"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Саясат

Саясат

Аудандық «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің ұйымдастыруымен өткен бұл кездесуді аудан әкімінің орынбасары Н.Жақсыбаев жүргізіп, зағип жандардың жанашыры болып жүрген Ғалым Адайұлына аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен естелік сыйлық табыстады.
Аталған кездесуге өзінің бастауыштағы ұстазын шақырып,төрге шығарған Ғ.Нұрланов Нұрлыгүл апайына алғысын жеткізді. Сонымен қатар өзінің бүгінгі бағындырған белестерінің қалай басталғаның, нендей сындардан өткенін әңгімелеп берді. Әрі жерлестерінің осындай қошеметке бөлегеніне дән риза екенін жеткізді.
-Көзім нашар көрседе, көзімнің анық жеткен ақиқаты ол қандай қиыншылықтарға ұшырасанда төзе білу, сабырлы болу керектігі екен. Өзімнің еңбек жолыма келсем, арнайы білімім болмасада Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасына барып, директорына өзімнің ықыласымды жеткіздім. Ынтамның зор екенін байқаған басшы, штат бос емес, алайда жұмыспен қамту орталығы арқылы 1 жыл келісім шарт жасасып жұмысқа ала алатынын айтты. Осылай жұмысқа орналасып, еден жуу және дүкенге барудан басқа тапсырмаларды орындауға уәде беріп, 5 бөлімнің жұмысымен танысып, брайло жазуын меңгеріп, техниканы тізгіндедім. Көп ізденіп, көп оқыдым. Ата-анамның қызмет ауыстыруна байланысты басқа қалаға көшуге тура келді. Сонымен бірге менің де келісім шартымның уақыты аяқталуға жақын болды. Директорым маған мінездеме жазып, қимай қоштасты. Жаңа мекенге келе салып бүгінде өзім басшылық жасап отырған мекемеге дипломсыз кірдім. Оған бұрынғы басшылық берген мінсіз мінездеме себеп болды-дейді Ғалым Адайұлы.
Жерлесіміз қазіргі танда Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында "Дыбыс жазу студиясы және Брайль" кітаптарын шығару бөлімінде кітапханашы қызметін атқарады. Көз жанарының көруі нашарлығына қарамастан, үнемі айналасындағы адамдарға көмектесіп келеді. Соның бір дәлелі «Саусақ ұшындағы әлем» үйірмесі аясында зағип және нашар көретін жандарға брайль жүйесін және компьютерге орнатылған арнайы синтезатор арқылы компьютерлік сауаттылықты тегін үйретіп келеді. 2015 жылы Астана қаласында өткен Халықаралық «Ақ таяқ» фестивалінің Брайль жүйесі бойынша «Оқу мен Жазу» номинациясында Гран-При иеленді. Сондай-ақ аталған саладағы салмақты еңбегі үшін «Еңбек даңқы» медалімен марапатталған. Кездесуде өзіне қойылған сауалдарға жауап беріп,пікір алмасқан Ғ.Нұрланов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне барып, кітапхана ұжымы және көзі нашар көретін оқырмандарға арнап тренинг өткізді
і

Өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тиімділігін арттыру, халыққа жақын болып, әлеуметтік проблемаларды табандылықпен шешу мақсатында іске асырылып отырған  Жамбыл облысы жергілікті атқарушы органдардың жұмыс алгоритміне сәйкес аудан әкімі Б.Байтөле кезекті жұмыс сапарын Ноғайбай  ауылдық округінде жалғасытырды. 

Ауыл шаруашылығы жөнінен Қордай ауданы облыс бойынша көшбасшылардың бірі екені анық. Кейінгі жылдары мал шаруашылығын дамытуда, оның ішінде асылдандыруға үлкен ден қойылып отырғанының арқасында ет экспортына жаңа леп берілгені жасырын емес. Осы ретте шаруалар асыл тұқымды дамыту арқылы  малдың өнімділік және тұқымдық қасиеттерін жақсартудың бірден бір жолы екенін дәлелдеп келеді. 

Қордай ауданында «Жаңғыру күніне» орай бүгін дүние есігін ашқан сәбилер мен олардың аналарын аудан басшылығы құттықтады.

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «АЛАШ ҰСТАНЫМЫ – ҰЛТ МҰРАТЫ» республикалық ғылыми-тәжірибелік конферециясы өтті. 

Облыстық Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Ықылас Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінде облыс әкімінің қатысуымен ҚР Тұңғыш президент күніне арналған салтанатты жиын өтті

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен “Латын әліпбиі – ел ертеңі” тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттерді іске асыруға арналған облыстық актив жиналысы өтті.

 

«Баласағұн» орталық концерт залында Ұлы Дала елінің Елордасы – ару шаһар Астананың мерейтойына орай Жамбыл облысындағы Астана күндеріне арналған «Астанадан ақ тілек» атты мерекелік гала-концерт өтті.

Биыл Жамбыл облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығына орай өтетін мерекелік іс-шара Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында ерекше салтанатпен бастау алды, – деп хабарлайды “Zhambylnews” AA.