Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Политика / Қазақстан Украинадағы қақтығыстарға байланысты ядролық қарудан мүлде бас тартуға шақырды

Қазақстан Украинадағы қақтығыстарға байланысты ядролық қарудан мүлде бас тартуға шақырды

Қазақстан әлемді Украинадағы қақтығыстарға байланысты ядролық қарудан мүлде бас тартуға шақырды

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Украинадағы жағдай ядролық қаруға тыйым салу туралы ойлануға мәжбүр етеді деп мәлімдеді. Оның айтуынша, әлем қазір дағдарыста, ядролық қаруды қолдану қаупі артып, Украинадағы оқиғалар мен өзге де қауіптер ядролық қаруға тыйым салуға және жоюға итермелейді. Қазақстанның сыртқы істер министрі әлемнің барлық елдерін БҰҰ жүз жылдығы — 2045 жылға дейін ядролық қаруды біртіндеп толық жою жоспарын әзірлеуге шақыратынын мәлімдеді. Ол ядролық қаруды толық жою туралы уағдаластықтар 21-23 маусымда Венада өтетін Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қатысушылардың бірінші конференциясының қорытынды құжаттарында жазылуы мүмкін екенін атап өтті. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі бұл туралы Liter.kz газетіне арналған мақаласында жазды.

Украинадағы соғыс кезінде бірнеше рет Ресей ядролық қаруды қолданады ма деген сұрақ туындады. Ресей өкілдері ядролық қаруды қолдануға ниетті емес екендерін айтқан болатын.

Маусым айында Стокгольм халықаралық бейбітшілік мәселелерін зерттеу институтының (SIPRI) директоры Ден Смит әлемде ядролық қаруды қолдану қаупі қырғи қабақ соғыстан кейінгі ең жоғары деңгейге жетті деп мәлімдеді.

joomla 3.5