"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Саясат

Саясат

Соңғы жылдары Қордай ауылының іргесінен орын тепкен «Болашақ» шағын ауданының инфрақұрылымын дамыту жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп келеді. Атап айтсақ, мұнда газ бен су құбыры тартылып, бірнеше көшеге жарық шамдары орнатылып, бас көшесіне асфальт та төселген. Десе де, осы аймақтың тұрғындарын көпір мәселесі көптен бері мазалап жүрген еді. Өйткені орталыққа қатынайтын азаматтар айналма жолмен жүруге мәжбүр болатын. Бұл әсіресе, жаяу жүрген жандарға қиын болғаны рас. Осыған дейін қолданыста болған кішігірім өткел сонау кеңес заманында салынып, күнделікті қатынауға арналмаған. Осыған орай аталмыш мәселе басшылықтың назарына жеткізіліп, көп ұзамай тамыз айында көпірдің құрылысы басталған еді.

Тарқата айтсақ, заманауи нысанның құрылыс жұмыстарын «Алира сервис» ЖШС жүргізіп, мердігер облыстық бюджеттен бөлінген қаражатты толықтай игерген. Су жаңа көпірден жаяу жүргіншілер де емін-еркін өте алады. Ал, көпірді түнде күн сәулесінен қуат алатын жарық шамдары жарықтандыратын болады. Әрине, ауыл тұрғындары бұл іске дән риза.

Көпірдің ашылу салтанатына аудан әкімі Болатбек Байтөле бастаған басшылық өкілдері, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты. Аудан әкімі көпшілікті мерекемен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді.

– Расында, көпір жергілікті тұрғындардың көптен күткен арманы еді. Бұл ықшам ауданнан күнделікті мыңға жуық адам айналма жолмен орталыққа қатынайтын. Бұл әсіресе, мектеп оқушылары үшін қиындық туғызды. Бүгін бұл мәселе түбегейлі шешімін тауып отыр. Сондай-ақ, болашақта жаңа көпірмен 2700 жер телімі бар «Солтүстік-Шығыс» жаңа массивінің тұрғындары да қатынайтын болады. Мұнымен атқарылған жұмыстар шектелмейді, алдағы жылы осы көпірге апаратын Төле би көшесіне кеңейту жұмыстары жүргізіліп, екі жақты жаяу жүргіншілерге арналған жол да салынатын болады. Сондай-ақ, «Болашақ» ықшам ауданындағы жолдар жасалып, жарықтандыру жұмыстарын да аяқтау жоспарда бар. Бұл алқапта бүгінде әлі толық шешімін таппаған су мәселесі 2020 жылы шешімін табатын болады. Келер жылы «Солтүстік-Шығыс» жаңа массивіне орталық магистральды құбырдан су тарту үшін қаражат бөлінді, осы құбыр арқылы «Болашақ» ықшам ауданының ауызсу мәселесін кезең-кезеңімен шешу жоспарланып отыр, – деген аудан басшысы алдағы жоспарларымен бөлісті.

Ал, өз кезегінде Қордай ауданының Құрметті азаматы Төле Сүгірбай және ардагерлер кеңесінің мүшесі Қарлығаш Жұмажанова көпшілікті айтулы күнмен құттықтап, салтанатты түрде нысанның лентасын қиды. Осыдан кейін көліктерге жол ашылып, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер көпірден өтті.

Білім мекемелерінің желісін кеңейтудің бір жолы – жекеменшік әріптестікті дамыту. Сондықтан, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы өткен республикалық тамыз кеңесінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жекеменшік мектептерді ашу бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында және Жамбыл облысының 80 жылдығына орай Қордай ауылының жанындағы «Болашақ» ықшам ауданында жекеменшік бастауыш мектеп ашылды.

 «Ернұр 550» ЖШС ашқан жаңа білім беру мекемесінің ашылу салтанатына аудан әкімдігінің өкілдері, ақсақалдар мен ықшам аудан тұрғындары, зейнеткер ұстаздар жиналды. 50 орындық мектептің ашылу рәсіміне қатысқан білім бөлімінің басшысы Елдос Нұралиев жиналған қауымды құттықтап, ізгі тілегін жеткізсе, Қордай ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдіхан Сейілханов ақсақал ақ батасын беріп, балалар тәрбиесі мен білімі үшін мұндай мектептердің маңыздылығын ерекше атап өтті. Ал, мектепті ашқан серіктестік өкілі Шолпан Тоқбергенова көпшілікке және ата-аналарға білікті де білімді мамандардан құралған ұжымды таныстырып, осы жерден білім алатын балаларға барлық жағдайдың жасалғанын айтты. Мектеп лентасы қиылғаннан кейін жиналған жұртшылық ғимараттың ішін аралап көріп, бастауыш білім беруге толықтай сай мекемеге ризашылықтарын білдіріп, құтты болсын айтты.

2019 жылы қыркүйектің 11-ші жұлдызында Студенттік құрылыс жасақтары мен "Жасыл ел" еңбек жасақтарының 15-ші жазғы еңбек маусымы тәмәмдалуына байланысты Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінде жабылу салтанаты өтті.

Іс-шара барысында Үздік болып танылған жастар бағалы сыйлықтар иеленіп, белсенді сарбаздар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Атап айтар болсақ:

«Өнерлі сарбаз» номинациясының иегері Бесараш Абзал

«Спортшы сарбаз» номинациясының иегері Таңат Бауыржан

«Үздік сарбаз» номинациясының иегері Шоқанбаев Темірхан

«Үздік командир» номинациясының иегері Туленді Дархан

«Үздік жасақ» номинациясының иегері «Жасыл ел» бағдарламасынан «Жасыл қала» отряды. Отряд командирі Сейітқұлов Диас.

«Үздік жасақ» номинациясының иегері Студенттік құрылыс жасақтарының жасағы "Құрылысшы" отряды, командирі Башир Дулат

«Ең Үздік жасақ» номинациясының иеленген«Green world» отряды. Отряд командирі Пернеқұл Жасұлан.

Іс-шара барысында Үздік болып танылған жастар бағалы сыйлықтар иеленіп, белсенді сарбаздар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында 32 миллион теңге көлемінде қаржы бөлініп, бос тұрған ғимарат  сатып алынып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Бөлінген қаржыдан 28 млн теңге шамасындағы қаржы игерілгенін айта кету керек. Жыл бойы жүргізілген жөндеу жұмыстары аяқталған тарихи-өлкетану музейі Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің бір бөлімшесі ретінде жұмысын жалғастыратын болады.  Аталған музей археология, этнография, тарихи кезеңдер, Шу өңірінің тарихы және Тәуелсіз Қазақстан сынды 5 бөлімнен тұрады. Жалпы  4275 жәдігер жинақталған.Музейдің ашылу салтанатында лента қию рәсімі өтіп, ол Құрметке аудан әкімі Ж.Айтақов пен күйші-композитор Ә.Желдібаев лайық болды. Ақ жаулықты аналар шашу шашты.  Ауыл ақсақалдары, мәдениет қызметкерлері, ұстаздар, жастар музей ішін аралап, экспонаттармен танысты. Алған әсерлерімен бөлісті.

 

 

 

 

 

 

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында 32 миллион теңге көлемінде қаржы бөлініп, бос тұрған ғимарат  сатып алынып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Бөлінген қаржыдан 28 млн теңге шамасындағы қаржы игерілгенін айта кету керек. Жыл бойы жүргізілген жөндеу жұмыстары аяқталған тарихи-өлкетану музейі Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің бір бөлімшесі ретінде жұмысын жалғастыратын болады.  Аталған музей археология, этнография, тарихи кезеңдер, Шу өңірінің тарихы және Тәуелсіз Қазақстан сынды 5 бөлімнен тұрады. Жалпы  4275 жәдігер жинақталған.Музейдің ашылу салтанатында лента қию рәсімі өтіп, ол Құрметке аудан әкімі Ж.Айтақов пен күйші-композитор Ә.Желдібаев лайық болды. Ақ жаулықты аналар шашу шашты.  Ауыл ақсақалдары, мәдениет қызметкерлері, ұстаздар, жастар музей ішін аралап, экспонаттармен танысты. Алған әсерлерімен бөлісті.

 

 

 

 

 

 

 

Қайырымдылық жасау – асыл қасиет. Жүрегінің жылуы мол азаматтар жақсылық жасауға бейім тұрады. Қоғамда қайырымды жандар көбейсе, ізгілік пен игіліктердің есігі ашылады.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындаған міндеттерге қолдау көрсетіп, туған жердің өркендеуіне елеулі үлес қосып, қамқорлыққа зәру жандарға қол ұшын созып жүрген мәрт азаматтарға құрмет көрсетіліп жатады.
Кеше, К.Әзірбаев атындағы саз мектебінде “Жомарт жүрек” сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов сөз сөйлеп, бұл шараның мән-маңызына тоқталды. “Кең болсаң-кем болмайсың» деген ғибратты сөзге сүйене отырып, қолында бар мүмкіндікпен бөлісіп, туған жер – туған еліне санамен қызмет етіп жүрген азаматтарды дәріптеу арқылы жастарды елжандылыққа тәрбиелейтіндігін жеткізді.
Мұнан соң салтанатты жиын жомарттықты жолдас, мәрттікті жанына серік ете білген азаматтарды марапаттау рәсіміне ұласты.
“Жомарт жүрек” сыйлығының “Туған жер” аталымына елді мекендерді абаттандыруға, яғни көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырған Төлепберген Сейтқадыров ие болды. “Жүректен жүрекке” номинациясы аз қамтылған, көпбалалы жанұяларға, жетім балаларға қайтарымсыз көмек көрсеткен Ердос Иманқұловқа табыс етілді. Ал, “Жыл тұлғасы” номинациясы белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметтеріне байланысты Мұрат Тлеулиевке, “Жылдың үздік ұйымы” аталымы әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық жобаларды және қоғамдық маңызы бар шараларға бас демеушілік жасаған “Әулиеата-Феникс»” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Фарида Жүнісоваға, “Ерен еріктілік” аталымы волонтерлық қызметтерге белсенді қатысқаны үшін Ақжол Белқожаевқа табысталды. 
Аталған азаматтарға және ұйымға Диплом және ескерткіш сыйлықтар табысталды.
Қолында барын халықтың игілігіне, қайырымдылыққа жұмсап, көмегін аямаған жаны жайсаң жандардың атынан сөз алған Төлепберген Сейтқадыров жүрекжарды лебізін білдіріп, ұйымдастырушыларға алғысын айтты.
Шара қатысушыларына аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әндерін тарту етті.

Іс- шараның басты мақсаты - Ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын атап өту, шығармашылығын, асыл мұраларын насихаттау, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі қағидаларын орындау. Елімізде жарияланған Жастар жылы аясында дана Абайдың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу. Байқауға Жамбыл облысы Полиция департаментінің полицейлері сыңға түсті. Барлығы 18 қатысушы.Алғашқы сөз кезегі - Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ералин Бақытжан Ерболатұлына берілді. Ол өз кезегінде барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен Абайдың 175 жылдығын тойлау туралы заңға қол қойылып, халқымыз - ел болып, Ұлы Абайдың рухына тағзым етіп, айтулы эстафетаны мемлекеттік деңгейде жер-жерлерде өткізіп жатқанда, біз де өз үлесімізді қосқанды жөн көрдік»- деп атап өтті.Қазылар алқасы құрамында: Жамбыл облысы Ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары Б.Бегалиев, Жамбыл облысы ІІО Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары А. Арқабаев, Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық офисі басшысының орынбасары Б.Қадырбек, Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Э.Абдинова болды.Қатысушылар көрермендерді Абай атамыздың қара сөздерін жатқа оқып тәнті етсе, ал бірі әндерін шырқап көрермендер көзайымына айналды.Байқау соңында әділқазы алқасы шешім шығару оңайға түспегенін айтып өтті. Сөз алған Жамбыл облысы «Рухани жаңғыру» жобалық офисі басшысының орынбасары Қадырбек Бекжан басшылық атынан барлық қатысушыларға алғыс хат пен арнайы сыйлықтар табыс етті.Тартысты өткен байқауда жүлделі 3-ші орынды Шу АПБ учаскелік полиция инспекторы Бауыржан Төлеубай иеленіп, 2-ші орын ПД Жедел криминалистикалық басқармасының аға криминалисі Ақбота Махамбетоваға бүйырса, үздік болып - Сарысу АПБ учаскелік полиция инспекторы Руслан Мусаев танылды.

Жастар саясаты басқармасы және Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен облыс жастары арасындағы "Әулиеата жауһарлары" тарихи-танымдық экспедиция өз жұмысын бастаған болатын. Негізгі мақсаты Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында белгіленген тапсырмаларды және «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі Тұжырымдамасының ІІ кезеңін іске асыру мақсатында жастар арасында жалпыұлттық патриотизмді қалыптастыруға, өлкетанушылық ақпаратты жинауға, туған өлкенің тарихы мен мол рухани құндылықтары туралы білімдерін арттыруға, белгілі бір аймақты тану мен зерттеуге бағытталған. Жастарды облыстан шыққан танымал тұлғалардың өмір жолымен, облыстың тарихи-археологиялық орындарымен, халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерімен (ертегілер, аңыз әңгімелер мен әпсаналар, қиссалар мен эпостарымен)таныстыру, қазақстандық патриоттық сана-сезімін нығайту, жастарды іс-шараға қатыстыру арқылы қоғамдық-саяси өмірге тарту және мәдени, рухани құндылықтарын арттыру. Бүгін тарихи-танымдық "Әулиеата жауһарлары" атты экспедиция жеңімпаздары марапатталды. Шара қорытындысы бойынша І орынды Шу ауданы командасы иеленсе, ІІ және ІІІ орындарды Тараз қаласы мен Сарысу ауданы командалары өзара бөлісті. Сондай-ақ, әр командадан "Үздік фото-видео ақпарат" номинациясы бойынша жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.#Жамбылжастары#молпол#Жастаржылы2019#JJJ#JASTARJAMBULJAUHAR

 

Его презентация успешно прошла в таразском Доме дружбе при поддержке областного управления культуры, архивов и документации и региональной ассамблеи народа Казахстана. Поддержать автора книги пришли его друзья, близкие, коллеги по перу, ценители искусства и слова, а также представители туристической отрасли, науки и культуры.

Название книги Михаила Тё говорит само за себя: она посвящена наиболее известным памятникам истории и культуры, священным и необычным природно-ландшафтным объектам, расположенным на территории города Тараза и Жамбылской области. В основу издания легли материалы, которые в течение трех лет в рамках программы «Рухани жаңғыру» Михаил готовил для республиканской газеты «Казахстанская правда», где в настоящее время работает собственным корреспондентом. Прежде всего в своей книге он рассказал о происхождении на Великом Шелковом пути древнего города Тараза и его главных святынях - мавзолеях Айша биби, Бабаджи хатун и Карахана. Отдельные главы издания посвящены таким историко-культурным объектам, как дворцовый комплекс Акыртас, средневековое городище Орнек, мавзолей Тектурмас, караван-сарай Торткуль, раннеисламская мечеть, урочище Жайсан, родник Аулие Бастау, роща Топ агаш и другие. Все эти сакральные места особо почитаются в народе, о них сложены легенды, сюда съезжаются паломники со всего мира, чтобы помолиться и попросить помощи Всевышнего. Местные жители свято верят в чудотворность этих удивительных объектов древности и считают, что здесь можно получить исцеление. Обо всем этом М.Тё в доступной словесной форме рассказывает в своей книге, опираясь на собственные наблюдения и рассказы очевидцев. Примечательно также, что автор приводит предположения не только древних, но и современных исследователей и историков. По словам Михаила, ему пришлось изучить немало литературы и периодических изданий, но главным источником информации стали специалисты в своем деле, жамбылские эксперты в области археологии, истории, краеведения, туризма и спорта. Он выражает благодарность за помощь в сборе информации археологу-краеведу, директору ТОО «Научная организация «АРК» Искандеру Торбекову, бывшему директору государственного заповедника-музея "Памятники древнего Тараза" Такену Модакынову и главному хранителю фондов учреждения Анне Крокошевой, руководителям областных управлений туризма Карлыгаш Аралбековой, культуры, архивов и документации Дуйсенали Быкыбаеву, директору турцентра "Золотой караван" Альбине Веймер и другим. Во время презентации в адрес автора книги прозвучало много хороших отзывов и теплых слов. Таразцы знают Михаила Тё не только как профессионального журналиста, работавшего в областных газетах «Знамя труда», «Магнолия», но и как замечательного художника, поэта, музыканта и просто настоящего патриота своей страны и края, хорошего мужа и отца. 

- Эта книга о самом сокровенном, о наших святынях, достоянии национальной культуры. Вклад Михаила в нашу историю бесценен. Он показал, как нужно любить свою Родину и гордиться своей землей, - отметила редактор городской газеты «Jambyl-Taraz», депутат городского маслихата Эльмира Мырза-Гали. Сам Михаил выразил надежду, что его книга достигнет своей цели - попадет в поле зрение неравнодушной читательской аудитории, пробудит интерес местных жителей к истории родного края, будет способствовать патриотическому воспитанию подрастающего поколения и привлечет еще больше гостей в область. Того же ожидают от издания те, кто сегодня так или иначе связан с туристической сферой. Михаил Тё внес большой вклад в развитие туризма области, ведь здесь немаловажное значение имеет реклама - человек сначала услышал или прочитал, а потом увидел. Жамбылская область богата уникальными историческими объектами, которые достойны внимания. Мы надеемся, что благодаря этой книге о нашем крае узнает еще больше людей со всего мира. В ближайшем будущем необходимо издать ее на трех языках, - сказала А. Веймер.Книга бесценна еще и тем, что в ней использованы снимки как самого автора, так и известных фотографов региона – Юрия Кима, Виктора Барбаша, Агадила Рысмахана и других. К каждой главе прилагаются уникальные фотографии, что делает текст более интересным для читателя, который, можно сказать, виртуально переносится в описываемые места. Благодаря такому щедрому иллюстрированию книгу хочется держать в руках, перелистывать страницы и, конечно, читать. Дизайн и верстку книги Михаил сделал самостоятельно, так как он еще и профессиональный дизайнер, его первое высшее образование связано с художественным оформлением и дизайном. Заместитель руководителя областного управлении культуры, архивов и документации области Сара Мадиева вручила Михаилу благодарственное письмо. Честь разрезать символичную красную ленту на стопке первоизданных книг была предоставлена заместителю областного филиала партии «Nur Otan» Ерканату Манжуову. Он также поздравил автора книги, пожелав ему дальнейшего роста. Приятным сюрпризом для Михаила стал подарок, сделанный его родной школой. Учащиеся и педагоги гимназии № 40, где Михаила Тё хорошо помнят и гордятся им, подготовили свое поздравление и помогли украсить мероприятие. Ребята читали стихи М. Тё, а также подпевали ему во время исполнения авторской песни, посвященной родному городу. Презентация книги прошла в душевной, дружественной обстановке благодаря профессиональному ведущему Михаилу Платову.Тираж книги «Сакральный Казахстан. Святыни древнего Тараза» ограничен по причине того, что автор издал ее на собственные средства. Большая часть книг была просто подарена друзьям, коллегам и тем, кому она будет действительно полезна. Однако приобрести книгу по довольно недорогой цене уже изъявили желание многие жители города. Те, кто ее прочитал, благодарят автора за его труд и оставляют только положительные отзывы. Кроме того, часть книг отдана на продажу в туристические павильоны региона, в частности, находящиеся возле мавзолеев Айша биби и Карахана. Редакция газеты «Магнолия», где когда-то работал Михаил Тё, присоединяется ко всем поздравлениям и желает ему дальнейших творческих успехов, достижения поставленных целей, новых интересных идей и проектов.                                                        

                                                                                                                                                                           

 

Екатерина САФОНКИНА

 

Елбасының бастамасымен басталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, бұл шын мәнінде, ұлттық деңгейдегі ауқымды жоба. Ол қоғам тіршілігінің барлық саласын қамтитындығымен бірегей. Оны қазіргі кезеңдегі және ұзақ мерзімді перспективадағы қазақстандық қоғам дамуының өзіндік идеологиялық платформасы деп батыл айтуға болады. Бүгінде бұл бағытта ілкімді істер атқарылып, жүйелі жұмыстар қолға алынуда. Осы тақырыпта «Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық офисі» мекемесінің басшысы Серікбол Берікқожамен әңгімелескен едік.

«ҰРПАҚ САНАСЫН ЖАҢҒЫРТУДЫҢ КЕПІЛІ»

– Серікбол Қайратұлы, биыл ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына екі жыл болды. Осы екі жылда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы облысымызға не берді? Өзіміздің киелі жерлерімізді өзгелерге таныта алдық па? Өзіміз қаншалықты таныдық?

– Бүгінгі таңда біз «Руxани жаңғыру» бағдарламасы қоғам дамуының идеологиялық платформасына айналды десек қателеспейміз. Бағдарламаның «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Ауыл – ел бесігі», «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру», «100 жаңа оқулық», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» арнайы жобаларымен «Бәсекеге қабілеттілік», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы», «Сананың ашықтығы» атты негізгі бағыттары өскелең ұрпақтың санасын жаңғыртудың кепілі болып отыр.

Елбасының бағдарламалық мақаласында алға қойылған мақсаттар мен міндеттер негізінде осы 2 жылдың ішінде облысымызда ірі жобалар мен бастамалар легі талай белестерді еңсеріп, қыруар тірліктердің тамырына қан жүгіртті. Өскелең ұрпақтың бойында отаншылдық, туған жерге деген құрмет сынды құндылықтарды сіңіре білді.

2017-2018 жылы жалпы көлемі 2,5 миллиард теңгеге барлығы 230 жоба жүзеге асырылып, оған 620 мың адам қамтылды. Қазіргі таңда облыс аумағында тұрақты түрде мониторинг жүргізу қолға алынған. Жүргізілген мониторингтің қорытындысы бойынша Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын халықтың 96 пайызы білетінін және аталмыш бағдарламаға қатысы бар екенін жеткізген.

Ал, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» базалық бағыты бойынша Қазақстанның киелі жерлері картасының тізіміне Жамбыл облысынан 53 тарихи-мәдени нысан, оның ішінде 8 жалпыұлттық нысан, 45 нысан өңірлік деңгейде енгізілді. Атап айтар болсам, Меркі-Жайсан түркі ғұрыптық кешені; Ақыртас бекінісі (VIII-IX ғ.); «Ежелгі Тараз қалашығы» (І-ХІХ ғ.); «Тектұрмас» кешені (ХІV ғ.); «Қарахан» кесенесі (ХІІ ғ.); «Айша бибі» кесенесі (ХІ-ХІІ ғ.); «Бабажы хатун» кесенесі (ХІ-ХІІ ғ.); «Байзақ батыр Мәмбетұлы» кесенесі. Барлық 35 нысанның GPS координаттары жасалып, нысандарға қолжетімділік толықтай қамтамасыз етілген. Бұл нысандар Тараз қаласының 44 туристік мекемелері маршруттарына енгізіліп, еліміз бен алыс-жақын шетелдерден келген туристерге таныстырылуда. Киелі жерлердің картасына енген 8 жалпыұлттық нысандардың тарихы туралы арнайы деректі фильмдер түсіріліп, көпшілік назарына ұсынылған болатын. Бұл деректі фильмдер әлеуметтік желілерде де қолжетімді. Сонымен қатар, аталмыш нысандарға баратын жолдар жөнделіп, ондағы инфрақұрылымдар мен қызмет көрсету сапасы жақсартылды. Қазіргі таңда облыс әкімдігінің туризм басқармасымен бірлесе отырып іс-шаралар ұйымдастыруды тұрақты түрде қолға алдық.

Тоқталып өтетін болсам, «Тараз жеріне тағзым» атты жас турист фестивалін өткіздік.  Фестиваль аясында Тараз қаласының және жақын орналасқан аудандарының тарихи-мәдени нысандары мен көрікті жерлеріне экскурсиялық турлар өткізілді. Оған Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарының орта мектептері мен колледждерінен 500-ден аса оқушылары қатысты.

Экскурсиялық турлар Тараз қаласының келесі тарихи нысандарын қамтыды: «Көне Тараз» тарихи-мәдени саябағы, «Тектұрмас», «Қарахан», «Дауытбек», «Айша Бибі» мен «Бабажы хатун» кесенелері, «Ерте ислам мешіті», «Қазақ хандығына 550 жыл» ескерткіші және «Ақыртас» сарай кешені.

«Тараз – өткен мен болашақтың түйіскен қаласы» тарихи-өлкетану конференциясы ұйымдастырылды. Жамбыл облысының Жамбыл ауданында сиқырға толы «Ақыртас» сарай кешенінде өтті. Конференцияда жасөспірімдер туризмін дамыту перспективалары мен мәселелері талқыланды. Конференцияға облыстың барлық аудандарынан, Тараз, Алматы, Түркістан қалаларынан, Алматы және Түркістан облыстарынан 100-ге жуық адам қатысты.

Жуалы ауданының Берікқара шатқалында «Қызғалдық – Жамбыл облысының табиғи мұрасы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Конференцияның негізгі мақсаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында бағытталған және қазақстандық патриотизм рухына жастардың Грейг, Кауфман, Зинаида, Борщов, Колпаковский қызғалдақтары сияқты эндемиялық өсімдіктерге ұқыпты қарауға шақыру жолымен белсенді қатысуын көздейді. Қазақстанда жабайы қызғалдақ түрлерінің 40-тан астам түрі өседі, олардың 20-сы Жамбыл облысында гүлдейді. 12 түрі 2007 жылы Қызыл кітапқа енгізілген, оның ішінде Грейг пен Кауфман қызғалдақтары да бар.

– Ағымдағы жылдың ақпан айында Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысымен «Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық офисі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған болатын. Осы жаңадан құрылған мекеменің басшысысыз. Жалпы, мекеменің құрылудағы мақсаты мен жоспары қандай?

– Иә, «Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық офисі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі облыс әкімдігінің 2019 жылғы 19 ақпандағы №24 қаулысына сәйкес құрылды. Мекеме қызметінің мәні қоғамдық сананы жаңғырту болып табылады. Ал мақсаты – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» жобасының жүзеге асырылуын бақылау, бағдарламалық мақаланың «Бәсекеге қабілеттілік», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы», «Сананың ашықтығы» бағыттары, «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру», «100 жаңа кітап», «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет»,  «100 жаңа есім», «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобалары мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Архив-2025», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Түркі әлемінің генезисі», «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы», «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» арнайы жобалары аясында жұмыстар жүргізу.

Алдағы уақытта көптеген іс-шаралар мен жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Осы мақсатта жобалық офис басқармалардағы, аудандар мен қаладағы бағдарламаны іске асыратын жауапты қызметкерлермен, үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшыларымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғам белсенділерімен кездесулер өткізілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын одан әрі дамыту барысы талқыланып, ұсыныстар жиналды.

Басты маңызды жобаларға тоқталып өтейін. Алдағы уақытта «Әулиеата үміті» сыйлығын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Мақсаты – жас таланттардың еңбегін бағалау, ынталандыру. Мұның басты ерекшелігі әр номинация бойынша сол саланың шырқау шегіне жеткен облыстың беделді азаматтарының марапатталуы. Жамбыл даңқты және талантты тұлғалардың кіндік қаны тамған жері десек артық емес. Оларды тәрбиелеп ұшыратын мекен. Міне, сол азаматтар өзінен кейінгі ұрпаққа сенім білдіре отырып, «Сен осы өңірдің менен кейінгі жарық жұлдызы болуың тиіс» деген ұранмен жастарға ынта береді деген сенімдемін.

Облысымыздағы қайырымды жандар мен кәсіпкерлерді ынталандыру мақсатында «Жомарт жүрек» облыстық байқауын ұйымдастыруды да қолға алып отырмыз.

Сонымен қатар, «Қазақстанның сакралды географиясы» жобасы аясында «Жайнаған Жамбылым» атты фотожинақ басып шығару, «Туған жерге туыңды тік!» форумын өткізу, «Латын әліпбиі – рухани тұтастық негізі» атты республикалық конференция ұйымдастыру көзделуде.

Облысымыздағы ақындар мен жас ақындардың байланысын нығайту мақсатында ақындардың сайысын, ұлттық спортты дамыту мақсатында тегін үйірмелер мен іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. «Ұлы даланың ұлы есімдері» атауымен «Саналы TALKS» интеллектуалды кештерін, «Қоғамдық лекция» әлеуметтік жобасын, «Жамбыл жауһарлары» атауымен облысымыздың тарихи-мәдени кешендері мен табиғатын, көрнекті жерлерін дәріптеу мақсатында облыстық фото көрмесін де қолға алсақ деген жоспар бар.

«ӘР ЗАМАННЫҢ ҰРПАҚҚА ҚОЯР ӨЗ ТАЛАБЫ, ӨЗ МІНДЕТІ БАР»

– Әрине, жаңадан құрылған мекемені аяққа тұрғызуда мамандардың білікті болуы маңызды екендігі түсінікті. Яғни, қызметкерлер қабылдауда неге баса мән бердіңіздер?

– Дұрыс айтасыз. Жаңа ашылған мекемені аяқтан тұрғызу, ондағы кадр саясатын жүргізу оңай тірлік емес. Өзіңіз білесіз, мен 10 жылға жуық уақыт идеология саласында қызмет етіп келемін. Бірнеше үкіметтік емес ұйымдар мен қауымдастықтарды басқардым. Қалалық «Жас Отан» жастар қанатының тізгінін ұстадым. Алайда, мемлекеттік мекемеде бірінші рет басшылық қызметке тағайындалып отырмын. Мекеме қызметкерлерінің барлығы жаңадан қабылданған азаматтар. Офис жобаларды дамыту және қоғаммен байланыс деген екі бөлімнен тұрады. Жалпы, 10 штаттық бірлікпен құрылды. Қазіргі таңда барлық қызметкерлер толық қабылданып, материалдық-техникалық базасы жасақталды. Ендігі мақсат – облыс көлемінде жұмыс жүргізудің жүйелігін қалыптастыру.

Енді Сіздің сұрағыңызға жауап беретін болсам, мен ең алдымен адамның ынтасын, жігері мен қабілетін бірінші орынға қоямын. Себебі, ниет болмаса, істен қайыр болмайтынына көзім жеткен. Қоғамда білімді азаматтар көп, алайда қабілеті мен кейбірінің жұмысқа деген ниеті жоқ. Міне, сондай азаматтармен жұмыс жүргізу өте қиын. Қанша азаматтармен жұмыс жүргіздім, жай уақыт өткізіп, жалақысын тұрақты түрде алып, ұзақ уақыт бір орында отыра бергісі келеді. Бастысы, сол мекемені дамытуға, қоғамды өзгертуге және өзін дамытуға ұмтылатын азаматтарды бағалаймын. Сол себепті барлық қызметкерлерді қабылдағанда олардың ниеті мен ынтасын, қабілеті мен жігерін қарадым. Барлығы жас мамандар. Енді олардың біліктілігін арттыру мақсатында оқыту курстарына қатыстыруды, олардың идеяларына қолдау көрсетуді қолға аламын.

– Еліміздің әр түкпірінде «Рухани жаңғыру» айдарымен қисынды-қисынсыз шаралар көбейіп кетті деген пікірлерді көп естиміз. Сіздің ойыңызша, бағдарламаның бастапқы мақсаты қаншалықты орындалып жатыр?

– Әр заманның ұрпаққа қояр өз талабы, өз міндеті бар. Мәдениеттің, мемлекеттің жүйелі түрде дамуы ұрпақтың уақыт талабына икемделуінсіз жүзеге асқан емес. Ұлттың тарихи санасының қалыптасу негіздерінің өзінде уақыт талабына бейімделуге, мәдени ортаны қалыптастыруға деген ұмтылысы жатыр.

Иә, Сіз айтқан пікірлерді естіп жүрмін. Бұл бағдарламаны түсінбеген, бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндеттерінен хабары жоқ адамдардың пікірі әрі әрекеті деп айтуға болады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы қоғамның барлық саласын қамтиды деген ойдамын. Оның әрбір бағыты бір саланы дамыту, жетілдіру және қоғамдық сананы өзгерту мен сананың ашықтығын қалыптастыру болып табылады.

Бағдарлама қойған нақты тапсырмалар жоғары деңгейде іске асуда деп есептеймін. Оның ішінде өзіміздің өңірге тоқталып өтсем. 2019 жылдың 21 қаңтарында облыс әкімімен барлық арнайы жобалар қамтылған салааралық іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспар бойынша барлығы 83 ірі іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланған. Жоспар аясында жүзеге асырылатын іс-шараларға облыстық бюджеттен 304,3 миллион теңге қаражат жұмсау көзделген. Сондай-ақ, жоспардан тыс іс-шаралар да тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қоғам тіршілігінің барлық саласын қамтиды. Ұлттық рухты көтерудің нақты жолдары мен шешімдері, басымдықтары мен руханиятымызды жаңғыртуға арналған арнайы жобасы да айқындалып берілген.

«ОТАНДЫ СҮЮДІҢ ІРГЕТАСЫ АЛДЫМЕН ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКТЕН ҚАЛАНАДЫ»

– Бағдарлама аясында бірқатар әлеуметтік жобалар жүзеге асып жатқанын білеміз. Осы ретте кәсіпкерлердің белсенділігі қандай? Туған жеріне туын тігіп жатқан азаматтарымыз жайлы не айтасыз?

– «Отанды сүю отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Яғни, Отанды сүюдің іргетасы алдымен туған жерге деген сүйіспеншіліктен қаланады. Әр адамның өзінің шығу тегі мен тамыры тереңге жайылған туған өлкесі бар. Міне, осы негізде бағдарламаның «Туған жер» жобасының «Атамекен» кіші бағдарламасы бар.

Қазақ әр уақытта барын жақсылыққа, қуанышқа шашуды жақсы көретін, қаны тектілікте жатқан халықпыз ғой. Сол себепті бұл бағыттың жақсы дамып келе жатқанын қуанышпен айтуға болады. Зиялылықтың бірінші шарты адамның туған жерге, халыққа және ұлт болашағына деген шынайы жанашырлығынан бастау алмақ.

Аталмыш жобаны өңірімізде жүзеге асыруда екі жылдың ішінде бірқатар жұмыстар атқарылды. Жалпы сомасы 2 миллиард теңге көлемінде 129 жоба, 13 іс-шара ұйымдастырылды. Олар 4 тұрғын үй, 8 пәтер, 11 спорт нысаны, 2 аллея, 1 музей, 1 медициналық пункт, 23 инфрақұрылымды дамыту, 29 әлеуметтік көмек және 50 өзге де жобалар жүзеге асырылған болатын.

Ал, ағымдағы жылдың осы уақытына дейін демеушілік және меценаттық көмектер есебінен «Туған жер» арнайы жобасының «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша 828 млн теңгеге 59 жоба (24 тұрғын үй, 2 саябақ, 3 балабақша, 4 спорттық нысан, 2 мешіт, 7 инфрақұрылымды дамыту жобасы, 13 әлеуметтік көмек пен 4 басқа да әртүрлі жоба) іске асырылды. Мысалға, Тараз қаласындағы «Атшабар» сквері жаңғыртылып, «Жастар аллеясы» деп қала игілігіне берілді, Қордай, Т.Рысқұлов, Жуалы аудандарында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына тұрғын үй берілді, Талас ауданында тас жол абаттандырылып, көшелер жарықтандырылды. Мұның барлығы біздің кәсіпкерлеріміз бен қалталы азаматтарымыздың өз туған жерлеріне туын тігуі деп есептеймін.

Жыл соңына дейін жалпы сомасы 1,4 миллиард болатын 29 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.  «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі» арнайы жобасы аясында озық өнер мен технология үлгілері негізінде музейлер, өнер және мәдениет орталықтарын қазіргі заманғы талапқа сай жүйеге келтіру болып табылады. Осы бағытта облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің бастамасымен «Шахристан» этно-мәдени кешенінде «Өлкетану» музейі, «Қолөнер шеберлері», «Руханият» орталықтарының құрылысы басталды.

Міне, осындай жақсы жобалармен облысымыз мақтана алады. Ал, осы меценаттарымызды ынталандыру мақсатында өткен жылы «Жомарт жүрек» республикалық байқауы өткізілді. Біздің облысымыз байқаудың 4 номинациясын жеңіп алды. Олар «Жыл меценаты» номинациясымен «Alga Diamond» ЖШС директоры Жанболат Бекмұсаев, «Жыл тұлғасы» номинациясымен «Шәушен» шаруа қожалығының басшысы Сайранбай Дөненбаев, «Туған өлке» номинациясымен ТИГУ ректоры Ерболат Саурықов, «Ерен еріктілік» номинациясымен Айгүл Разақова.

– Аталған мақала аясында келешек жастардың білім алуына алдыңғы қатарлы мемлекеттердің озық тәжірибелерін оқыту үрдісі енгізілді. Ол – «Гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы. Бұл жоба өңірде қалай іске асырылуда?

– Бағдарламаның «100 жаңа оқулық» жобасының негізгі мақсаты – мемлекеттік тілде гуманитарлық білім бағыттары бойынша студенттердің толыққанды білім алу үшін жағдайлар жасау, әлемнің озық оқулықтарын түп нұсқадан қазақ тіліне аудару.  Бүгінгі таңда жоба аясында аударылған 19 кітаптың 7 000-ға жуығы облысымызға келді.

Аталған кітаптар облыстық, қалалық, аудандық және жоғары оқу орындарының кітапханаларына берілді. Қазіргі таңда кітаптардың электронды үлгілері әзірленіп, интернет желілеріне орналастырылған. Жобалық офис кітаптардың QR-кодтарымен арнайы тақтайшалар әзірлеп, Тараз қаласы мен аудан орталықтарындағы адам көп шоғырланатын орындарда орналастыруды қолға алуда.

Сонымен қатар, Жобалық офис М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің қолдауымен апта сайын әр кітаптың таныстырылымын өткізіп келеді. Кітапты толық оқыған оқытушылар мен студенттердің пікірлері мен олардың ойлары ортаға салынады. Осы жылы 30 кітап аударылып, оқырманға таныстырылады деп жоспарлануда.

– Жалпы, жаңғыру – жазудан басталады деп жатамыз. Осы орайда,бағдарламалық мақалада 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшугекірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екені қадап айтылған. Аймақта бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылуда?

– Өткен жылы ҚР Премьер-министрі болған Бақытжан Сағынтаевтың 2018 жылғы 13 наурыздағы №27 Өкімімен Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына  2025  жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген еді. Осыған сәйкес облыстық іс-шаралар жоспары әзірленіп, жүйелі жұмыстар жолға қойылған.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің жанынан Латын әліпбиін үйрету оқу-әдістемелік кабинеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде «Қазақ филологиясы және латын графикасын оқыту әдістемесі» кафедрасы, облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығында «Рухани жаңғыру: латын әліпбиі» кабинеті ашылып, латын негізді қазақ әліпбиіне көшу жөнінде облыс тұрғындарына әдістемелік көмектер көрсетілді.

Өткен жылы барлық өңірде бір мезетте ұйымдастырылған жалпыхалықтық диктант жазуға облыс бойынша 127 мыңнан астам адам қатысып, жоғары дайындықтарын көрсетті.

Латын графикасына негізделген қазақ жазуын түсіндіру, азаматтардың жаңа әліпбиді үйренулеріне мүмкіндіктер жасау мақсатында облыстық тілдерді дамыту басқармасы тарапынан 4 әлеуметтік жоба аясында 120-дан аса іс-шаралар өткізіліп, оған 150 мыңға жуық адам қамтылса, биылғы жылы 2 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.

2019 жылдың осы уақытына дейін латын негізді әліпбиді өңір тұрғындарына түсіндіру мақсатында 73 іс-шара өткізіліп, оған 21 мыңнан астам адам қамтылды.

«ӨРКЕНИЕТТІ ЕЛДЕР ТАРИХИ КИНОЛАРЫ АРҚЫЛЫ ӨЗДЕРІН ТАНЫТА БІЛЕДІ»

 Биыл «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы өз жұмысын бастап жатыр екен. Бұл бойынша қандай іс-шаралар атқарылады? Жалпы, жобаның мақсаты қандай?

– Естеріңізде болса, Елбасы 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғырту және ауылдық жерлерде еңбек идеологиясын ілгерілету міндеттерін алға қойып, оған қол жеткізу үшін «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске қосуды тапсырған болатын.

Бұл жобаның негізгі мақсаты – ауылдық аумақтар, қоғамның ауылға деген көзқарасын өзгерту және ауылдағы еңбек адамы мәртебесінің жоғары екенін танытуға бағытталған қоғамдық сананы жаңғырту мен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту. Жоба аясында «Қарқынды бақтар біздің болашақ» атты елдімекендерде көктемде бақтарды отырғызу, күзде жинау акциялары ұйымдастырылып, бақтарда «Экологиялық тазалық» атты экологиялық тазалау акциялары жүзеге асырылып жатыр.

Жоба аясында алдыңғы уақытта ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген үздік шаруа қожалықтарды аудан және облыс көлемінде анықтау мақсатында «Үздік фермер» байқауы мен «100 жаңа фермер» жобасын, «Жыл фермері» республикалық конкурсы, ауыл еңбеккерлеріне мемлекеттік марапаттар мен бірқатар жеңілдіктер енгізу, ауыл тақырыптарында сериал, көркемдік және деректі фильмдер шығару жоспарланып отыр.

Облыс көлемінде арнайы жоба аясында 135 жобаны іске асыруға 3,9 млрд. теңге қаралып отыр. Қазіргі таңда жобаларды іске асыру жұмыстары басталып кетті.

– Бағдарламалық мақаланың «100 жаңа есім» дейтін керемет жобасы бар. Өкініштісі, осынау жобаға биылдыққа өңірден ешқандай азамат ілінбепті. Мұның себебі неде?

– Иә, дұрыс айтасыз. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» базалық жобасы тізіміне екі жылдың қорытындысы бойынша облысымыздың 8 азаматы енді. Олар кәсіпкерлер Сембек Сейдазимов, Әбдібек Пошкаев, спортшылар Зульфия Габидуллина, Ақжүрек Таңатаров, Бауыржан Исламхан, полиция сержанты Ғалым Арыстанбаев, дирижер Ерлан Бақтыгерей, нейрохирург Марат Саршаев. Жоба жеңімпаздарымен кездесулер, сұхбаттар өткізіліп, олардың қызметі туралы ақпараттар, билбордтар облыс көлемінде ілінді. Олардың өмір және еңбек жолдары жастарға үлгі ретінде бейнероликтер арқылы таныстырылды.

2019 жылдың қорытындысы бойынша жобаның екінші кезеңіне облыстан 66 үміткер республикалық іріктеу кезеңіне жіберіліп, онлайн дауыс беру кезеңіне 5 кандидат қатысты. Олар Ғани Құттымұратов (медицина), Қасым Аманқосов, Кенен Ақүрпеков (мәдениет), Дмитрий Трубин (спорт), Руслан Төлегенов (қоғам). Өкінішке қарай, олар биылғы 100 жаңа есім тізіміне дауыс нәтижелерінің төмен болуына байланысты енгізілмеді.

– Өткен жылдың аяғында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болып табылатын «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көрді. Ендігі жерде, осынау мақала аясындағы жұмыстарды тілге тиек ете кетсеңіз.

– Жалпы, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы «Архив-2025», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Түркі әлемінің генезисі», «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы», «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» арнайы жобалары аясында   жүзеге асырылады. Бүгінгі күнге  дейін 6 765 адамның қатысуымен 75 іс-шара өткізілді.

Жақында ғана облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен «Ерлікке тағзым – ұрпаққа парыз» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияға «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы Берік Әбдіғали, ҚР Президенті Архивінің жанындағы Қоғамдық Кеңес төрағасы Борис Жапаров, ҚР Президенті Архивінің директоры Жәмилә Әбдіқадырова, Польша Республикасының Гданск қаласындағы Поморск генеологиялық қоғамы Президентінің орынбасары, техника ғылымының кандидаты, өлкетанушы Войцех Бещинский және өзге де өңірлердің архив басшылары мен мамандары қатысты.

– Осы мақаланың көтерген тақырып-тарының бірі – тарихты кино мен телевизия арқылы таныту жөнінде де біраз дүние айтылды. Сіздіңше, кино арқылы тарихи тұлғаларымызды қаншалықты таныта аламыз?

– Өте орынды сұрақ қойдыңыз. Себебі, кино бір ұлттың мәдениеті мен тарихын, салт-дәстүрі мен ұлттық идеясын көрсететін құрал. Өзіңізге белгілі түріктер, кәрістер және батыс елдері тарихи кинолары арқылы өздерін таныта білді. Менің студент кезімде кәрістің «Жумонг ханзада» деген киносы отандық телеарналарда көрсетілді. Біздің көп жастарымыз сондай ерлік пен жауынгерлікке ұмтылды. Міне, бір ғана кино адам санасын өзгертуге ықпал етеді.

Қазақ халқы батырлар мен би-шешендерге, сал-серілер мен даңқты батырларға кенде емес. Солардың өмір жолына негізделген кинолар түсіру қажет деп ойлаймын. Сонымен қатар, тек кино емес, анимациялық мультфильмдер шығару қажет. Бұл біздің өскелең ұрпаққа мақтан тұтар тұлғалардың өмірімен таныстырудың жақсы бір үлгісі.

Бағдарламаның «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» арнайы жобасының негізгі мақсаты да Қазақстанның өркениет тарихының үздіксіз дамуын көрсететін деректі және қысқаметражды фильмдерін өндіріске енгізу болып табылады.

Бұл арнайы жоба аясында Қазақстан жазушылары еңбектерінің негізінде тарихи фильмдерді түсіру және шығармашыл жастарды кино әлеміне тарту, үздік сценарийлерді жазуға ынталандыру бағыттарында жұмыс атқарып келеміз. Биылғы жылдың ауқымды іс-шараларының жоспарымен бөлісетін болсам, ағымдағы жылдың маусым айында облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен жастар арасындағы «Үздік сценарийлер», «Жалынды жастық шақ» бейнероликтер байқауын, Меркі ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Меркі, Аспара қалашығы, Меркі 1, 2, 3, 4, 10 қорғандары мен Сандық, Қарақыстақ шатқалы, балбал тастардың тарихи-мәдени мұралары туралы деректі фильмдер түсіру жоспарлануда, Жуалы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Шерхан Мұртаза атамыздың «Қызыл жебе» романы желісінде Т.Рысқұлов туралы қысқаметражды фильм түсіру жоспарда бар.

                                                                                

Сұхбаттасқан: Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ