Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Политика / "Білім" колледжінде «Толеранттылық – бейбітшілік пен келісімге жол» атты дәрістер топтамасы өтті

"Білім" колледжінде «Толеранттылық – бейбітшілік пен келісімге жол» атты дәрістер топтамасы өтті

"Білім" колледжінде «Толеранттылық – бейбітшілік пен келісімге жол» атты дәрістер топтамасы өтті

«Білім» колледжінде қоғамда толерантты сана қалыптастыру және мәдени әртүрлілікке құрметпен қарауды насихаттау мақсатында «Толеранттылық – бейбітшілік пен келісімге жол» тақырыбында дәрістер топтамасы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында кәсіби лекторлар мен сала мамандары жастар мен қоғам белсенділеріне төзімділік, ұлтаралық келісім, мәдени әртүрлілік және бейбіт қатар өмір сүру құндылықтары туралы мазмұнды ақпарат ұсынды.

Дәрістер интерактивті форматта өтіп, қатысушылармен ашық пікір алмасу, сұхбаттар, практикалық тапсырмалар мен тренинг элементтері қолданылды. Мұндай тәсіл тыңдаушылардың белсенді қатысуына және материалды тереңірек ұғынуына мүмкіндік берді.

Әлеуметтік практика аясында өткізілген шара студенттер мен жастарға өз рухани көзқарастарын кеңейтіп, этносаралық қатынастарда өзара түсіністік пен сыйластықтың маңызын терең сезінуге жағдай жасады.

Іс-шара соңында қатысушылар толеранттылық мәдениетін қалыптастыру – қоғам тұрақтылығы мен ел бірлігінің басты кепілі екенін атап өтті.

 

joomla 3.5