Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Политика / Ақтөбе облысы Темір ауданы тұрғындарымен құқық саласының мамандарымен кездесуі.

Ақтөбе облысы Темір ауданы тұрғындарымен құқық саласының мамандарымен кездесуі.

2023 жылғы 18 мамырда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» коммерциялық емес акционерлік қоғамының халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру грантының аясында «Жаңа Ру» жастар коалициясы заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастырумен «Құқығыңды білу міндет» әлеуметтік жобасы бастау алды. Әлеуметтік жобаның маңызды бағыттарының бірі «Көшпелі заң көмегі керуені» заңгерлері Ақтөбе облысы Темір ауданы тұрғындарымен кездесті.

Шұбарқұдық кенті, Қопа, Сарыкөл, Кеңқияқ ауылы тұрғындарына құқықтық кеңестер берілді. Мемлекеттік бағдарлама аясында берілетін қайтарымсыз грантты алудың заңдық негіздері, жеңілдетілген несие алудың талаптары, банкроттыққа құжат тапсыруға негіз болатын себептер түсіндірілді.

Ауылдардағы тұрғындардың жер дауы, мұрагерлік, төленбеген несиеге байланысты сұрақтарына заң аясында шешу мүмкіндіктері айтылды. Заңгерлер алдағы уақытта қосымша сұрақтар туындаған жағдайда көмек қолын созуға дайын екендерін айтып, байланыс ақпараттарын тұрғындармен бөлісті.

joomla 3.5