Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» жобасы аясында Құлан ауылындағы Құлан мектеп-гимназиясында құқықтық-ағартушылық бағыттағы кезекті кездесу өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың отбасылық жауапкершілік, құқықтық сауаттылық және адами құндылықтар туралы түсінігін арттыру.
Кездесуде заңгер, Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының атқарушы директоры Өмірбеков Данияр оқушыларға отбасы ішіндегі заңдық қарым-қатынастар, ата-ана мен бала арасындағы құқықтар мен міндеттер жөнінде мазмұнды ақпарат ұсынды. Шараға мектеп ұжымы мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар белсенділік танытып, маманға сұрақтарын қойып, өз көзқарастарын ортаға салды. Кездесу пікір алмасу мен тәжірибе бөлісу алаңына айналды. Іс-шара оқушылар мен ұстаздар тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, пайдалы әрі мазмұнды кездесу ретінде бағаланды.
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында Т.Рысқұлов ауданы, Каменка ауылы,Б.Момышұлы атындағы мектебінде отбасы институтын нығайту бойынша кездесу өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында отбасы құндылықтарына деген көзқарасты қалыптастыру, отбасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту және құқықтық сауаттылықты арттыру болып табылады.
Кездесуге мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының атқарушы директоры, заңгер Өмірбеков Данияр қатысушыларға отбасы институтының маңыздылығы, ата-ана мен бала арасындағы құқықтық және моральдық жауапкершілік, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы отбасылық құндылықтар тақырыптарында мазмұнды баяндама жасады.
Сонымен қатар, кездесуде оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі түсінікті жауаптар беріліп, ашық пікір алмасу ұйымдастырылды. Қатысушылар кездесуден пайдалы ақпарат алып, отбасылық қарым-қатынас пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру жөнінде құнды мағлұматтарға қанықты
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында жүзеге асып жатқан «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» жобасы бойынша кезекті кездесу Ә.Бөкейханов атындағы орта мектепте өтті. Іс-шараға арнайы Тараз қаласынан арнайы Жамбыл облыстық наториаттық палатасының атқарушы директоры, заңгер Өмірбеков Данияр шақырылды. Өмірбеков Данияр қатысушыларға отбасылық құқық, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, отбасындағы өзара сыйластық, жауапкершілік секілді маңызды тақырыптарда мазмұнды баяндама жасады.
Тренинг формасында өткен кездесуде оқушылар белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Кездесу достық, ашық және сенімді атмосферада өтті. Шара соңында оқушылар мен мұғалімдер отбасы құндылықтары бойынша өз ойларын ортаға салып, маман тарапынан берілген кеңестердің өмірлік маңызы зор екенін атап өтті.
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Т. Рысқұлов ауданының Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінде оқушылар мен ұстаздарға арналған кездесу өтті.
Кездесуге арнайы Тараз қаласынан арнайы Жамбыл облыстық наториаттық палатасының атқарушы директоры, заңгер Өмірбеков Данияр шақырылды. Өмірбеков Данияр қатысушыларға отбасылық құқық, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, отбасындағы өзара сыйластық, жауапкершілік секілді маңызды тақырыптарда мазмұнды баяндама жасады.
Кездесу барысында оқушылар еркін форматта сұрақтар қойып, өмірлік мәні бар жауаптар алды. Спикер жасөспірімдердің ашықтығына ризашылығын білдіріп, әрқайсысына жеке мотивациялық кеңес айтты.
Шара соңында мектеп әкімшілігі мен оқушылар бұл кездесу жас ұрпақтың тұлғалық әрі психологиялық дамуына оң әсер еткенін айтып, алғыстарын білдірді.
«Құқығыңды білу міндет» жобасының «Өз құқығыңды біл» асеминарлары тұрғындардың құқықтық білімін арттыруға бағытталған. Жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен жүзеге асуда.
2024 жылдың 20 қарашасында жоба заңгерлері Астана қаласы тұрғындарына құқықтық білім берді. Заңгер Серікбол Қайратұлы «Азаматтардың түрлі сауалдары бар. Біреу азаматтық, біреу қылмыстық іс бойынша ақылдасқысы келеді. Біреу – тұрғын үй заңнамасы бойынша, біреу – еңбек, банк, жер, салық бойынша. Біреулерді отбасы мен неке мәселелері қызықтырады, басқалары мұрагерлік, жылжымайтын мүлік, айыппұлдар, несие беру, кибербуллинг және т.б. Көбінесе адамдар құқықтық жанжал туындаған жағдайда өзін қалай қорғау керектігін, неден бастау керектігін білмейді және бұл жерде «Өз құқығыңды біл» семинары өте тиімді болды» дейді.
“Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ қолдауымен «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында өз саласының білікті заңгерлерінің қатысуымен 2024 жылдың 7-8 қараша күндері Ақтөбе қаласында «Өз құқығыңды біл» тақырыбында семинарын ұйымдастырды.
«Семинар мақсаты - халықтың әлеуметтік мұқтаж топтарына және басқа да азаматтарға құқықтық көмек көрсету. Құқықтық ағарту, әсіресе мұқтаждар арасында құқықтық мемлекетті нығайтуға қызмет ететін болады», деді Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі заңгері Серікбол Қайратұлы.
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді әдісі болып табылады. Семинар құқықтық көмекті неғұрлым ауқымды түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Семинарға қатысушылар өз сұрағын қойып, оны заңгерлерден жауаптарын алды.
ҚР құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес 2030 жылға дейін азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері өзекті болып қала береді. Конституцияда белгіленген негізгі құндылықтарға сәйкес құқықтық сауаттылықты арттыру, азаматтарда құқықтық әлеуметтік белсенді мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында құқықтық насихат пен құқықтық біліммен байланысты жоспарлы жұмысты жалғастыру қажет. Сондай-ақ, Азаматтық қоғамды дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасында демократия жағдайында азаматтық қоғамды толыққанды қалыптастыру мен дамыту шарттарының бірі азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, сақтау және қорғау мүмкіндіктері мен тетіктерінің болуы, сондай-ақ мемлекеттің адам мен азаматтың құқықтарын жоғары құндылық ретінде тануы және қорғауы болып табылатыны атап өтіледі.
"Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ қолдауымен «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында өз саласының білікті заңгерлерінің қатысуымен 2024 жылдың 31 қазан күні Тараз қаласы, Тараз өңірлік университетінің мәжіліс залында «Өз құқығыңды біл» тақырыбында семинарын ұйымдастырды. Семинарға 100-ден астам адам қатысты.Тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптарын алды.
«KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қоры Жамбыл облысы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының «Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында сотталған діндәрларды оңалту мақсатында, 10 маманмен келісім шартқа қол қойылды. Келісім шарт бойынша атқарылатын жұмыстар: шақырылған мамандармен аптасына 1 рет, айына 4 рет, 7 айда 28 рет кездесу ұйымдастырылады. Әр маман кездесулер бойынша сотталған діндәр азаматтардың портреттерін, қандай діни ағымды ұстанғанын, кімнің уағызын тындайтынын, қандай кітап оқитынын анықтауда. Сонымен қатар, жоба аясында 2024 жылдың 30 қазан күні республикалық маңызы бар қаладан арнайы ұстаз Айтаев Икрам Сатибалдиевич шақырылды.Айтаев Икрам №58,25 түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Осы мақсатта бұған дейін дінтанушы маман Стамбакиев Нұржан Жақсылықұлы және Акимханов Асқар Болатбекұлы,белгілі ұстаз Ризабек Батталұлы шақырылған болатын. Аталған мамандармен №25,26,58,59,158/4 түзеу мекемелерінде кездесулер өткізілді.
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Дәстурлі емеc діни ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыру және алдын-алу бойынша іс-шаралар» тақырыбындағы әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында орналасқан мәдениет үйінде «Дін және жастар» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге 50-дан аса ауыл тұрғындары мен жастар қатысты. Кездесуге Тараз қаласынан арнайы дінтанушы, тарих мамандығы бойынша магистр Құттыбаев Дәурен Нұржанұлы шақырылды. Дәурен Нұржанұлы қатысушыларға жат ағымдардың сипаттарын, олардан төнетін қауіптер, дәстүрлі дін, дін мен дәстүр туралы ақпараттармен бөлісіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институты мен гендерлік саясатты нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын іске асыруда. Жоба аясында Т.Рысқұлов ауданы, мәдениет үйінде «Мықты отбасы-мықты мемлекеттің кепілі» тақырыбында рухани жаңғыру форумы өткізілді. Форумға аналар кеңесі мүшелері де қатысып, алғыс хаттармен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды. Форумды психолог-Марал Хантөреқызы жүргізді.
Отбасы – көптеген әлеуметтік қызметті атқаратын қоғамның іргелі негізі, олардың ең маңыздысы, балалардың дүниеге келуі мен тәрбиесі. Өйткені, қоғамды жаңғыртатын отбасы, ең алдымен отбасында мәңгілік рухани-адамгершілік құндылықтар, адамгершілік нормалар, отбасылық дәстүрлер, жалпы қабылданған ұғымдар – ар-намыс, ізгілік, әділдік бала бойына сіңіріледі.Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық – суығына бейімделіп, ықпалына көніп ер жетеді. Ата – ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері екендігі тілге тиек. Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы екендігін тереңірек ұғындыратын, таным мен тәлімге толы форум өтті.
6 бет. Барлығы: 29