Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Политика / "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" квест ойындары

"Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" квест ойындары

21 шілдеде Түркістан Облыстық жастар ресурстық орталығы мен «Жаңа-Ру» жастар коалициясы қауымдастығының ұйымдастыруымен этнос өкілдері арасында ауызбіршілік пен достық қарым-қатынасты насихаттауға арналған интеллектуалды облыстық «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» квест ойындарын өтті.
​Облыстық квест ойындарына 10 команда қатысты.

5 кезеңнен тұратын квест ойындары қорытындысы бойынша І орынды «Төле би» тобы (150 мың тг), ІІ орынды «Домалақ ана» мен «Түлкібас жастары» топтары (100 мың тг), ІІІ орынды «Арыс жастары» мен «Келес» топтары (50 мың тг) иеленді.
​Ал, интеллектуалды ойынға белсенді қатысып, ерекше көзге түскені үшін  «Білімді топ» номинациясына «Қазақстан» мен «Достар» топтарына, «Үздік топ» номинациясына «Бес арыс» пен «Метеорит» командалары ие болып, 25 мың теңгеде ынталандыру сыйақылары берілді. 

joomla 3.5