Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Политика / Ислам – қоғамдық негізге құрылған дін.

Ислам – қоғамдық негізге құрылған дін.

Ислам – адамзат баласын ең әуелі жаратқан Алланы дұрыс тануға шақырады. Бұл өмірге не үшін келдік? Аз ғұмырда қандай іс жасауымыз керек? Нендей іс-әрекеттерден сақтану қажет? Адам баласы өмірден өткеннен кейін не болады? Адамның санасында осы секілді көкейде көп сауал тұратыны шындық. Мұның жауабын бізге иман негіздері үйретіп, дұрыс сенім қалыптастыруға бағдар береді. Алланы таныған пенденің бойында тазалық және құлшылық болады. Оның талабы мен тәртібін, шынайы құлшылық жасаудың формуласын шариғат үйретеді. Адам баласы қоғамда өмір сүретіндіктен, ізгі қасиеттерді иманы арқылы бойына дарытады. Жан-дүниесін рухани байытып, кемелдікке баулитын да – осы дін Ислам.

Ислам – қоғамдық негізге құрылған дін. Иман байлығы жекелеген жанға жақсы қасиеттер дарытатыны секілді, Ислам күллі адамзат өмір сүретін қоғамға өркениет жолын көрсетіп, ілгерілеп даму үшін ғылым-білімге шақырады. Исламды тек құлшылық діні деп түсіну – қате пікір. Мұсылманның сыртқы атрибутына қарап, Исламға баға беруге болмайды. Ислам ең әуелі дұрыс сенім иесі болуды, соған сай лайықты түрде ғибадат етуді бұйырады. Сонымен қатар мұсылманның Жаратушы алдындағы міндеті болғанындай, оның қоғамда үлкен жауапкершілігі бар екенін ескеруіміз керек.

 

joomla 3.5