Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Политика / "Құқығыңды білу міндет" жобасы аясында мамандар Қордай ауданы тұрғындарымен кездесті.

"Құқығыңды білу міндет" жобасы аясында мамандар Қордай ауданы тұрғындарымен кездесті.

2023 жылғы 21 сәуірде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» коммерциялық емес акционерлік қоғамының халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру грантының аясында «Жаңа Ру» жастар коалициясы заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастырумен «Құқығыңды білу міндет» әлеуметтік жобасы бастау алды. Әлеуметтік жобаның маңызды бағыттарының бірі «Көшпелі заң көмегі керуені» заңгерлері Қордай ауданының тұрғындарымен кездесті.

Әлжан ана ауылы, Қақпатас ауылы, Бетқайнар ауылы, Қарасу ауылы, Ноғайбай ауылы тұрғындарына құқықтық кеңестер берілді. Мемлекеттік бағдарлама аясында берілетін қайтарымсыз грантты алудың заңдық негіздері, жеңілдетілген несие алудың талаптары, банкроттыққа құжат тапсыруға негіз болатын себептер түсіндірілді.

Ауылдардағы тұрғындардың жер дауы, мұрагерлік, төленбеген несиеге байланысты сұрақтарына заң аясында шешу мүмкіндіктері айтылды. Заңгерлер алдағы уақытта қосымша сұрақтар туындаған жағдайда көмек қолын созуға дайын екендерін айтып, байланыс ақпараттарын тұрғындармен бөлісті.

joomla 3.5