Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Политика / М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде «Бірлік пен келісімнің мәні» тақырыбында кездесу өтті.

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде «Бірлік пен келісімнің мәні» тақырыбында кездесу өтті.

2025 жылдың 18 қыркүйегінде М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Тәуелсіздік залында» (2.3.308 оқу кешені) Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі жұмыс бағыттарын және этностар арасындағы бірліктің ел тұрақтылығы мен дамуы үшін маңызын түсіндіруге арналған «Бірлік пен келісімнің мәні» атты кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің модераторы, Басқарма мүшесі - Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Тұрлыбек Аслан Еділханұлы болды.

Шараның басты мақсаты – жастарға қоғамдағы бірлік пен келісімнің мәнін түсіндіру, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен таныстыру және этносаралық татулықтың мемлекет дамуы үшін маңызын кеңінен насихаттау.

Бағдарлама аясында келесі спикерлер сөз сөйледі:

• Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі – Мамедова Парида Иманжановна;

• ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі, ЭМБ-мен өзара іс-қимыл басқармасының басшысы – Жұмағұлов Елдос Тәңірбергенұлы;

• «Қоғамдық келісім» РММ-сының ЭМБ-мен өзара іс-қимыл басқармасының аға сарапшысы – Нұрадинов Мейіржан Турланұлы.

Кездесу дәріс-дискуссия форматында өтіп, студент жастар баяндамашыларға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Спикерлер бірлік пен келісімнің – ел дамуының алтын арқауы екендігін атап өтіп, Ассамблея қызметінің қоғамдағы рөліне ерекше тоқталды.

Шара соңында қорытынды сөз айтылып, қатысушылар естелік суретке түсті.

Бұл кездесу жастардың азаматтық көзқарасын қалыптастырып, қоғамдық келісім мен бейбітшілік құндылықтарын дәріптеуге бағытталған маңызды қадам болды.

 

 
 

 

joomla 3.5