Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Политика / Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

«Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы және Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы ұйымдастыруымен 2023 жылы Тараз қаласы Жамбыл облысының барлық аудандарында «Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысының іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу жұмыстары» жобасы аясында түрлі кездесулер өткізілді. Оның ішінде: «Имани иммунитетті қалыптастыру – заман талабы», «Терроризмге қарсы күрес бағытында діни ахуалды жақсарту», «Діндегі шектен шығушылықтың қаупі» атты кездесулер және тағы да басқа іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараларға лектор ретінде республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері «Нұр-Мүбарак» университетінің аға оқытушылары Әкімханов Асқар, Стамбакиев Нұржан, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ аға оқытушысы Оразбай Сержан, «Нұр-Мүбарак» университетінің оқытушысы Есімханов Ернар, Шымкент қаласы бас имамының орынбасары Мұсабек Ақтанберді және Жамбыл облысы Байзақ аудандық орталық мешітінің бас имамы Жұмағұл Қанат келіп, қала және аудан тұрғындары, мешіт жамағаты, оқу орын жастарымен дін саласындағы өзекті мәселелер жайында ой қозғады. Сонымен қатар іс-шаралар барысында 500-ге жуық брошюралар мен буклеттер таратылды.

Е.Юсуп

joomla 3.5