Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Политика / "Құқығыңды білу міндет" әлеуметтік жобасы аясында Мойынқұм ауданы тұрғындарымен кездесу

"Құқығыңды білу міндет" әлеуметтік жобасы аясында Мойынқұм ауданы тұрғындарымен кездесу

2023 жылғы 19 сәуірде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру грантының аясында «Жаңа Ру» жастар коалициясы заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастырумен «Құқығыңды білу міндет» әлеуметтік жобасы бастау алды. Әлеуметтік жобаның маңызды бағыттарының бірі «Көшпелі заң көмегі керуені» заңгерлері Мойынқұм ауданының тұрғындарымен кездесті.

Атап айтқанда Жамбыл ауылы, Күшаман ауылы, Бірлік ауылы, Көкжелек ауылы және Биназар ауылының тұрғындарына құқықтық кеңестер берілді.«eOtinish» сервисі, «egov» порталы арқылы тиісті мекемелерге өтініш немесе шағым беру жолдары түсіндіріліп, жұмыспен қамту, азаматтардың жеке басындағы заң аясында шешу мүмкіндігі бар қиыншылықтарға байланысты сұрақтарға жауаптар берілді. Заңгерлер алдағы уақытта қосымша сұрақтар туындаған жағдайда көмек қолын созуға дайын екендерін айтып, байланыс ақпараттарын тұрғындармен бөлісті.

joomla 3.5