.

 

 

joomla 3.5