Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Политика / "Мен өзімді кінәлай алмаймын" А.Меркель

"Мен өзімді кінәлай алмаймын" А.Меркель

2022 жылы 7 маусымда Ангела Меркель көрермендердің қатысуымен неміс журналисті және жазушысы Александр Озангқа берген сұхбатында Ресейдің Қырымды аннексиялауы кезіндегі әрекеттері үшін және Украйнаның НАТО – ға кіруіне қарсы болғаны үшін өзін кінәлі сезінбейтінін айтты.

Ресейдің шабуылдан кейін көптеген адамдар, соның ішінде украиндық шенеуніктер, Ангела Меркель канцлер болған кезде Владимир Путинді "тыныштандырумен" ғана айналысқанын, ал Украинаның НАТО-ға кіруі туралы құрғақ уәделер жағдайды нашарлатты деген мәлімдемелер жасауда. 2008 жылы Германия мен Франция Бухаресттегі Саммитте Украинаның НАТО – ға кіруіне қарсы болды. Осы әрекеттері үшін Владимир Зеленский сәуір айында Ангела Меркельді және Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозиді айыптады. Бұрынғы канцлер бір жарым сағаттық сұхбатында Путин не туралы ойлағанын түсінгенін және оны арандатқысы келмегенін айтты. "Мен Путиннің бұған жол бермейтініне сенімді болдым. Ол мұны соғыс жариялау ретінде қабылдаған болар еді. Мен оны арандатқым келмеді", - деді. Әрі ол кезде Украинада демократия болмағанын, тек байлар басқарғанын айтты. Өзінің басқаруының соңғы кезіне тұспа тұс келген Римдегі G 20 – лық жиынында Путиннің Минск келісімін бұзатынын сезгенін де айтты. Ол «Мен Ресейдің қәзіргі әрекетін қатаң сынаймын. Бұл әлемге төнген қәуіп.» деді. Бірақ «Бізде әлемдік қәуіпсіздік архитектурасын сақтау үшін барлық әрекетті жасай алмадық. Бірақ мен өзімді айыптай алмаймын. Себебі қолымнан келген оң әрекеттерді толық жасадым» деп мәлімдеме жасады.

 

joomla 3.5