Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Политика / Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында "Құқығыңды білу міндет" әлеуметтік жобасы аясында тұрғындармен кездесу

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында "Құқығыңды білу міндет" әлеуметтік жобасы аясында тұрғындармен кездесу

2023 жылғы 19 мамырда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» коммерциялық емес акционерлік қоғамының халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру грантының аясында «Жаңа Ру» жастар коалициясы заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастырумен «Құқығыңды білу міндет» әлеуметтік жобасы бастау алды. Әлеуметтік жобаның маңызды бағыттарының бірі «Көшпелі заң көмегі керуені» заңгерлері Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы тұрғындарымен кездесті.

Қаратоғай, Сарыжар, Родниковка ауылы тұрғындарына құқықтық кеңестер берілді. Мемлекеттік бағдарлама аясында берілетін қайтарымсыз грантты алудың заңдық негіздері, жеңілдетілген несие алудың талаптары, банкроттыққа құжат тапсыруға негіз болатын себептер түсіндірілді.

Ауылдардағы тұрғындардың жер дауы, мұрагерлік, төленбеген несиеге байланысты сұрақтарына заң аясында шешу мүмкіндіктері айтылды. Заңгерлер алдағы уақытта қосымша сұрақтар туындаған жағдайда көмек қолын созуға дайын екендерін айтып, байланыс ақпараттарын тұрғындармен бөлісті.     

joomla 3.5