Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Политика / Академиялық адалдық – әділ қоғамның бастауы

Академиялық адалдық – әділ қоғамның бастауы

Студенттік құқықтар мен омбудсменнің рөліне арналған маңызды кездесу өтті

2025 жылғы 2 қазан күні еліміздің болашағы саналатын жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Академиялық адалдық – әділ қоғамның бастауы: студенттік құқықтар мен омбудсменнің рөлі» атты маңызды кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға Жамбыл облысының студенттік омбудсмені Байпақ Дархан арнайы шақырылып, өз саласының маманы ретінде студенттермен ашық әрі мазмұнды пікір алмасу өткізді

Кездесу барысынан:

Омбудсмен Байпақ Дархан академиялық адалдықтың білім беру жүйесіндегі рөлі, әділдік пен жауапкершілік принциптері жайында өз ойын білдіріп, студенттердің құқықтары мен міндеттеріне кеңінен тоқталды. Ол сондай-ақ әділ қоғам құруда жастардың белсенді азаматтық ұстанымының маңызын атап өтті.

 Ашық диалог алаңы

Шара аясында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Кездесу еркін форматта өтіп, қатысушылардың пікір білдіруіне, көзқарасымен бөлісуіне мүмкіндік тудырды. Бұл өз кезегінде жастардың құқықтық сауатын арттырып, олардың академиялық ортада өзін сенімді сезінуіне септігін тигізді.

 Шараның маңызы

Мұндай кездесулер жастар арасында адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын насихаттап, академиялық ортадағы әділ тәртіпті нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, студенттік омбудсмен институтының рөлі мен маңыздылығы жайлы түсінікті кеңейтіп, жастар мен билік арасындағы диалогты нығайтады.


Адал білім – әділетті қоғамның кепілі!
Осындай мазмұнды іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда және олардың белсенді, жауапты азамат болып өсуіне берік негіз қалайды.

 

joomla 3.5