Barbershop: Шаш қию өнері – кәсіптің келешегі!
22 қазан 2025 жылы сағат 11:00-де Тараз сервис және технология колледжінде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Barbershop» тақырыбында шаштараз ісі бойынша шеберлік сабағы (мастер-класс) өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты – студенттердің кәсіби дағдыларын арттыру, шаштараздық өнердің жаңа бағыттарымен таныстыру және болашақ мамандардың тәжірибесін шыңдау болды.
✂️ Мастер-класты кәсіби шаштараз, барбер Елмуратов Пернебек Сарсенович жүргізді. Ол қатысушыларға заманауи шаш қию техникасын, шаш үлгілерін қалыптастырудың жаңа әдістерін және клиентпен жұмыс істеудің қыр-сырларын көрсетті. Сабақ барысында студенттер шебердің жұмысын бақылап қана қоймай, өз қолдарымен тәжірибе жасап көруге мүмкіндік алды.
Іс-шараға колледждің «Шаштараз ісі» мамандығында оқитын студенттер мен оқытушылар қатысты. Олар үшін бұл кездесу кәсіби шеберлікті арттырып, шығармашылық көзқарасты дамытуға үлкен серпін берді.
Мастер-класс соңында қатысушылар Елмуратов Пернебек Сарсеновичке пайдалы кеңестері мен тәжірибесі үшін алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта осындай тәжірибелік кездесулер жиі ұйымдастырылатынына үміт білдірді.
«Barbershop: Шаш қию өнері – кәсіптің келешегі!» атты бұл шара жастарды кәсіпке баулуда, өз ісіне деген сүйіспеншілікті арттыруда және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болуға ынталандыруда маңызды рөл атқарды.


28 Окт 2025
20
25 Нояб 2024