Фокус-топ отырысы
Жамбыл облысы – сан ұлт пен ұлысқа ортақ алтын бесік. Бұл өңірде 87 этнос пен этникалық топ өкілі бейбіт өмір сүріп, бірлік пен келісімде тіршілік етуде.
Осы құндылықтарды одан әрі нығайту мақсатында Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қолдауымен 2025 жылы облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар бірлестігі «Бірлігі жарасқан» әлеуметтік жобасын жүзеге асырды.
Жобаның негізгі мақсаты – этносаралық татулық пен мәдениетті арттыру
Жоба аясында Ш.Уалиханов атындағы облыстық кітапхананың мәжіліс залында этномәдени бірлестіа өкілдері, түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен фокус-топ отырысы өткізілді. Отырыста этностар арасында татулықты, достықты, бірлікті дәріптеу әдістері, тәжірибелері бөлісіліп, талқыланды
Іс шара "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ гранты аясында Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің тапсырысы негізінде ұйымдастырылды.


25 Окт 2025
44
25 Нояб 2024