«Komek.Demeu.kz» қоғамдық қоры «Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету және түсіндірме жұмыстарын жүргізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобаны жүзеге асыруда. Жобаның негізгі мақсаты – пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды қоғамға тиімді түрде қайта бейімдеу.
Жоба аясында пробация қызметінің есебіндегі азаматтар мен азаматшалар арасында спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл іс-шара тек қана салауатты өмір салтын насихаттауға ғана емес, сонымен қатар, қатысушылар арасында өзара байланыс пен сенімділік орнатуға, оларды қоғамдық өмірге тартуға бағытталды. Іс-шара барысында қатысушылар түрлі спорттық ойындарға белсене қатысты. Командалық жарыстар мен эстафеталар ұйымдастырылып, қатысушылардың белсенділігі мен ынтасы жоғары деңгейде болды. Мұндай форматтағы кездесулердің маңызы зор, себебі олар азаматтардың бойындағы сенімділікті арттырып, қоғамға кері оралудың оңтайлы жолдарын көрсете алады.
Шара соңында жеңімпаз командалар мен белсенді қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Қатысушылар өз ризашылықтарын білдіріп, мұндай шаралардың жиі өткізіліп тұруын қолдайтындарын жеткізді.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Аудан тұрғындары арасында этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға және насихаттауға бағытталған кездесулер, семинарлар, іс-шаралар ұйымдастыру» атты мемлекеттік әлеуметтік жобаны жүзеге асыруда. Аталған жоба аясында Луговой ауылындағы М. Горький атындағы орта мектепте маңызды кездесу өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында этносаралық келісім мен өзара сыйластық құндылықтарын насихаттау. Кездесудің арнайы қонағы – Тараз қалалық мәслихатының депутаты Азамат Лесбек болды. Ол өз сөзінде Қазақстанда түрлі этностардың бейбіт және татулықта өмір сүруі – еліміздің басты байлығы екенін атап өтті. Сонымен қатар, этносаралық келісімді сақтау әр азаматтың азаматтық парызы екендігін жеткізіп, толеранттылық пен өзара құрметтің қоғам дамуына оң ықпал ететінін ерекше атап өтті.
Кездесуге қатысқан оқушылар мен ұстаздар тарапынан белсенділік байқалды. Қатысушылар этносаралық қарым-қатынастардың құқықтық негіздеріне қатысты сұрақтар қойып, депутаттан нақты әрі пайдалы мәліметтер алды. Осындай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін арттырып, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға өз үлесін қосары сөзсіз.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. Аталған жоба шеңберіндегі кездесу Луговой ауылындағы М. Горький атындағы орта мектебінде өткізілді. Іс-шараға мектептің жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдер қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты — жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, отбасы құндылықтарының мәнін терең түсіндіру, отбасындағы қарым-қатынастарды заң аясында реттеудің маңыздылығын насихаттау. Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының атқарушы директоры, заңгер Өмірбеков Данияр «Құқықтық мәдениет және отбасылық жауапкершілік» тақырыбында мазмұнды дәріс оқыды. Ол өз сөзінде отбасы ішіндегі құқықтар мен міндеттер, ата-аналар мен балалар арасындағы өзара сыйластық, құқықтық даулардың алдын алу, отбасылық қатынастарды реттеудегі заң нормаларына кеңінен тоқталды.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған құқықтық сипаттағы сұрақтарын қойып, нақты әрі кәсіби жауаптар алды. Сонымен қатар, спикер құқықтық сауаттылықты арттырудың маңызын түсіндіріп, отбасындағы дау-дамайлардың алдын алу жолдарын мысалдар арқылы түсіндірді. Шара соңында қатысушылар арасында шағын пікірталас ұйымдастырылып, отбасы, тәрбие және құқық тақырыптары төңірегінде өз ой-пікірлерімен бөлісті. Мұндай формат қатысушылардың белсенділігін арттырып, өз көзқарастарын еркін білдіруге мүмкіндік берді.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі мен Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Жастар арасында қазақстандық патриотизмді насихаттау, ұлттық құндылықтарды сақтау және жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу» жобасы аясында Құлан колледжінде мазмұнды кездесу өтті.
Кездесуде – Тараз қалалық мәслихатының депутаты Азамат Лесбек жастармен еркін сұхбат жүргізіп, олардың қоғамдағы рөлі, Отан алдындағы жауапкершілігі, және құқықтық сауаттылығы туралы нақты ойларымен бөлісті.
Ол ұлттық құндылықтардың жастар өміріндегі маңызын ерекше атап өтіп, бүгінде олардың әлсіреуінен көптеген әлеуметтік проблемалардың туындап жатқанын жеткізді. Сонымен қатар, жастарды білімге, еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке шақырды.
Іс-шара студенттердің санасында патриоттық рух пен ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға, олардың бойында тәртіп пен заңға құрметті күшейтуге зор ықпал етті.


Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде нашақорлықтың алдын алу мақсатында ақпараттық кездесу өтті. Тараз қалалық маслихатының депутаты Лесбек Азамат өз сөзінде жастар тәрбиесінде отбасының, білімнің және дұрыс орта таңдаудың маңыздылығына тоқталып, есірткінің адам өміріне әкелетін зиянды салдарын нақты мысалдармен түсіндіріп өтті. Ол нашақорлықтың тек жеке адамға ғана емес, бүкіл қоғамға кері әсер ететінін, бұл дерттің алдын алу үшін әрбір жас өзін-өзі тәрбиелеуге, дұрыс таңдау жасауға ұмтылуы қажет екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, елімізде жастарға жасалып отырған мүмкіндіктер жайлы айтып, пайдалы істерге бағытталған жастардың белсенділігі қоғамның болашағына тікелей ықпал ететінін жеткізді.
Кездесуде депутат жастармен ашық сұхбат құрып, құқықтық сауаттылық, салауатты өмір салты, және қоғамдағы белсенділіктің маңыздылығы туралы ой бөлісті. Есірткінің заң тұрғысынан жауапкершілігі, оның ауыр салдары мен қылмыстық жаза түрлері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Оқушылар өздерін қызықтырған тақырыптар төңірегінде сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды. Бұл іс-шара жасөспірімдерге өз болашағына байыппен қарау қажеттігін түсіндіріп, азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталды.
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің жастар арасында қазақстандық патриотизмді насихаттау, ұлттық құндылықтарды сақтау және жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда Жаңатұрмыс ауылындағы Қ.Сәтпаев атындағы орта мектепте кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға Тараз қалалық мәслихатының депутаты Азамат Лесбек қатысып, жастарға ұлттық болмыс, туған жерге деген құрмет, және құқықтық жауапкершілік жайында мазмұнды сөз арнады. Спикер қоғамда орын алып жатқан жастар арасындағы кейбір келеңсіз жағдайлардың негізгі себебі – рухани құндылықтардан алыстау екенін айтып, бұл олқылықты жою үшін тәрбие мен патриоттық сезімді күшейту қажеттігін жеткізді. Кездесу ашық сұхбат форматында өтіп, оқушылардың белсенді қатысуымен жалғасты. Бұл шара олардың Отан алдындағы парызын терең сезінуге, ұлттық сана-сезімді ұлықтауға бағытталды.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар арасында қазақстандық патриотизмді насихаттау, ұлттық құндылықтарды сақтау және жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда.
Каменка ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектепте оқушылармен кезекті кездесу өтті. Кездесудің спикері – Тараз қалалық мәслихатының депутаты Азамат Лесбек жастардың ұлттық құндылықтарға деген көзқарасы, қазіргі қоғамдағы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың себептері туралы ой бөлісті.
Депутат ұлттық рух, отанға деген сүйіспеншілік, ата-ананы құрметтеу сынды ұстанымдардың әр адамның бойында мықтап орнығуы керектігін атап өтті. Ол сондай-ақ жастарды жауапкершілікке, білімге, өз болашағына бейжай қарамауға шақырды.
Іс-шара барысында оқушылар өз ойларын ашық білдіріп, түрлі сұрақтар қойып, пайдалы кеңестер алды. Кездесу патриоттық тәрбие беруде үлкен маңызға ие болды

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар арасында қазақстандық патриотизмді насихаттау, ұлттық құндылықтарды сақтау және Жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын ала іс шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Еңбекші ауылы, Абай атындағы орта мектебінде оқушылармен кездесу өткізілді. Кездесуде Тараз қалалық маслихатының депутаты Азамат Лесбек оқушыларға ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, олардың қазіргі таңда қаншалықты маңыздылығы жойылып бара жатқандығы туралы сөз сөйледі. Қазіргі таңдағы жастардың құқық бұзуы, нешетүрлі қылмыстыстың осы адам бойындағы құндылықтардың әсіресе, ұлттық құндылықтардың тапшылығынан болуын алға тартты. Еліміздегі әр өскелең ұрпақтың өз жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыруда маңызды тұжырымдар айтылды. Кездесу оқушылардың партиоттық сезімін оятуға, олардың туған елге қызмет жасауына, отанға деген махаббатын оятуға үлкен бір септігін тигізді.


Этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған келесі кездесу Жаңатұрмыс ауылындағы Қ.Сәтпаев атындағы орта мектепте өтті.Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі, Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің аудан тұрғындары арасында этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға және насихаттау тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобаны іске асыруда. Кездесу спикері – Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының атқарушы директоры, заңгер Өмірбеков Данияр Маратұлы оқушылар мен ұстаздармен ашық диалог өткізді. Өз сөзінде ол қоғамдағы тұрақтылық пен бейбіт өмірдің негізі – этносаралық келісім екенін айтып, бұл құндылықтарды күнделікті өмірде сақтау маңыздылығына тоқталды.
Спикер құқықтық мәдениетті қалыптастыру, түрлі этностардың тең құқықтылығы, азаматтық жауапкершілік туралы түсінікті тілде баяндап, қатысушыларға пайдалы ақпарат берді.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі, Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің аудан тұрғындары арасында этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға және насихаттау тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобаны іске асыруда. Мемлекеттік әлеуметтік жоба аясында Каменка ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектепте этносаралық келісімді насихаттауға арналған кездесу ұйымдастырылды.
Шараға Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының атқарушы директоры, тәжірибелі заңгер Өмірбеков Данияр Маратұлы қатысты. Өз сөзінде ол еліміздегі этностық алуан түрлілік – қоғамның байлығы екенін, ал келісім мен бейбіт өмір – баршамыздың ортақ құндылығымыз екенін атап өтті.
Заңгер жастарды өз құқықтарын білуге, қоғамдағы түрлі ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға, келісім мен ынтымақтастықты сақтауға шақырды. Қатысушылардың сұрақтарына заң аясында нақты жауаптар беріліп, құқықтық кеңестер ұсынылды.
Шара барысында оқушылардың белсенділігі ерекше байқалды. Олар қоғамдағы достық пен бірлік туралы пікірлерімен бөлісті, бұл кездесудің тәрбиелік мәні зор болды.

11 бет. Барлығы: 39
11 Сәуір 2025
126