Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Спорт / Спортты қолдаймыз

Спортты қолдаймыз

Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мүмкіндігі шектеулі жастардың шығармашылық әләуетін дамыту бағытында іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және «Асар» оңалту кешенімен бірлесе отырып «Тараз Арена» спорттық кешенінде «Спортты қолдаймыз» атты спартакиада өткізілді. Спартакиада аясында мүмкіндігі шектеулі жастар арасында «Жүзуден», «Дойбыдан», «Жеңіл атлетикадан», «Дартстан», «Бочадан» және «Қол күрестен»   жарыс ұйымдастырылды. Әр спорт түрі 4 санаттан тұрды, Спартакиадаға 60-қа жуық жастар қатысып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып, қатысушылар қосымша сыйлықтарға ие болды. 

joomla 3.5