Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Политика / Талас ауданы тұрғындарына құқықтық кеңес жүргізілді.

Талас ауданы тұрғындарына құқықтық кеңес жүргізілді.

2023 жылғы 28 сәуірде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» коммерциялық емес акционерлік қоғамының халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру грантының аясында «Жаңа Ру» жастар коалициясы заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастырумен «Құқығыңды білу міндет» әлеуметтік жобасы бастау алды. Әлеуметтік жобаның маңызды бағыттарының бірі «Көшпелі заң көмегі керуені» заңгерлері Талас ауданының тұрғындарымен кездесті.

Үшарал ауылы, Көктал ауылы, Берікқара ауылы, Есейхан ауылы, Қызыләуіт ауылы тұрғындарына құқықтық кеңестер берілді. Мемлекеттік бағдарлама аясында берілетін қайтарымсыз грантты алудың заңдық негіздері, жеңілдетілген несие алудың талаптары, банкроттыққа құжат тапсыруға негіз болатын себептер түсіндірілді.

Ауылдардағы тұрғындардың жер дауы, мұрагерлік, төленбеген несиеге байланысты сұрақтарына заң аясында шешу мүмкіндіктері айтылды. Заңгерлер алдағы уақытта қосымша сұрақтар туындаған жағдайда көмек қолын созуға дайын екендерін айтып, байланыс ақпараттарын тұрғындармен бөлісті.

joomla 3.5