Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Политика / 4 өңірде интеллектуалды квиз ойындары өтті

4 өңірде интеллектуалды квиз ойындары өтті

 «Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу» жобасы аясында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен, Жамбыл облыстық «Жаңа-ру» жастар коалициясының мен ұйымдастыруымен Алматы,Түркістан, Жамбыл облысытары мен Алматы қаласында интеллектуалды квиз ойындары өтті.

Қазақстандағы этностардың тілдік, этникалық шығу тегі және Қазақстанның ерекшеліктер мен бірлікті насихаттауға бағытталған интеллектуалды квиз ойындары әр өңір жастарының қызығушылығына ие болып, квиз ойындарын тұрақты түрде ұйымдастырып отыру ұсынысы түсті.

Алматы облысы, Қонаев қаласында өткен квиз ойындарына 11 команда (53 адам), Жамбыл облысы, Тараз қаласында өткен ойынға 20 команда (120 адам), Түркістан облысы, Созақ ауданынан 9  команда (53 адам), Алматы қаласынан 7 команда  интеллектуалды квиз ойындарға қатысты.

Қатысушылардың жас аралығы 15-40 жас аралығы. Ойын 7 кезеңнен тұрды. Әр кезең 6+1 сұрақтан тұрды. Яғни 7 сұрақ ол тәуекел сұрақ деп аталды. Қатысушы жауабына сенімді болса, жауапқа қосымша бос орынға
 + белгісін қойып, жауап дұрыс болған жағдайда ұпай санын екі еселеуге, дұрыс емес жауапқа + таңбасы қойылса -2 ұпай шегерілетіні ескертілді. Алғашқы кезең «Викторина» деп аталды. Мұнда нұсқалары бар сұрақтар беріліп, әр сұраққа 30 секунд уақыт кетті. 2 кезең SHAZAM деп аталды. Бұл кезеңде қазақша өлеңдер смайликтердің көмегімен жасырылды, теріс орындалды, қазақша әуендер қойылды, тіпті белгілі бір өлеңнің ең алғашқы ооындаушысын табу деген сұрақтар да болды. 3 кезең – Қара жәшік деп аталады. Яғни, сиқырлы қара жәшікте не жасырылғанын қатысушылар сұраққа жауап беру арқылы табулары керек болды. 4 кезең - Тақырып деп аталып, сұрақтардың жауаптары белгілі бір тақырыпқа сай болды. Бұл ойындағы таңдалған арнайы тақырып ұлттық аспаптар болды. Мысалы, дауылпаз, домбыра, кепшік, керней, сыбызғы сынды аспаптар қатысушыларға күрделендірілген сұрақтар арқылы жасырылды. 5 кезең - Қиын логикалық сұрақтардан тұрды. Бұл сұрақтар терең ойлауды және дедукцияны талап етті. Сұрақтарға 2 минут уақыт берілді. 6 кезеңде әлемдік жұмбақтар жасырылыпды. Ойын нәтижесі бойынша 30 ұпаймен «Тараз жастары» командасы, 29 ұпаймен «190» командасы, 28 ұпаймен «QB» командалары жүлделі орындарды иеленді.

joomla 3.5