Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Қоғам / Дін және қоғам

Дін және қоғам

Қазіргі таңда Қазақ елінде дін мәселесі өзекті мәселенің бірі болып табылады. Қанша бауырларымыз, апкелеріміз, іні, қарындастарымыз жат діни ағымдарға сенім жасап, еріп жүрген жайы бар. Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің КММ-нің «Дін саласында ақпараттық-түсіндіру және ағарту іс- шараларын ұйымдастыру» қызметін көрсету атты әлеуметтік жобасының аясында «KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Дін және қоғам» атты кездесу, семинар өткізілді.  Осылайша деструктивті діни ағымның таралуын алдын алу мақсатында Жамбыл облысы Жуалы ауданында ауыл тұрғындары, нит жастары, мешіт жамағатымен кездесулер ұйымдастырылды. Деструктивті дінді алдын алу мақсатында облысымызға белгілі дін танушы, "Абдықадыр" мешітінің имамы Дәурен Құттыбаев ағамызды шақырдық. Дәурен аға жат діни ағымдар жайлы қысқада нұсқа тоқталып ауыл жастары, ауыл тұрғындарын ескертіп, жат діни ағымдардың белгілерін ұстанатын бағытын ескертіп айта кетті. Осылайша Жуалы ауданының бір неше ауылдарында кездесулер өтті. Атап айтқанда Бауыржан Момышұлы ауылы және Теріс ауылында кездесу өткізілді.

joomla 3.5