Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасының “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы аясында оқушылар үшін Кинологиялық қызмет орталығына экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар қызметтік иттердің жұмысымен жақын танысып, олардың есірткі заттарын қалай іздейтінін, бұйрықтарды нақты орындауын және шартты «қылмыскерлерді» ұстау кезіндегі әрекеттерін өз көздерімен көрді.
Экскурсия барысында мамандар қатысушыларға есірткі, соның ішінде синтетикалық заттардың зияны мен оларды қолданудың қауіпті салдары туралы маңызды ақпарат берді. Іс-шара оқушыларда нашақорлыққа қарсы берік иммунитет қалыптастыруға бағытталған. Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асқар Жұмабековтің айтуынша, «Тікелей қарым-қатынас пен жеке әсерді ештеңе алмастыра алмайды. Қызметтік иттер қылмыстарды ашуда ғана емес, алдын алу ісінде де сенімді серікке айналып отыр». Бұл іс-шара жастардың есірткіге қарсы санасын қалыптастырып қана қоймай, оларға құқық қорғау қызметінің маңызды жұмысымен танысуға және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға мүмкіндік берді.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасының “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы аясында жастарға арналған онлайн дәріс өткізілді. Дәрістің негізгі мақсаты – қатысушыларды есірткі қолданудың зияны мен салдары туралы хабардар ету, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсіндіру және жастардың бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыру болды. Онлайн дәріс барысында қатысушыларға презентациялар мен бейнематериалдар арқылы ақпарат беріліп, олардың сұрақтарына жауаптар берілді. Дәріс интерактивті форматта өтіп, жастардың белсенділігі мен қызығушылығын арттырды, тақырып бойынша пікір алмасу ұйымдастырылды. Іс-шараның маңыздылығы – жастарға есірткі мен зиянды әдеттердің қауіптері туралы нақты түсінік қалыптастырып қана қоймай, олардың салауатты өмір салтын ұстануға ынтасын арттыруда, саналы шешім қабылдауға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуінде.


Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар арасында қазақстандық патриотизмді насихаттау, ұлттық құндылықтарды сақтау және жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында іс-шаралар өткізілуде. Кезекті іс-шара - Өрнек ауылындағы Алғабас орта мектебінде мазмұнды кездесу өтті. Іс-шара жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында ұйымдастырылды.
Кездесудің қонағы – гуманитарлық ғылымдар магистрі Жақыпов Ерзат Жасқанбайұлы жастармен ашық әңгіме жүргізіп, өз болашағына жауапкершілікпен қараудың, туған жерге адал қызмет етудің маңызын айтты. Спикер қоғамдағы кейбір келеңсіз жағдайлардың себебі рухани тәрбиенің әлсіреуінен екенін атап өтіп, бұл олқылықты білім мен парасат арқылы жою қажеттігін жеткізді. Ел ертеңін ойлайтын жастарды тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңіру басты бір діңгек ретінде қалыптастырудың маңызын түсіндірді.
Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, өз көзқарастарын ортаға салды. Шараның түпкі мақсаты – жастардың бойында елге деген сүйіспеншілік пен адамгершілік қасиеттерді арттыру болды.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Жамбыл облысы әкімдігінің "Дін проблемаларын зерттеу орталығы" КММ-нің тапсырысы аясында бірқатар жұмыстар жүргізуде.
Аталған жоба аясында 2025 жылдың мамыр айында Қордай ауданында әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Зерттеу барысында жергілікті тұрғындар мен мектеп оқушылары арасында бір реттік сауалнама ұйымдастырылып, дін мәселелеріне қатысты қоғамдық пікір анықталды. 
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар арасында қазақстандық патриотизмді насихаттау, ұлттық құндылықтарды сақтау және жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Әбдіжаппар ауылындағы №4 орта мектебінде жастармен кездесу өткізді. Шараның негізгі бағыты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, патриоттық сезім мен ұлттық бірегейлікті қалыптастыру.
Кездесуде гуманитарлық ғылымдар магистрі Жақыпов Ерзат Жасқанбайұлы оқушыларға қоғамдағы азаматтық ұстанымның рөлі, мәдени құндылықтарды сақтау және рухани дамудың маңызы туралы кеңінен баяндады. Спикер жастарды өз елінің тарихына құрметпен қарап, әр іске адалдықпен қарауға үндеді.
Іс-шара ашық сұхбат түрінде өтіп, қатысушылар ой еркіндігі мен пікір алмасу арқылы өзара түсіністік орнатты. Бұл кездесу жас буынның азаматтық сана-сезімін оятып, отансүйгіш рухын күшейтуге септігін тигізді.

«MOMYSHULY CUP II» аттымектеп оқушылары арасындағы облыстық пікірсайыс турнирі
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін Пікір» жастар қоғамдық бірлестігі «Жастар арасында пікірсайыс қозғалысын дамытуға бағытталған шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын іске асыруда. Жоба аясында Бауыржан Момышұлы атындағы №45 мектеп гимназиясында «MOMYSHULY CUP II»» атты мектеп оқушылары арасында облыстық пікірсайыс турнирі өткізілді. Пікірсайыс турнирінің мақсаты- жастардың сыни ойлауын дамыту, өзара білім мен парасаттылықтарын ортаға салып, халыққа дұрыс жеткізу тәсілдерін дамыту, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, тың ойлар мен шешімдер ұсына алатын жастарды тәрбиелеу болып табылады.
Облыстық пікірсайыс турниріне 20 дан астам команда, 40 тан аса пікірсайысшы қатысты. Турнир АПФ және ЛД форматында өтті, қатысушылар үш іріктеу ойынын ойнап, іріктеу раундының үздіктері плей оф раундына жолдама алды. Пікірсайыс турнирі өте тартысты өтті. Турнирдің нәтижесі бойынша АПФ форматында жүлделі 1-орынмен: Балапанқұл Айзере, Тоқтарбай Балауса марапатталды, жүлделі 2-орынмен: Есенғали Жұлдызай, Нұрмахамбетова Айгерім марапатталды, жүлделі 3-орынмен: Жолмаханова Ақбота, Еркінбай Іңкәр марапатталды. «Үздік талпыныс» номинациясымен Қайрат Бексейіт, Төлеу Ералы марапатталды. «Ең үздік спикер» номинациясымен Казим Сарымамед оглы марапатталды.

«Талап, еңбек, терең ой» атты облыстық пікірсайыс турнирі өтті
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін Пікір» жастар қоғамдық бірлестігі «Жастар арасында пікірсайыс қозғалысын дамытуға бағытталған шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын іске асыруда. Жоба аясында Жамбыл жоғары медициналық колледжінің қабырғасында «Талап, еңбек, терең ой» атты облыстық пікірсайыс турнирі өткізілді. Пікірсайыс турнирінің мақсаты- жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап өзара білім мен парасаттылықтарын ортаға салып, өзіндік көзқарастарын еркін білдіруге және көшбасшылық қабілеттерін шыңдауға, тың ойлар мен шешімдер ұсына алатын жастарды тәрбиелеу болып табылады.
Облыстық пікірсайыс турниріне 22 команда, 44 тан аса пікірсайысшы қатысты. Турнир АПФ және ЛД форматында өтті, қатысушылар үш іріктеу ойынын ойнап, іріктеу раундының үздіктері плей оф раундына жолдама алды. Пікірсайыс турнирі өте тартысты өтті. Жамбыл облысынан бөлек Шымкент қаласынан келген пікірсайысшылар да турнирге қатысып, өзара білім мен пікір алмасу алаңында бақ сынады. Турнирдің нәтижесі бойынша АПФ форматында жүлделі 1-орынмен: Серікұлы Еркебұлан, Өзбек Мағжан марапатталды, жүлделі 2-орынмен: Серікұлы Нұрдаулет, Дүйсени Жасұлан марапатталды, жүлделі 3-орынмен: Тілеумұрат Нұрдаулет, Нүрсүлеймен Бекарыс марапатталды. «Үздік талпыныс» номинациясымен Нұржан Күнжамал, Сейдіш Ұлжан марапатталды. «Үздік спикер» номинациясымен Бақберді Асланбек марапатталды. «Ең Үздік спикер» номинациясымен Дүйсени Жасұлан марапатталды. «Ең Үздік төреші» номинациясымен Ұзақбаев Садыр марапатталды.

«Дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыру және алдын-алу» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Мойынқұм ауданының Биназар ауылында діни қауіпсіздік бағытындағы кездесу өтті. Ауылдық клуб ғимаратында өткен іс-шараға ауылдың жастары мен тұрғындары белсенді түрде қатысты.
«Жат ағымнан сақтану» тақырыбындағы кездесуге арнайы шақырылған «Абдықадыр» мешітінің бас имамы, тәжірибелі дін маманы Дәурен Құттыбаев қатысып, қатысушылармен ашық әрі мазмұнды диалог жүргізді. Ол өз сөзінде бүгінгі күні қоғамда көрініс тауып отырған теріс діни бағыттардың таралу жолдарын, олардың жастарға әсер ету тетіктерін және олардың алдын алу үшін қандай шаралар қажет екенін тілге тиек етті.
Кездесу барысында қатысушылар дәстүрлі ислам мен шынайы діни танымның ара-жігін ажырату жолдарын білді. Сондай-ақ, имам жат ағымдардың әлеуметтік желі, бейресми уағыз-насихат арналары арқылы таралу мүмкіндігіне ерекше тоқталып, сақтық шаралары жөнінде нақты ұсыныстар берді. Кездесу қатысушылары тарапынан белсенділік байқалып, өзекті сұрақтар қойылып, ой-пікірлермен бөлісті. Іс-шара қоғамда діни тұрақтылық пен иммунитет қалыптастыруға бағытталған нәтижелі кездесу ретінде жоғары бағаланды.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыру және алдын-алу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жоба аясында Мойынқұм ауданы, Көкжелек ауылында ақпараттық-түсіндіру бағытындағы семинар ұйымдастырды. Шара ауыл әкімшілігінің мәжіліс залында өткізіліп, оған ауыл тұрғындары мен жоғары сынып оқушылары қатысты.
«Жастар санасын деструктивті діни идеологиядан сақтау» атты семинарда спикер ретінде «Абдықадыр» мешітінің бас имамы Дәурен Құттыбаев шақырылды. Білікті дінтанушы өз сөзінде қазіргі қоғамда жастардың деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсіп кету қаупін, сондай ағымдардың белгілерін және олардан сақтану жолдарын жан-жақты түсіндірді. Семинар барысында жастарға шынайы діни білімнің маңызы, дәстүрлі ислам құндылықтары мен ұлттық рухани негіздер жайында терең әрі мазмұнды мәліметтер берілді.
Спикер қатысушыларға нақты мысалдар келтіріп, жалған діни үгіт-насихаттың әлеуметтік қауіптері туралы ескертті. Шара соңында еркін форматта сұрақ-жауап ұйымдастырылып, қатысушылар көкейіндегі мәселелерге толыққанды жауап алды. Семинар өзекті тақырыптарды қамтып, жастар мен тұрғындардың діни сауаттылығын арттыруға сеп болды.


9 бет. Барлығы: 40
04 Маусым 2025
72