"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Саясат

Саясат

Барлық нысаналы топтар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың өзекті мәселелері бойынша түсіндіру кездесулер  өткізу (мемлекеттік органдар, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт ұйымдары, кәсіпкерлік субъектілері акционерлік қоғамдар, қоғамдық бірлестіктер және т.б.);

 

"Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру аттыәлеуметтік жобасының аясында «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Жуалы ауданында жергілікті халық арасындағы білім беру мекемелерінде оқитын және жұмыс жасайтын адамдармен кездесулер өткізілді. Жергілікті халыққа бірлікте, татулықта бірізділікте болу керек екендігі түсіндіріліп, өздерін сабақ беретін және жалпы ұстаздармен үлкендердің сөздерін тыңдау қажеттілігі қатаң түсіндіріліп өтілді.

Аталмыш іс-шаралары кешені ағымдағы 2022 жылы Байзақ ауданы аумағында кездесулер болып өтті. Кездесулердің легінде басты спикер ретінде Жамбыл облыстық Рухани-Жаңғыру жобалық офисінің замы Өмірбеков Данияр Маратұлы шақырылған болатын.

Кездесу соңында қатысушылар спикерге қалаған қызықтыратын сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті. Және әр кездесу соңында жалпы өту барысының деңгейі бойынша кері байланыс алынып отырды.

 

«Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің « «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идея аясында этносаралық келісімде нығайтуға бағытталған іс-шараларды жүргізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобаның аясында «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Байзақ ауданында ауқымды іс-шаралар кешені жүргізілді.

Аталмыш жоба аясында 2022 жылдың 28 шілде Байзақ ауданында әкімдігінде “Ұлттар достығы” атты семинар өткізілді. Аталмыш семинарды Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жетекшісі сарапшысы Қаншымбеков Ербол Бектұрғанұлы жүргізді.

Тренинг барысында бүктеме қағаздар таратылып, өзге ұлттардың жергілікті жерде хал ахуалымен жалпы ауылдың тұрмыс тіршілігі туралы сауалнамалар алынып. Халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстарында жалпы Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысы туралы және өзге ұлт өкілдерінің қоғамдағы рөлі туралы сөз қозғалды. Тренинг соңында халыққа қызықты сауалдарға жауап беріліп кездесулер сапасын жоғарлату мақсатында сауланамалар алынды.

 

Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар арасында волонтерлік қызметті дамытуға бағытталған жобаларды ұйымдастыру» тақырыбындағы әлеуметтік жобасы аясында «Жаңа-ру» жастар ұйымының еріктілерінің ұйымдастыруымен «Қамқор» волонтерлық-әлеуметтік жобасы жүзеге асырылып келе жатыр. Волонтерлар дүкендегі киімдерді жуып, кептіріп, үтіктеп, киімнің тазалығын және дүкеннің тазалығын қамтамасыз етіп жатыр. Дүкен халық арасында үлкен сұранысқа ие болып отыр. Жоба аясында жастар көптеген отбасыларға көмек көрсетіп, баталарында алып жүр. Дүкенге барлық мұқтаж отбасылар келіп, киім алуына болады және ешқандай шектеу жоқ  жеке бас куәлігін әкелсе жеткілікті. Осы күнге дейін дүкен мың жарымға жуық отбасыға көмек көрсеткен. Жастар бос уақыттарын дүкенге келіп, әр-түрлі іс-шараларға, акцияларға қатысумен, жақсылыұ жасаумен өткізеді. Дүкен Сулейманова 16а мекен-жайында орналасқан. «Қамқор» волонтерлық-әлеуметтік жобасы аясында әлеуметтік дүкеннен бөлек, түрлі форматта көптеген қайырымдылық, әлеуметтік, көпшілік, мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. 

 

 

«БҰҰ ешқашан мұндай ыңғайсыз жағдайға тап болған емес»

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша БҰҰ қазір тіпті қырғи қабақ соғыс кезіндегіден де қатты қиындыққа тап болған. Президенті Катар экономикалық форумының отырысында осындай пікір білдірді. Оған Украинадағы қақтығысты шешудің мүмкіндігі қандай екендігі туралы сұрақ қойылды. "Ең алдымен керегі, екі мемлекеттің ізгі ниеті. Сонымен бірге халықаралық қоуымдастық тарапынан қолдау қажет. Өкінішке орай, халықаралық қауымдастық тиімді әрекет ете алмауда. Қауіпсіздік кеңесі-бұл қайғылы өткен шақ", - деді Тоқаев. Оның пікірінше, БҰҰ бұрын-соңды мұндай жаман жағдайға тап болған емес, тіпті қырғи қабақ соғыс кезінде де ол қазіргіден гөрі өзектілігін көрсетті. Қазақстан Президенті БҰҰ-ның болашағына алаңдайтынын, бірақ әлем елдеріне бірлігі өте қажет деп санайтындығын айтты. Ол БҰҰ Ресей мен Украинаның бейбітшілік жолына өтуіне әсер етуі керек екенін атап өтті.

Қазақстан әлемді Украинадағы қақтығыстарға байланысты ядролық қарудан мүлде бас тартуға шақырды

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Украинадағы жағдай ядролық қаруға тыйым салу туралы ойлануға мәжбүр етеді деп мәлімдеді. Оның айтуынша, әлем қазір дағдарыста, ядролық қаруды қолдану қаупі артып, Украинадағы оқиғалар мен өзге де қауіптер ядролық қаруға тыйым салуға және жоюға итермелейді. Қазақстанның сыртқы істер министрі әлемнің барлық елдерін БҰҰ жүз жылдығы — 2045 жылға дейін ядролық қаруды біртіндеп толық жою жоспарын әзірлеуге шақыратынын мәлімдеді. Ол ядролық қаруды толық жою туралы уағдаластықтар 21-23 маусымда Венада өтетін Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қатысушылардың бірінші конференциясының қорытынды құжаттарында жазылуы мүмкін екенін атап өтті. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі бұл туралы Liter.kz газетіне арналған мақаласында жазды.

Украинадағы соғыс кезінде бірнеше рет Ресей ядролық қаруды қолданады ма деген сұрақ туындады. Ресей өкілдері ядролық қаруды қолдануға ниетті емес екендерін айтқан болатын.

Маусым айында Стокгольм халықаралық бейбітшілік мәселелерін зерттеу институтының (SIPRI) директоры Ден Смит әлемде ядролық қаруды қолдану қаупі қырғи қабақ соғыстан кейінгі ең жоғары деңгейге жетті деп мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петербург халықаралық экономикалық форумының 25 жылдығына арналған жиынға қатысты

 

Мемлекет басшысы «Жаңа әлем – жаңа мүмкіндіктер» атты Петербург халықаралық экономикалық форумының 25 жылдығына арналған жиынның пленарлық отырысына қатысты. Пленарлық сессияда Қазақстан Президентінен бөлек Ресей Президенті Владимир Путин және бейнебайланыс режимінде Египет Президенті Абдель Фаттах Ас-Сиси сөз сөйледі. Сондай-ақ ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин форум қатысушыларына бейнеүндеу жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару ісін жаңғырту және Жаңа, Әділетті Қазақстан құру үшін елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалар туралы айтты.

– Бар күш-жігеріміз экономиканың өсімі азаматтардың әл-ауқатын арттыруға пропорционалды түрде ықпал етуге бағытталған. Біз сауда-экономикалық байланысты дамытуға, жаңа өндіріс орындарын ашуға, адами капиталдың өсімі мен инновацияларды енгізу үшін жағдай жасауға ниеттіміз, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақтың әлеуетін арттыруды өзекті міндет ретінде атады.

– Одаққа мүше барлық елдің экономикасының жиынтық көлемі қазір 2 триллион доллардан асады. Бұл – еркін тауар айналымы, капиталы және жұмыс күші бар өте үлкен нарық. Пандемия мен дағдарыс жағдайына қарамастан, Одақ аясындағы ынтымақтастық дәйекті түрде нығайып келеді. Былтыр өзара сауда-саттық көлемі Еуразиялық экономикалық одақ құрылған уақыттан бергі ең жоғары деңгейге жетіп, 73 миллиард доллар болды. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен үштен бір есе көп, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының деректеріне сілтеме жасай отырып, Ресей мен Қазақстан әлемнің осы саладағы жетекші елдері екеніне тоқталды.

– Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі жағдайының нашарлауына байланысты аталған мәселе күрделене түсті. Ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етудің басты факторы және міндеті – тұрғындарды сапалы әрі қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз ету. Сенімді азық-түлік жүйесін құру үшін инновациялық шешімдер мен озық технологияларды енгізу және азық-түлікті ысырап етуді тоқтату маңызды. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдерін ұлттық деңгейде де, Еуразиялық экономикалық одақ аясында да саралау керек. Осы ретте Одаққа мүше елдердің мүдделері ескерілуге тиіс. Келісіп жұмыс істемесе, бұл аса маңызды саладағы алға қойған мақсаттарға қол жеткізу қиындай түседі. Яғни, шектен тыс инфляцияға, азық-түлік тапшылығына қарсы күрес – баршамызға ортақ міндет, – деді Қазақстан Президенті.

Биыл Қазақстан Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымына төрағалық етуде. Мемлекет басшысының айтуынша, ТМД-ның құрылған уақыттан бергі мол тәжірибесі күрделі геосаяси жағдайда көпжақты диалогтың тиімді екенін көрсетті.

– ТМД осындай мегажобаны іске асыруда мейлінше қолайлы база бола алады деп ойлаймын. Бұл ретте, ШЫҰ, АСЕАН, ЕЭО Үлкен Еуразиялық кеңістіктің ажырамас бөлігі болар еді, – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, бейбіт, тұрақты және экономикалық тұрғыдан қуатты Еуразия құру жаһандық ауқымдағы орнықты дамудың және инклюзивті өсімнің қуатты факторына айналатынына сенім білдірді.

– Халықаралық жағдайды қалыпқа келтіруге және әлемдік экономиканың өсімін дұрыс жолға салуға бағытталған табысты идеяларды іздеу үшін жоғары деңгейдегі сарапшыларды біріктіретін мұндай беделді пікірталас алаңының әлеуеті зор, – деді Қазақстан Президенті.

Негізгі спикерлердің баяндамасынан кейін жиын сұрақ-жауап форматында жалғасты.

Президент осы уақытқа дейін біздің елдің көкейінде ғана емес, халықаралық аренада да жиналып қалған күрделі сұрақтарға жауап берді.

Украинадағы Луганск пен Донецкке қатысты модератор, Маргарита Симонянның:

-Біздің (Ресейдің) Украинадағы арнаулы операциямыздың мәжбүрлікпен жасалып жатқаны және заңдылығы туралы не айтасыз”-деп қойған сұрағына Тоқаев:“Турасын айтайын, бұл мәселеге қатысты түрлі пікір бар. Қоғамымыз ашық, азаматтық қоғамның толысқаны анық байқалады. Сондықтан, түрлі пікірлер айтылады. Дегенмен, келесіні атап өткім келеді: қазіргі заманғы құқық – бұл БҰҰ Жарғысы. Бірақ, БҰҰ-ның екі ұстанымы бір-біріне қарама-қайшы келеді – бұл мемлекеттің тұтастығы және ұлттың өз таңдауын жасауға құқығы.Егер ұлттарға таңдау құқығы берілсе, онда жер шарында 193 мемлекеттің орнына 500-600 мемлекет құрылар еді. Бұл бейберекеттік тудырады. Дәл осы себепті біз Тайваньды да, Косованы да, Оңтүстік Осетияны да, Абхазияны да мойындамаймыз. Демек, бұл принцип біздің көзқарасымызша квазимемлекеттік бірлестік саналатын Луганск пен Донецкке де қолданылатын болады», - деп жауап берді.

 

2022 жылы 7 маусымда Ангела Меркель көрермендердің қатысуымен неміс журналисті және жазушысы Александр Озангқа берген сұхбатында Ресейдің Қырымды аннексиялауы кезіндегі әрекеттері үшін және Украйнаның НАТО – ға кіруіне қарсы болғаны үшін өзін кінәлі сезінбейтінін айтты.

Ресейдің шабуылдан кейін көптеген адамдар, соның ішінде украиндық шенеуніктер, Ангела Меркель канцлер болған кезде Владимир Путинді "тыныштандырумен" ғана айналысқанын, ал Украинаның НАТО-ға кіруі туралы құрғақ уәделер жағдайды нашарлатты деген мәлімдемелер жасауда. 2008 жылы Германия мен Франция Бухаресттегі Саммитте Украинаның НАТО – ға кіруіне қарсы болды. Осы әрекеттері үшін Владимир Зеленский сәуір айында Ангела Меркельді және Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозиді айыптады. Бұрынғы канцлер бір жарым сағаттық сұхбатында Путин не туралы ойлағанын түсінгенін және оны арандатқысы келмегенін айтты. "Мен Путиннің бұған жол бермейтініне сенімді болдым. Ол мұны соғыс жариялау ретінде қабылдаған болар еді. Мен оны арандатқым келмеді", - деді. Әрі ол кезде Украинада демократия болмағанын, тек байлар басқарғанын айтты. Өзінің басқаруының соңғы кезіне тұспа тұс келген Римдегі G 20 – лық жиынында Путиннің Минск келісімін бұзатынын сезгенін де айтты. Ол «Мен Ресейдің қәзіргі әрекетін қатаң сынаймын. Бұл әлемге төнген қәуіп.» деді. Бірақ «Бізде әлемдік қәуіпсіздік архитектурасын сақтау үшін барлық әрекетті жасай алмадық. Бірақ мен өзімді айыптай алмаймын. Себебі қолымнан келген оң әрекеттерді толық жасадым» деп мәлімдеме жасады.

 

Жоспарсыз адам болғанмен, жоспарсыз әкім болмасын

 

         2022 жылдың сәуір айының алғашқы аптасында Жамбыл облысына 2 жылдан астам басшылық еткен Бердібек Сапарбаевтың орнына Нұржан Нұржігітов әкім болды. Бердібек Сапарбаевқа дейін Асқар Мырзахметов басшылық еткен еді.

         Бүгінгі мақалада 2018-2022 жылдары басшылық еткен екі әкімнің басшылығына баға береміз және жаңа әкімнің мүмкіндіктерін қарастырып көреміз.

         А) Асқар Исабекұлы Мырзахметов 1962 жылы 1 қазанда Шымкент қаласында дүниеге келген. Ауылшаруашылығы және экономика мамандықтары бойынша білім алған.

         Асқар Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі қызметіне 2018 жылдың 10 қаңтарында келген болатын. Ел арасында Асқар мырзадан «ағатай дұрыстап істесей» дегенді үш рет естіген адам жұмыстан кетеді деген сөз бар еді. Бұл әкімінің тұсында облыста ауыл шаруашылығында серпіліс байқалды. Оған әкімнің бұған дейін ауылшаруашылығы министрлігіне басшылық еткені де әсерін берген болуы керек. Көптеген құрылыстар басталды. Бірақ қосымша «құрылыс тендерлерін Тараздық фирмалар ұта алмауда, оны әкімге жақын фирмалар ұтуда» деген қауесет желдей есті. Тағы бір әлсіз жері «әлеуметтік желілерде жарияланатын ақпараттардан қорқатындығы болды» дейді білетіндер.                             

         2020 жылы 7 ақпан кешкісін Жамбыл облысы Қордай ауданында этникалық жанжал шығып, 10 адам қаза тапқан. Қырықтан астам адам жаралаған. Жанжал кезінде Қырғызстанмен шекараға жақын орналасқан Масанчи, Сортөбе, Ауқатты ауылдарында 15 ғимарат мен 30-дан астам үй бүлініп, 23 көлік өртенген. Бұл ауылдарда көбіне этникалық дүнгендер тұрады. Асқар Мырзахметов кезінде ОҚО әкімі болып тұрған кезде де Шымкент шаһары маңында дәл осындай сипатта қазақ-тәжік қақтығысы болған еді.       

         «Мемлекет басшысының жарлығымен берілген өтінішіне орай Асқар Исабекұлы Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі қызметінен босатылды», - делінген Ақорда сайтында. Бірақ оның кетуінің басты себебі Қордай оқиғасы болғандығы анық. Себебі сол босатудан кейін әлі ешқандай қызметке алынбады. 2020 жылдың соңында Жамбыл облысы ардагерлерінің ұсынысымен Мырзахметов Асқар Исабекұлы киелі Жамбыл облысының «Құрметті азаматы» атанды. Әлі күнге Мырзахметовтың әкім кезін аңсайтындар бар екенін ескерсек, әкімнің облысқа еңбегі сіңгенін мойындау керек.

          Б) Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев 1953 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылында дүниеге келді. 1977 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын «Экономика және материалдық-техникалық жабдықтау» мамандығы бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының докторы, профессор.

         2020 жылы 10 ақпанда «Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын", делінген ақпаратты Ақорда баспасөз қызметі жариялады.

         Сапарбаевты «кризис-менеджер» деп атайтындар көп. Оған себеп, шу шыққан аймаққа, салаға басшылыққа жіберілетін адам. Қордай оқиғасында шешті. Дотациялық облысқа тартылатын қаражат екі есеге артты. Апта сайын, барлық іс-шаралардан қалмауға тырысатын. Жоспарларды орындауды талап етіп, облыста игерілмей тұрған 30 миллиард теңгені жыл соңына дейін бір аптада игеріңдер деп тапсырма бергені де бар. Кәсіпкерлерге «асарлатып үй салғызды», Байзақтағы жарылыстан соңда жағдайды барынша бақылауына алды. Басшылығы пандемиямен қатар келсе де, көптеген жұмыстарды сәтті аяқтады. Бірақ соңғы кезде «Персикке көңіл айту», «Сарыбеков екеуі қоғамдық кеңес тізіміне араласпақшы болды» деген депутаттардың қарсылығы, қалаға әкім етіп қойған қызметкерінің әлсіздігі беделіне біраз кері әсерін берді.

         Мемлекет басшысының Жарлығымен 2022 жылы 7 сәуірде Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі лауазымынан босатылды. Соңғы күндері президентпен кездескеннен кейін, жаңадан ашылатын облыстардың біріне әкім болуы мүмкін деген болжамдар бар.

         С) 2022 жылы 7 сәуірде тағайындалған жаңа әкім Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы 1967 жылы туған, білімі жоғары.Байзақ ауданына басшылық етіп, 2021 жылдың 26 сәуірінен бастап Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болған.

         Нұржан Молдиярұлы қызметке келгенде «бұрынғы әкімнің ең әлсіз орынбасары басшылыққа келді» дегендер болды. Екі айда нәтиже көрсету қиын, бірақ мықты басшы болатын адам тыңғылықты жоспар ұсынуы тиіс деп ойлаймын. Әзірге көргеніміз кадрлар ауысуы, қаражаты қайдан келгені белгісіз баспасөз хатшыларының оқытылуы, Сапарбаев бар кезде жоспарланған дүниелерді бақылауы ғана.

         Екі айда нақты жоспар ұсынбаған әкіммен 2024 жылға (бұрынғы әкімдер екі жылдан басшылық еткен) тек кадрлар ауыстырумен жетіп жүрмейік.

 

Ордабаев Қанат Апрелұлы

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы мен «Интергаз Орталық Азия» АҚ Тараз магистральдық газ құбыры басқармасының директоры Ордабаев Қанат Апрелұлы 2022 жылдың 29 сәуірінде тағайындалды.

         Қанат Апрелұлы 1977 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласында туған.

1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының Алматы банк колледжінің «банк ісі жөніндегі маман», 2001 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетіннің «экономика, қаржы және несие», 2008 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «инжинер, мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Талас аудандық салық инспекциясында салық инспекторы болып бастаған.

1997 жылы «Эрфолг» ЖШС менеджері;

1998 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Бас Алматы аумақтық басқармасының жетекші кассирі;

1999 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің жетекші кассирі;

2002 жылы «ҚазТрансГаз Дистрибьютер» ЖАҚ жетекші маманы;

2003 жылы «Тараз газ басқармасы» ЖШС аймақтық менеджері;

2003 жылы «Қордай газ» ЖШС директоры;

2007 жылы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы Қордай аудандық газ бөлімінің сату жөніндегі менеджері;

2007 жылы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы Қордай аудандық газ бөлімінің басшының сату жөніндегі орынбасары;

2008 жылы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы Қордай аудандық газ бөлімінің сатылым бойынша менеджері;

2009 жылы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы Қордай аудандық газ бөлімінің басшысы;

2011 жылы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы Жамбыл аудандық газ бөлімінің басшысы;

2013 жылы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы Қордай аудандық газ бөлімінің басшысы;

2013 жылы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы Қордай аудандық газ шаруашылығының директоры;

2015 жылы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары;

2016 жылы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы Қордай аудандық газ шаруашылығының директоры;

2017 жылы «Қостанай магистральдық газ құбырлары басқармасы» филиалыэкономика және қаржы жөніндегі директорының орынбасары;

2018 жылы «Жолғай» ЖШС экономика және қаржы жөніндегі директорының орынбасары;

2019 жылдан бүгінгі күнге дейін «Монтажник» ЖШС директоры лауазымында қызмет атқарып келді.

 

Кәсіподақ қауқарлы ма?

 Қазақстандағы кәсіподақтардың басты мәселесі - батыстық үлгідегі тәуелсіз және ықпалды кәсіподақтар әлі қалыптаспаған. Біздің елде кәсіподақтар ерекше күшке ие емес, көбінесе тек мемлекет немесе бизнес құралы болып табылады. Сондықтан бізге басқа суретті елестету қиын. Сонымен қатар, батыс кәсіподақтарының қызметі қазақ тілді БАҚ-та сирек жазылады.

Маңызды нүкте - бұл жазба ешқандай саяси ұстанымды білдірмейді, сонымен қатар академиялық контексте қолдануға арналмаған. Оның міндеті – жалпы кәсіподақтар туралы білімді жақсарту.
Кәсіподақтар жалдамалы жұмысшылардың бірлестігі ретінде (негізінен өнеркәсіптік салада) олардың өте қиын жағдайына және осы салада мемлекеттік реттеудің болмауына байланысты пайда болды.

XIX ғасырда Батыс Еуропа зауыттарындағы жұмыс күнінің орташа ұзақтығы аптасына бір демалыс күнімен 12-14 сағатты құрады. Жұмысшылардың арасында кәмелетке толмағандар көп болды, мысалы, 1839 жылы Ұлыбританиядағы зауыт жұмысшыларының 46%-ы 18 жасқа толмаған. Жұмысшылар тығыз, көп қоныстанған жерлерде өмір сүрді, өнеркәсіптік қалаларда шешек, қызылша және көкжөтел сияқты аурулардан болатын өлім ауылдық жерлерде төрт есе, құрысулардан он есе жоғары болды. Сонымен бірге, жалпыға бірдей сайлау құқығының болмауы жұмысшыларға саясаткерлерге әсер ету құралына ие болуға мүмкіндік бермеді.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін батыс елдерінің үкіметтері кәсіподақтардың қысымымен, сондай-ақ коммунизмнің таралуын болдырмау үшін жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. 8 сағаттық жұмыс күні, әлеуметтік кепілдіктер, жалпыға бірдей сайлау құқығы, ұжымдық келісім құқығы енгізілді.

Батыс елдеріндегі кәсіподақтар саяси және экономикалық өмірде өте маңызды актор болып саналады. АҚШ – та 2014 жылы кәсіподақтарда жұмысшылардың 11% - ы, ЕО-да 22% - ы болды (бірақ Еуропалық Одақта үлкен айырмашылықтар бар-мысалы, Данияда жұмысшылардың 80% - ы кәсіподақ, ал Францияда тек 14%).

 Кәсіподақтар не істейді?

Еңбек жағдайлары туралы келіссөздер жүргізу және мұндай келіссөздердегі төтенше шаралар, ереуілдерге шығу туралы нақты келісімдер болады. Бірақ бұл кәсіподақтар жасайтын жалғыз нәрсе емес.

А) Біз олардың қызметінің басқа бағыттарында зерттеп көрдік:

 Саяси лобби.

Кәсіподақтар Саяси партиялар мен сайлау компанияларын қолдауға миллиондаған доллар жұмсайды. АҚШ-та кәсіподақтар негізінен демократтарды қолдайды, бірақ кейбіреулері (мысалы, полиция мен шекарашылар) республикашыларды қолдайды.

 2. Директорлар кеңестеріндегі өкілдік.

 Бірқатар елдерде кәсіподақ өкілдері компаниялардың директорлар кеңесінің мүшелері болып табылады және оны басқару туралы маңызды шешімдер қабылдауға қатысады. Германияда бұл тәжірибе заңмен бекітілген, басқа елдерде (Австрия, Дания, Ұлыбритания) компаниялар кәсіподақтармен жақсы қарым-қатынаста болу үшін немесе кәсіподақтар бірлестігі компания акционерлерінің бірі болғандықтан, мұндай шараларды өздері жасайды. Кәсіпорын директорының кадрлар жөніндегі орынбасары лауазымын осы кәсіпорындағы ең беделді кәсіподақтың өкілі алатын жағдай жиі кездеседі.

 3. Ұжымдық талаптар.

 Бір саладағы көптеген қызметкерлердің құқықтары бұзылған жағдайда кәсіподақтар оларға заңгерлік көмек көрсетеді және ұжымдық сотқа жүгінуге көмектеседі.

 4. Саяси наразылықтарға қатысу.

 Мысалы, Кәсіподақтар Франциядағы "сары көкірекше" қозғалысын қолдады, олардың талаптары еңбек құқықтарына аз ғана қатысты, негізінен салықтық реттеу және әлеуметтік саясат туралы болды.

 Б) Кәсіподақтарға сын.

 1. Кәсіподақтардың ықпалымен жұмысшылардың құқықтарын қорғайтын, бірақ бизнесті шектейтін және кедей топтарға нашар әсер ететін шаралар қабылданады. Мысалы, батыс Еуропада ең төменгі жалақының жоғары мөлшері төмен білікті жұмысшыларға кез-келген заңды жұмысқа орналасу өте қиын болуына әкеледі. Тағы бір мысал – белгілі бір кәсіптерді өте қатаң іріктеумен лицензиялау, бұл көптеген жұмысшыларға қол жетімділікті жабады.Бұған айқын дәлел АҚШ-тағы медицина саласы. Жалпы экономикаға теріс зияны бар, өйткені жасанды түрде жоғары жалақы тауарлардың қымбаттауына алып келеді.

2. Кәсіподақтардың болуы мигранттарға да зиян. Себебі кәсіподақтардың көші-қонға қатаң квоталарды лоббилеуі. Бұл жергілікті жұмысшылар үшін жоғары білікті емес жұмыс орындарын сақтап қалуға мүмкіндік береді, оларды аз жалақыға қанағаттанатын мигранттардан қорғайды. Кембридж экономисі Ха Джун Чхан өзінің 23 құпия кітабында: Швециядағы автобус жүргізушісімен мысал келтіреді, ол үнді әріптесінен 50 есе көп жалақы алады. Яғни, дамыған елде бола тұра бір жұмысты істейтін екі адамның жалақысындағы айырмашылық елу есе.

  3. Кәсіподақтар сонымен қатар тұтынушыларға үлкен зиян келтіретін ереуілдер үшін жиі сынға түседі. Кейде сонымен бірге аса маңызды емес себептерге байланысты ұйымдастырылады. Мысалы, Lufthansa ереуілі, компания жалақыны 7,8 пайызға көтерсе де,  кәсіподақ жалақыны 9,8% көтеру үшін күресті.

  4. Автоматтандыруды тежеу. Кәсіподақтардың жұмыс берушілерге қысымының арқасында автоматтандыру баяу жүреді, яғни тұтынушы қымбат тауарлар мен қызметтерді, қосымша сапасы нашар тауарларды алады.

 5. АҚШ-тағы полиция одағы ерекше назар аударуға лайық, оның лоббизмі полицияны теріс пайдалануға өте бейім заңдарға және сонымен бірге өте қаруланған полицияға ие болуға мүмкіндік береді. Бұл полицияның зорлық-зомбылық мәселесін арттырады.

 Дамушы елдердегі кәсіподақ жұмыстары.

Дамушы елдердегі жұмысшылардың проблемалары мақала басында айтқан ХІХ ғасырдағы еуропалық жұмысшылардың проблемаларына ұқсас. Нашар жұмыс жағдайлары, жалақының төмендігі, саяси өкілдіктің жеткіліксіздігі.                  Алайда, қазіргі жұмысшылардың құқықтарының нақты айырмашылығы-БҰҰ бағалауы бойынша дамушы елдердегі жұмысшылардың шамамен 60% - ы көлеңкелі секторда жұмыс істейді. Бұл кәсіподақтардың өз құқықтарын қорғау мүмкіндігі айтарлықтай шектеулі екенін білдіреді.                                                                                                                                                                                                                                                                                  Көптеген дамушы елдерде (Үндістан, Индонезия, Филиппин, Африканың көптеген елдері) кәсіподақтар саны өсуде. Нигерия, Сенегал және Оңтүстік Африка сияқты елдерде ең төменгі жалақы өсуде, өйткені кәсіподақтар тиімді жұмыс істейді. 2019 басында Үндістандағы кәсіподақтар екі күндік жалпыхалықтық ереуілді ұйымдастыра алды, оған 150 миллион адам қатысып, еңбек реформасына наразылық білдіріп, инвестициялар тарту мақсатында еңбек нарығын мемлекеттік реттеуді қысқартты.                                                                                                                                                                                                                                                                                                    Пандемия дамушы елдердегі жұмысшылардың жағдайына үлкен әсер етті. Кейбір компаниялар пандемияны жаппай жұмыстан босату үшін сылтау ретінде пайдаланды. Бангладеш, Камбоджа және Вьетнам сияқты елдердегі тоқыма және тігін өнеркәсібінің жұмысшылары іс жүзінде өмір сүруден айырылды, өйткені әлемдік сән брендтері бұрын орналастырған тапсырыстар үшін төлем жасаудан бас тартты. Банкроттық қаупіне тап болған көптеген жеткізушілер де жұмыстан босатылды. Тағы бір мысал Үндістандағы өндірістегі жазатайым оқиғалардың күрт өсуі болуы мүмкін, бұл жұмыс берушілер көбінесе ойланбастан өндірісті қолдау үшін адамдардың өмірін құрбан етеді.

 Қазақстандағы кәсіподақтар.

КСРО-да кәсіподақтар өндіріс басшылығымен тығыз байланыста болды және биліктің бақылауымен жұмыс жүргізді. КСРО ыдыраған кезде Қазақстанда жұмыс берушілердің қызметіне кәсіподақтық бақылау институты жоғалды.                  Бүгінгі таңда Қазақстандағы жұмысшылардың 40 пайызға жуығы кәсіподаққа мүше деген ақпарат бар. Бірақ бұл қағаз жүзінде ғана, тәжірибеде бұл санның азаятыны анық. Себебі халықтың басым бөлігі кәсіподақты «демалысқа жолдама беретін ұйым», «мерекеде сыйлық беретіндер» ретінде көретіні жасырын емес. Кәсіподақ жұмысының әлсіздігі түрлі еңбек дауларының шешімін тез таппауынанда байқалады.                                                                                        Қазақстандағы кәсіподақтардың батыс елдеріндегідей жұмыс істеуі және жұмысшылардың құқықтарын толық қорғауы үшін көптеген өзгерістер қажет: соның алғашқысы қоғамдық талқылауларда кәсіподақ тиімді құрал деген идеяны қоғамға түсіндіру жұмыстары жиі жүргізілуі керек. Мықты кәсіподақтың көмегімен сіз өзіңіздің еңбек құқығыңызды заңды түрде қорғай аласыз.

 Түйін.

Кәсіподақтар жұмысшылардың құқықтары үшін зұлым капиталистерге қарсы күресетін кейіпкерлер ретінде насихатталмауы керек, бірақ бізді өркендеуге жетелейтіннарықтың алдын алатын нашар адамдар ретінде де көрсетілмеуі керек. Олардың әрекеттерінің салдары әр түрлі акторларға әр түрлі әсер етеді және осы мақаладан кейін олардың қызметін түсіну оңайырақ болады деп үміттенемін.