Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Политика / «Ұлты басқа, тілегі бір» атты кездесулер өтті

«Ұлты басқа, тілегі бір» атты кездесулер өтті

«Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу» жобасы аясында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен

Жамбыл облыстық "Жаңа-Ру" жастар коалциясының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі «Ұлты басқа, тілегі бір» атты кездесулер өткізді.


Этносарлық татулықты насихаттауға және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған Жамбыл облысы, Қордай ауданының Маснчи, Сортөбе, Қордай аулдары мен Жамбыл ауданданының Гродикво, Кызылқайнар, Полатқосшы, Ақбұлым ауылдырында 18, Түркістан облысының Сайрам, Сарыағаш, Келес, Түлкібас аудандарының ауылдарында 9, Алматы облысы Талғар ауданы Алатау, Бесағаш, Тұздыбастау, Белбұлақ, Панфилов ауылдарында 10, Шымкент қаласы, Қаратау, Абай, Аль-Фараби, Еңбекші, Тұран аудандарында 8 кездесу, Алматы қаласы
Бостандық, Медеу, Әуезов аудандарында 10 кездесулер өтті.
​Кедесулер Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығының» директоры Гүлхан Мұратқызы мен бөлім басшысы Шынар Бақытбектің спикер болуымен ұйымдастырылды.
Шара аясында, Қазақстанда этносаралық өшпенділік тілін жеңуге арналған этика кодексі туралы, Қылмыстық кодексте алауыздықты қоздыру туралы баптар туралы, Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаумен айналысатын ұйымдарды туралы, мемлекеттік тілді үйренудің тиімді әрі жеңіл жолдарын, әр адам тұрғылықты жердегі «Тілдерді оқыту орталықтарына» барып кез-келен уақытта қазақ тілін тегін үйрене алатынын, мемлекеттік тілді ғаламтор арқылы – Sozdikqor.kz, Tilmedia, Qujat.kz, Atau.kz, Emle.kz, Termincom.kz, Zerek bala, Sózdi tap веб-сервистерінен өз бетінше үйренуге болатынын айтып өтті.
Сондай-ақ, дүнген, күрт, орыс, өзбек, ұйғыр, түрік этнос өкілдері арасында татулықты, достықты насихаттау мақсатында, тұрақтылықты, ұлтжандылық, бірлікті ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.
Сонымен қатар, халықтан Қазақстан Республикасының тілдік және этникалық теңдікке байланысты заңдарын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын насихаттау мақсатында ақпараттық- анықтамалық материалдар таратылды және тілдік және этникалық қорлау қаупіне баға беру үшін сауалнамалар жүргізілді.

joomla 3.5