Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Политика / Заңгерлер «Құқығыңды білу міндет» жобасы аясында Абай облысына барды

Заңгерлер «Құқығыңды білу міндет» жобасы аясында Абай облысына барды

«Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі заңгерлері «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранты аясында «Құқығыңды білу міндет» жобасын іске асыру барысында Абай облысына барды. 2023 жылдың 11-18 тамыз аралығында Абай облысының Абай ауданы, Бесқарағай ауданы, Жарма ауданының шалғай ауылдарында «Көшпелі заң көмегі керуені» аясында заңгерлік кеңестер берілді.

Ауыл тұрғындарына заңгер мамандармен кездесу барысында жұмыспен қамту саласының сұрақтары бойынша, микрокредиттермен туындайтын қиындықтарды шешуге қатысты, мемлекеттік органдарға өтінішті онлайн беруге байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ауыл тұрғындарына қатысты құқық бұзушылықтардың жекелеген санаттарының санын азайту үшін тұрғындарға жеке сұрақтар бойынша кеңестер берілді. Азаматтардың білікті заңгерлік көмек алуға конституциялық құқықтарын жүзеге асырудың сапасын арттыру мүмкіндіктері туралы айтылды. Бұл кездесулер тұрғындардың құқықтық сауаттылық деңгейін елеулі түрде арттыруға мүмкіндік береді.

 

joomla 3.5