Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Политика / "Қабырға - жарнама емес" акциясы

"Қабырға - жарнама емес" акциясы

 

Жетісу облысында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған кең көлемді антиграффити акциясы өткізілді.

Бұл акцияның негізгі мақсаты – жастарды зиянды ақпарат көздерінен қорғау, қоғамдық орындардағы құқыққа қайшы насихаттың алдын алу және тұрғындар арасында салауатты өмір салтын кеңінен дәріптеу.

 Акция барысында тұрғындар мен жастарға нашақорлықтың зияны, оның құқықтық және әлеуметтік салдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шара барысында:
• Қалада нашақорлықты насихаттайтын граффити жазулар мен түрлі штрих-кодтар анықталып, оларды дереу жою жұмыстары жүргізілді
• Жастарға, оқушылар мен студенттерге түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, нашақорлықтың зияны мен құқықтық жауапкершілігі жөнінде кеңінен ақпарат берілді.

Қауіпсіз орта – жарқын болашақ!

 

 

joomla 3.5