"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам

Қоғам

«Жастар бастамаларын қолдау» бағытындағы шараларды ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде «Komek.Demeu.Kz» қоғамдық қоры Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен жұмыс жоспарға сәйкес «Жастардың қызығушылығын арттыратын мамандықтар бойынша оқыту курстарын ұйымдастыру» тақырыбында мамыр-қараша айлары аралығында мобилография мен  SMM мамандығын меңгерту мақсатында онлайн курс ұйымдастырылды. Оқытуға арнайы тапсырыс берушімен келісіп афишасы әлеуметтік желілерге салынды (Insagram, Fecbook). 

Дәстүрлі емес діни ағымдардың белгілері, сақтану жолдары

Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында «Komek.Demeu.Kz» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Шу қаласы мәдениет үйінде АТТ мүшелері, мемлекеттік қызметкерлермен «Дәстүрлі емес діни ағымдардың белгілері, сақтану жолдары» тақырыбында “Нұр-Мүбарак” университеті жанындағы Діни экстремизге қарсы іс-қимыл академиясы директорының орынбасары, РАТТ мүшесі, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, теолог-журналист Салтан Сәкеннің қатысумен кездесу өткізілді.

Жат діни ағымды алдын алу, ұлттық құндылықты арттыру, дәстүрлі дінімізді ұстануға шақырды. Дәстүрлі емес діни ағымдардың шығу тарихы және мақсаттарына тоқталды. Аудан тұрғындарына экстремизм мен терроризмнен сақтану жолдарын түсіндіре отырып жан жақты сұрақтарға жауап берді.

Дәстүрлі емес діни ағымдардың белгілері, сақтану жолдары

Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында «Komek.Demeu.Kz» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Шу қаласы мәдениет үйінде АТТ мүшелері, мемлекеттік қызметкерлермен «Дәстүрлі емес діни ағымдардың белгілері, сақтану жолдары» тақырыбында “Нұр-Мүбарак” университеті жанындағы Діни экстремизге қарсы іс-қимыл академиясы директорының орынбасары, РАТТ мүшесі, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, теолог-журналист Салтан Сәкеннің қатысумен кездесу өткізілді.

Жат діни ағымды алдын алу, ұлттық құндылықты арттыру, дәстүрлі дінімізді ұстануға шақырды. Дәстүрлі емес діни ағымдардың шығу тарихы және мақсаттарына тоқталды. Аудан тұрғындарына экстремизм мен терроризмнен сақтану жолдарын түсіндіре отырып жан жақты сұрақтарға жауап берді.

      «Ұйымдаспаған жастармен жұмыс жүргізу, үйлестіру және олардың әлеуетін дамыту бағытындағы шараларды ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде«Komek.Demeu.Kz» коғамдық қоры Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат белімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен жұмыс жоспарға сәйкес «Дүлдүлдер додасы» атты пікірсайыс турнир өткізілді. Жастар арысында пікірсайыстан жарыс ұйымдастырылып, түрлі маңызды тақырыптар аясында пікір алмасты. Шараға 50 ден аса пікірсайышы қатысты. Қатысушылардың барлығы алғыс хаттармен марапатталды және орын алған қатысушыларға бағалы сыйлықтар берілді.

Қордай ауданындағы деструктивті діни ағымды алдын, жастарды ұлттық құндылықты арттыру және дәстүрлі дінді түсіндіру мақсатында Қордай ауданы ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында «Komek.Demeu.Kz» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қаракемер ауылдық округтерінде 14 Ә.Нүсіпбаев атындағы орта мектебінің оқушыларымен. Кездесуге Жамбыл ауданының бас имамы, дінтанушы Дәурен Құттыбаев шақырылды. Кездесу соңында сұрақ жауап айдары орын алып, студенттер көкейде жүрген сұрақтарын қойды.

Казіргі таңда дін саласындағы өзекті мәселенің бірі деструктивті діни ағымдардың таралуы. Қаншама бауырларымыз іні қарындастарымыз жат діни ағымдарының еруінде жүріп, өкініп жатқан жайы бар.  Осыған орай Сарысу ауданы аумағындағы деструктивті діни ағым азаматтарымен түсіндірме оңалту жұмыстарын жүргізу мақсатында Сарысу ауданының ішкі саясат білімінің тапсырысы аясында «Komek.Demeu.Kz» қоғамдық қорының ұйымдастырыумен кездесу өткізілді. Деструктивті діни ағым өкілдерімен «Ақниет» ақпараттық насихаттау оңалту орталығы ҚҚ теолог маманы Тайталиев Фаизулла Тажмұхамедұлы кездесіп, оңалту жұмыстары жүргізілді. 

«Ұйымдаспаған жастармен жұмыс жүргізу, үйлестіру және олардың әлеуетін дамыту бағытындағы шараларды ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде«Komek.Demeu.Kz» коғамдық қоры Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат белімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен жұмыс жоспарға сәйкес «Жүзден жүйрік» атты Kahoot интеллектуалды сайысы ұйымдастырылды. Сайыс Тараз қаласы М.Х.Дулати университетінің «Баласағұн» музейінде студенттер, волонтерлар, белсенді жастар арасында ұйымдастырылды. Ойын соңында жүзден жүйріктер анықталып, жеңімпаздар бағалы сыйлақтармен және алғыс хаттармен марапатталды.

 

«Ұйымдаспаған жастармен жұмыс жүргізу, үйлестіру және олардың әлеуетін дамыту бағытындағы шараларды ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде«Komek.Demeu.Kz» коғамдық қоры Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат белімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен жұмыс жоспарға сәйкес «Жас келсе іске» атты конференция «Бақытты болашақ» оқушылар сарыйында өткізілді. Конференцияға жастар, волонтерлар, студенттер қатысты. Жоба мақсаты әр түрлі санаттағы жастар үшін волонтерлік қызмет, көшбасшылық тақырыптары бойынша  конференциялар өткізу. Аталған бағытта қонақ болып келген спикер өз ойымен бөлісіп, маркетинг, туризм, кәсіптегі қателіктер және кәсіптегі көсбасшылық, Тәуелсіз Қазақстанның даму жолы, ұрпақтар сабақтастығы, қоғам жөніндегі пікір айтылып, сұрақтар қойылды.

        Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты «Coworking» залында «Жастар бастамаларын қолдау» бағытындағы шараларды ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында «Тайм-менеджмент» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге Тараз қалалық «Жастар ресурстық орталығы» NEET жастарымен жұмыс бөлімінің басшысы Даурен Мамыш Дастанұлы шақырылды. Кездесуге жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері және  жастар қатысты. Кездесу барысында Даурен Дастанұлы қазіргі таңда уақытты қалай үнемді жұмсау керектігін айтып өтті. Даурен Дастанұлы қатысушылардың көкей тесті сұрақтарына жауап берді. Кездесуге қатысушы жастар тарапынан көп сұрақтар туындап, әр сұраққа жеке жауап берген Даурен Дастанұлының сөйлеу шеберлігі мен берген ақпаратына қаныққан қатысушылар келесі кездесуді де асыға күтетінін жеткізді.

«Жастар бастамаларын қолдау» бағытындағы шараларды ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде «Komek.Demeu.Kz» қоғамдық қоры Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен жұмыс жоспарға сәйкес «Жастар талабы» атты ТедХ форматындағы тренинг ұйымдастырылды. Кездесуге Тараз қалалық «Жастар ресурстық орталығы» NEET жастарымен жұмыс бөлімінің басшысы Даурен Мамыш Дастанұлы шақырылды. Кездесуге жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері және  жастар қатысты. 

6 бет. Барлығы: 17