Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Политика / «Сенім» апталығы аясында өткен іс-шаралар

«Сенім» апталығы аясында өткен іс-шаралар

«Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу» жобасы аясында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен, Жамбыл облыстық «Жаңа-ру» жастар коалициясының ұйымдастыруымен Алматы, Түркістан, Жамбыл облысытары, Алматы және Шымкент қалаларында «Сенім» апталықтары өтті.

Мектеп оқушыларына арналған арнайы ұлттық құндылықтарға, бірлікке, татулыққа, ұлтжандылыққа, тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеуге тәрбиелеу мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру.

Мектеп оқушыларына арналған арнайы ұлттық құндылықтарға, бірлікке, татулыққа, ұлтжандылыққа, тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеуге тәрбиелеу мақсатында Алматы облысы Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы орта мектеп-гимназиясы, Іле ауданы, Жетіген ауылы №11 орта мектеп, Ұйғыр ауданыны, Д.Қонаев атындағы орта мектебінде және Жамбыл облысы Байзақ ауданыны, Қызыл жұлдыз ауылдық округі, Ақшабаев орта мектебі мен Бурыл ауылдық округі, Бурыл орта мектебі, Түркістан облысы, Түлкібас ауданыны, Т.Рысқұлов ауылында, Шымкент қаласы мен Алматы қаласында  «Бірлік, татулық және бейбітшілік — біздің мызғымас құндылықтарымыз» атты шығарма жазу байқауы өтті.

Шығарма бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейту, татулық, бірліктің адами қарым – қатынастағы мәнін ашу, адамдармен сыйластықты, жарастықты қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту және оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Байқауға 8-11 сынып арасынан 575 оқушы қатысты.  Нәтижесінде жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен, диплом, алғысхаттармен марапатталды. 64 оқушыға ынталандыру сыйақысы табысталды.

 

joomla 3.5