"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам

Қоғам

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасының “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы аясында әртүрлі форматта іс-шаралар ұйымдастырылуда. Акция аясында 2 мөлтек ауданында жастар арасында кіші футболдан турнир өткізілді.

Аталған турнирдің басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, бос уақытты тиімді пайдалану және командалық рух пен достық қарым-қатынасты нығайту болды. Турнирге 2 мөлтек ауданы мен көршілес аумақтардың белсенді жастары қатысып, өзара тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті. Жарыс бірнеше кезең бойынша өтті. Алғашқы айналымда командалар топтық жүйе бойынша ойнап, үздік ойыншылар мен командалар іріктелді. Қорытынды кезеңде тартысты ойын өрбітіп, финалдық кездесуде мықтылар анықталды. Жанкүйерлер өз командаларына қолдау көрсетіп, алаңда нағыз спорттық атмосфера қалыптасты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар, кубоктар және бағалы сыйлықтар табысталды. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға белсенділігі мен спортқа деген қызығушылығы үшін алғыстарын білдіріп, мұндай турнирлердің жастардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, оларды нашақорлық пен зиянды әдеттерден алшақ болуға тәрбиелейтінін атап өтті.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асып жатқан “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы аясында жастардың білімін арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді.

Осы бағытта жастар арасында зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушылардың білім деңгейін арттыру, салауатты өмір салтын дәріптеу және ой-өрісін кеңейту болды. Ойын барысында қатысушыларға түрлі тақырыптағы сұрақтар қойылып, олар өзара пікір алмасып, нашақорлықтың алдын алу жолдары жөнінде ой бөлісті. Жастар белсенділік танытып, логикалық ойлау қабілеттері мен өмірлік көзқарастарын көрсетті. Іс-шара соңында белсенділік танытқан топтар мен жеңімпаздар арнайы марапаттармен және алғыс хаттармен құрметтелді.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырып жатқан «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға, есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында іс-шаралар өз жалғасын табуда. Түрлі спорттық және тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылып, жастардың белсенді қатысуына жағдай жасалуда. Жоба аясында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде үстел теннисінен «Ракетка ритмі» атты турнир өтті. Бұл жарыс жастардың қызығушылығын арттырып, спортқа деген ынтасын күшейтті. Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар өз ептіліктерін, жылдамдықтарын және ойын тактикасын шебер көрсете білді. Қатысушылар арасында өзара қолдау мен әділ бәсеке орнап, достық атмосферасы қалыптасты. «Ракетка ритмі» турнирі жастар арасында үстел теннисін кеңінен насихаттап қана қоймай, олардың бос уақытын тиімді өткізуіне, денсаулықты нығайтуына және ұжымдық қарым-қатынасты дамытуына үлкен үлес қосты. Осындай спорттық іс-шаралар жастарды белсенді өмір салтына ынталандырып, олардың жан-жақты дамуына ықпал етуде.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асып жатқан “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы аясында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қатысушыларға есірткінің адам өмірі мен қоғамға тигізетін зияны жан-жақты түсіндіріліп, оның тек қолданушылар үшін ғана емес, оны таратушылар мен жасырушылар үшін де аса қауіпті екені атап өтілді. Мамандар жастарға «есірткі қылмысын жасыру – қылмысты қолдау» деген ұстанымның маңызын жеткізіп, әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі туралы ой қозғады. Дөңгелек үстелге Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Айгерім Асанқызы Каукешова және Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің меңгерушісі Ұлжан Медербекқызы Каленова қатысып, тақырып бойынша маңызды мәліметтер мен нақты мысалдар келтірді. Олар жастарды есірткіге қарсы тұруда белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды.

Дәрістің басты мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, есірткінің заңсыз айналымына «жол жоқ» екенін ұғындыру болды. Іс-шара қатысушылар арасында ашық пікір алмасуға мүмкіндік беріп, жастардың өз ойларын еркін жеткізуіне жағдай жасады. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, есірткіге қарсы тұрудың маңыздылығын ұғынуға және қоғамда салауатты, қауіпсіз өмір салтын таңдауға бағыт береді.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында өткізген “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы шеңберінде жастар арасында арнайы біршама челлендж видео түсірілді. Бұл іс-шараның басты мақсаты – жастардың назарын салауатты өмір салтына аудару, есірткіге қарсы белсенділік таныту және әлеуметтік желі арқылы кең аудиторияға оң әсер қалдыру. Челленджке қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін пайдалана отырып, қысқа бейнероликтер арқылы есірткіге «жоқ» деп айту, достар мен көршілерді салауатты өмірге шақыру идеяларын көрсетті. Түсірілім барысында: Жастар түрлі креативті тәсілдермен өз ойларын білдіріп, қызықты әрі көркем визуалды эффектілер қолданды, қатысушылардың бейнероликтері достық, командалық рух, шығармашылық және позитивті энергияны көрсетуге бағытталды; әлеуметтік желілерде жарияланған видеолар арқылы жастар арасында салауатты өмір салты мен нашақорлыққа қарсы үндеулер кеңінен таралды; белсенді және креативті қатысушылар арнайы дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды.

Бұл челлендж тек көңіл көтеру үшін емес, жастардың санасына оң әсер етіп, оларды зиянды әдеттерден алшақ болуға ынталандырушы әлеуметтік акцияға айналды. Бейнероликтер жастардың өз ойын ашық жеткізуге, командада бірлесіп жұмыс істеуге және қоғамдағы маңызды тақырыптарға бейжай қарамауға үйретеді. Нәтижесінде, челлендж видеолары жастар арасында нашақорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға және ақпараттық сауаттылықты арттыруға нақты үлес қосты.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырып жатқан “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы аясында жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және есірткіге қарсы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылуда. Осы шаралар шеңберінде Тараз қаласындағы №3 орта мектеп-лицейінде Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ерекше сурет байқауы өткізілді. Байқау барысында оқушылар қылқалам мен бояудың тілі арқылы өздерінің азаматтық ұстанымдарын және өмірге деген көзқарастарын бейнеледі.

«Мен есірткіге қарсымын» тақырыбы аясында дайындалған туындылар қоғамға ой салатын терең мазмұнымен ерекшеленді. Жас суретшілер өз еңбектерінде болашаққа деген сенімділік пен үмітті, есірткісіз өмірдің жарқын бейнесін, сондай-ақ тәуелділіктің адам өміріне әкелетін зардаптарын көркем түрде жеткізе білді. Түрлі түстер мен бейнелер арқылы әрбір қатысушының ойы мен сезімі ерекше әсер қалдырды. Іс-шара барысында ұйымдастырушылар шығармашылықтың әлеуметтік мәселелерді жеткізудегі маңызына тоқталып, мұндай байқаулардың жастарға өз ойын еркін білдіруге және қоғамда дұрыс құндылықтарды қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған жұмыстардың авторлары грамоталармен және қаржылай сертификаттармен марапатталды. Бұл іс-шараның маңызы – жас ұрпақтың салауатты өмір салтына деген көзқарасын күшейтіп, есірткіге қарсы берік ұстанымын қалыптастырумен қатар, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыруда.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы шеңберінде жастар арасында алдын алу және ақпараттық-түсіндіру бағытындағы іс-шаралар жүйелі түрде өткізілуде. Осы жұмыстардың бірі ретінде «Нашақор 100 себебі» атты акция ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – жастардың есірткіге деген көзқарасын өзгерту, оларды салауатты өмір салтына баулу және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға шақыру болды.

Акция барысында қатысушыларға «неліктен нашақор болмау керек?» деген сұрақ қойылып, әр жас өз ойымен бөлісті. Нәтижесінде есірткіден алшақ болудың жүз түрлі себебі жинақталып, қатысушылар өз қолдарымен плакаттарға жазып, көрнекі түрде ұсынды. Бұл шығармашылық тәсіл жастардың жеке ұстанымын айқындап, бір-біріне ой салуға мүмкіндік берді. Іс-шараның маңыздылығы – жастарды есірткіге қарсы күресте белсенді азаматтық позиция ұстануға, өмір мен денсаулықтың құндылығын түсінуге және қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыруға ынталандыруында.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасының “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы аясында түрлі бағыттағы іс-шаралар өз жалғасын табуда.

Акция аясында Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақта қыздар арасында дарц атудан турнир өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ептілік пен мергендік қабілетті дамыту, сондай-ақ бос уақытты тиімді ұйымдастыру болды.

Турнирге белсенді қыздар қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті. Әр қатысушы жоғары зейінділік пен дәлдік танытып, ойын барысында қызықты сәттер мен нағыз жарыс рухы байқалды. Жарыс қорытындысы бойынша:
1-орынды – Қазиева Ақерке,
2-орынды – Әбдіманап Мөлдір,
3-орынды – Есенғали Жұлдызай иеленді.

Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және қаржылай сертификаттармен марапатталды. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіріп, мұндай спорттық турнирлердің жастардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, оларды зиянды әдеттерден аулақ болуға және өзара достық қарым-қатынасты нығайтуға септігін тигізетінін атап өтті.

 

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасының “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы аясында оқушылар үшін Кинологиялық қызмет орталығына экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар қызметтік иттердің жұмысымен жақын танысып, олардың есірткі заттарын қалай іздейтінін, бұйрықтарды нақты орындауын және шартты «қылмыскерлерді» ұстау кезіндегі әрекеттерін өз көздерімен көрді.

Экскурсия барысында мамандар қатысушыларға есірткі, соның ішінде синтетикалық заттардың зияны мен оларды қолданудың қауіпті салдары туралы маңызды ақпарат берді. Іс-шара оқушыларда нашақорлыққа қарсы берік иммунитет қалыптастыруға бағытталған. Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асқар Жұмабековтің айтуынша, «Тікелей қарым-қатынас пен жеке әсерді ештеңе алмастыра алмайды. Қызметтік иттер қылмыстарды ашуда ғана емес, алдын алу ісінде де сенімді серікке айналып отыр». Бұл іс-шара жастардың есірткіге қарсы санасын қалыптастырып қана қоймай, оларға құқық қорғау қызметінің маңызды жұмысымен танысуға және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға мүмкіндік берді.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасының “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы аясында жастарға арналған онлайн дәріс өткізілді. Дәрістің негізгі мақсаты – қатысушыларды есірткі қолданудың зияны мен салдары туралы хабардар ету, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсіндіру және жастардың бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыру болды. Онлайн дәріс барысында қатысушыларға презентациялар мен бейнематериалдар арқылы ақпарат беріліп, олардың сұрақтарына жауаптар берілді. Дәріс интерактивті форматта өтіп, жастардың белсенділігі мен қызығушылығын арттырды, тақырып бойынша пікір алмасу ұйымдастырылды. Іс-шараның маңыздылығы – жастарға есірткі мен зиянды әдеттердің қауіптері туралы нақты түсінік қалыптастырып қана қоймай, олардың салауатты өмір салтын ұстануға ынтасын арттыруда, саналы шешім қабылдауға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуінде.

8 бет. Барлығы: 39