Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Қоғам / "Ислам экстремизм, терерроризмге қарсы"

"Ислам экстремизм, терерроризмге қарсы"

Қазіргі таңда қазақ еліне қасрет болып тұрған мәселелердің бірі дін мәселесі болып тұр. Себебі тура жолдан адасқан бауырлар, қара  көз қыздар көбеюде. Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің КММ-нің «Дін саласында ақпараттық-түсіндіру және ағарту іс- шараларын ұйымдастыру» қызметін көрсету атты әлеуметтік жобасының аясында «KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Дін және қоғам» атты кездесу, семинар өткізілді.  Осылайша деструктивті діни ағымның таралуын алдын алу мақсатында Жамбыл облысы Жуалы ауданында ауыл тұрғындары, мешіт жамағатымен кездесулер ұйымдастырылды. Деструктивті дінді алдын алу мақсатында облысымызға белгілі дін танушы, "Абдықадыр" мешітінің имамы Дәурен Құттыбаев ағамызды шақырдық. Дәурен аға жат діни ағымдар жайлы қысқада нұсқа тоқталып ауыл жастары, ауыл тұрғындарына жат діни ағымдардың белгілерін ұстанатын бағытын ескертіп айта кетті. Осылайша Жуалы ауданының бір неше ауылдарында кездесулер өтті. Атап айтқанда Көлбастау ауылы, Қызыларық ауылы және Бауыржан Момышұлы ауылындағы орталық мешітте мешіт жамағатымен кездесу өткізілді.

joomla 3.5