"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам

Қоғам
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Аудан тұрғындары арасында нашақорлықтың және есірткі бизнесін алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар” мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Мойынқұм ауданындағы Жастар ресурстық орталығында өткен “Жарқын болашақ” атты жастар арасындағы ой толғау ерекше форматта өтті. Шара мақсаты — жастарды ойлануға, өз болашағын дұрыс жоспарлауға ынталандыру. Ой толғауда психолог Марал Хантөреқызы жүргізді. Ол жастармен ашық пікір алмасып, оларға болашаққа қатысты сауалдар қойып, армандар мен мақсаттарды талқылауға шақырды. Әр қатысушы өз арманына жету жолында кездесетін кедергілер мен оларды жеңу жолдарын айтып, өз көзқарасын ортаға салды.
Кездесу барысында “Есірткіден аулақ өмір”, “Таза сана — сенімді қадам” сияқты ұрандар негізінде шағын топтық талқылаулар жүргізілді. Ой қозғайтын қатысушыларға мотивациялық сұрақтар ұсынылды. Кездесу аудан жастарының өмірге деген көзқарасын кеңейтуге, жауапкершілік сезімін арттыруға және қауіптің алдын алуға бағытталған маңызды қадам болды.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырып жатқан “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы шеңберінде жастарды нашақорлық пен зиянды әдеттердің алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізіледі. Акция барысында Халықаралық есірткінің зияны туралы ақпараттық материалдар тарату ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында есірткі қолданудың теріс салдары жайлы хабардарлықты арттыру, салауатты өмір салтын дәріптеу және тәуекелден аулақ болуға шақыру.

Акцияға қатысушыларға түрлі плакаттар, ақпараттық буклеттер мен кеңестер таратылып, олардың мазмұнында есірткінің адам ағзасына тигізетін әсері, құқықтық жауапкершілік және алдын алу жолдары туралы нақты деректер берілді. Қатысушылар материалдарды қолданып, тақырып бойынша пікірталастар жүргізіп, өз сауалдарын қойды. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар атап өткендей, мұндай акциялар жастардың есірткі қолданудың зияны туралы нақты ақпарат алуына мүмкіндік береді, салауатты өмір салтын таңдауға ықпал етеді және қауіпті мінез-құлықтан аулақ болуға тәрбиелейді. Сонымен қатар, жастардың жауапкершілікті сезінуі мен қоғамдағы белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

«Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес» күніне орай облыстық пікірсайыс турнирі өтті

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін Пікір» жастар қоғамдық бірлестігі «Жастар арасында пікірсайыс қозғалысын дамытуға бағытталған шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын іске асыруда. Жоба аясында Қайрат Рысқұлбеков паркінде ашық аспан асты «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес» күніне орай облыстық пікірсайыс турнирі өткізілді. Пікірсайыс турнирінің мақсаты- жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап өзара білім мен парасаттылықтарын ортаға салып, өзіндік көзқарастарын еркін білдіруге және көшбасшылық қабілеттерін шыңдауға, тың ойлар мен шешімдер ұсына алатын жастарды тәрбиелеу болып табылады.

Облыстық пікірсайыс турнирі АПФ және ЛД форматында екі лигада өтті, қатысушылар үш іріктеу ойынын ойнап, іріктеу раундының үздіктері плей оф раундына жолдама алды. Пікірсайыс турнирі өте тартысты өтті. Жамбыл облыстық студенттік лигадан бөлек мектеп оқушылары да турнирге қатысып, өзара білім мен пікір алмасу алаңында бақ сынады. Турнирдің нәтижесі бойынша АПФ форматында жүлделі 1-орынмен: «Дулати жастары» және «Фемида» фракциялары марапатталды,  жүлделі 2-орынмен: «Кракатау» және «Тәубесіне келгендер» фракциялары марапатталды, жүлделі 3-орынмен: «Тwix» және «Б.Момышұлы» фракциялары марапатталды. «Үздік талпыныс» номинациясымен «Өзіміздікілер» және «IQ duo» фракциялары марапатталды. «Ең Үздік спикер» номинациясымен Тілеумұрат Нұрдаулет және Есенғали Жұлдызай марапатталды. «Ең Үздік төреші» номинациясымен Бекмырза Айдана марапатталды.

 

 

 

 

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асып жатқан “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы аясында балалар мен жасөспірімдерге арналған түрлі форматтағы тәрбиелік және ойын-сауық іс-шаралар өткізіліп келеді.

Осы бағытта балаларға арналған аулалық спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл мерекелік акция балалармен маңызды тақырыптар туралы қарапайым әрі түсінікті тілде сөйлесудің, оларға өмірлік құндылықтарды жеткізудің жарқын үлгісіне айналды. Акцияның басты мақсаты – балаларға қуаныш сыйлау ғана емес, сонымен қатар салауатты өмір салтының маңыздылығына назар аударту, белсенді демалыс пен спорт арқылы олардың өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру болды. Іс-шара барысында полицейлер мен ұйымдастырушылар балаларға тосын сый жасап, аниматорлар мен ертегі кейіпкерлерінің рөлін сомдады. Балалар арқанмен секіріп, «Көңілді доп» ойынын ойнады, шар үрлеу жарысына қатысып, көтеріңкі көңіл-күйде уақыт өткізді. Ойындар мен жарыстар барысында балалардың жүздерінен шаттық пен қуаныштың нышаны байқалып, аулада нағыз мерекелік атмосфера орнады. Сонымен қатар, асфальтқа сурет салу байқауы ерекше қызығушылық тудырды. Онда балалар өз армандары мен қиялдарын түрлі түстермен өрнектеп, бақытты балалық шақ пен жарқын болашаққа деген үмітін бейнеледі. Бұл көрініс өз алдына кішкентай өнер көрмесіне айналды. Іс-шара соңында әр балаға жаздың әрі балалық шақтың тәтті нышаны саналатын балмұздақтар таратылып, күн әсерлі әрі қуанышты көңіл күймен аяқталды. Мұндай шаралар балалардың бос уақытын тиімді өткізуге, олардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға және ең бастысы — салауатты, есірткісіз болашаққа деген көзқарасын нығайтуға үлкен үлес қосады.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырып жатқан “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы шеңберінде жастарды нашақорлық пен зиянды әдеттердің алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізіледі. Осы бағытта Тараз қаласындағы мектеп оқушылары үшін Айша бибі кесенесіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Бұл шараның негізгі мақсаты – жас буынды туған өлкенің тарихи және мәдени мұрасымен тереңірек таныстырып, олардың бойында ұлттық сана мен отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, сонымен қатар бос уақыттарын тиімді әрі мазмұнды өткізуге жағдай жасау болды.

Экскурсия барысында оқушыларға Айша бибі кесенесінің тарихы, архитектуралық ерекшеліктері және оның бойында жатқан аңыздық оқиғалар кеңінен әңгімеленді. Балалар қазақ халқының мәдениетінде, руханиятында ерекше орын алатын бұл ескерткіштің маңызын сезініп, оның тарихына қызығушылықпен ден қойды. Тарихшылар мен экскурсия жетекшілері аңыздар арқылы оқушыларды адамгершілік, адалдық, мәңгілік махаббат пен рухани тазалық секілді асыл қасиеттерге баулыды. Балалар Айша бибі мен Қарахан арасындағы мәңгілік махаббат жайлы аңызды тыңдап, өткенге құрметпен қараудың маңызын түсінді. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар оқушыларға туған жердің әрбір тарихи нысаны – ұлт тарихының бір бөлшегі екенін, осындай киелі орындар ұлттың рухани жаңғыруының негізі болатынын жеткізді. Экскурсия соңында балаларға сусындар мен балмұздақтар таратылып, олардың көңілді де пайдалы күн өткізуіне мүмкіндік жасалды. Көптеген оқушылар өз әсерлерімен бөлісіп, тарихи ескерткіштерге деген қызығушылықтары артқанын айтты. Бұл шара жас буынның туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, олардың салауатты өмір салтын ұстануға, қоршаған орта мен тарихи мұраға ұқыпты қарауға тәрбиеледі. Мұндай мәдени-танымдық сапарлар өскелең ұрпақтың бойында ұлттық рухты, жауапкершілікті және ізгі құндылықтарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы жастар арасында есірткіге қарсы бағыттағы ағартушылық және тәрбиелік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Осы шаралардың бірі ретінде «Нашақорлықта болашақ жоқ» атты семинар-тренинг ұйымдастырылды. Тренинг барысында қатысушылар психологиялық, құқықтық және әлеуметтік тұрғыда пайдалы мәліметтер алып, ашық диалог форматында өз ойларымен бөлісті. Мамандар жастарға есірткі қолданудың физикалық, психологиялық және әлеуметтік зардаптары туралы кеңінен түсіндіріп, салауатты өмір салтын қалыптастырудың тиімді жолдарын атап өтті.

Іс-шараға Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Сухарев Андрей Викторович, басқарманың аға жедел уәкілі, полиция майоры Айгерім Асанқызы Каукешова, Тараз өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасы алдын алу бөлімінің аға офицері, подполковник Айнабеков Нұрғали Пердебайұлы, Жамбыл облысы Психикалық денсаулық орталығының психолог-дәрігері, нарколог Данилюк Ирина Владимировна, сондай-ақ Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы Бикенова Құралай Алпысбайқызы қатысып, тақырып аясында маңызды ақпараттар мен нақты деректер келтірді. Семинар-тренинг жастардың есірткіге қарсы көзқарасын қалыптастыруда, олардың құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыруда, сонымен қатар қоғамда салауатты өмір салтын насихаттауда үлкен маңызға ие болды.

 

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасының аясында іс-шараларды қарқынды түрде өткізуде. Аталған жоба шеңберінде жастардың белсенділігі мен жауапкершілігін арттыруға, олардың қоғамдағы өз орнын сезініп, әлеуметтік мәселелерге бейжай қарамауға бағытталған түрлі іс-шаралар қарқынды түрде ұйымдастырылуда.Жобаның бір маңызды бөлігі ретінде қала жастары арасында сауалнама жүргізілді. Бұл сауалнамада жастардың қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа деген жауапкершілік сезімін арттыруға байланысты ой-пікірлері, ұсыныстары мен көзқарастары жинақталды.Жастардың айтуынша, таза ауа, жасыл қала, қоқысты сұрыптау, суды үнемдеу – тек экологтардың немесе арнайы мекемелердің емес, әрбір саналы азаматтың азаматтық борышы болуы тиіс. Табиғатты аялау – болашаққа жасалған ең үлкен инвестиция. «Біздің қала – біздің табиғат, біздің табиғат – біздің болашағымыз» деген ой сауалнамаға қатысқан жастардың басты ұстанымына айналды. Сауалнама жастар жиі баратын саябақтар мен ойын-сауық орталықтарында өткізілді. Бұл өз кезегінде қала жастарының белсенді қатысуына мүмкіндік беріп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға деген қызығушылығын арттырды.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасының “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы аясында түрлі форматтағы іс-шаралар жалғасуда.

Акция аясында “Тараз сервис және технология колледжінде” жастар арасында волейболдан “Жастар спартакиадасы” ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және командалық рухты дамыту болды. Турнирге колледждің әр түрлі мамандықтарында оқитын 6 команда қатысып, өзара тартысты әрі қызықты ойын көрсетті. Әр команда жоғары деңгейдегі шеберлік пен ұйымшылдық танытып, жарыс барысында қызу бәсеке орын алды. Қорытынды бойынша: 1-орын – Аспаз-24-2 тобы, 2-орын – Повар-23-4 тобы, 3-орын – Аспаз-25-3 тобы жүлделі болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен қаржылай сертификаттар табыс етілді. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға белсенділіктері мен спортқа деген құштарлықтары үшін алғыс білдірді.

 

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырып жатқан «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» атты мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы аясында түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді. Осы акцияның аясында жастар арасында викториналық сұрақтар сайысы ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – білімділікті арттыру, ой-өрісті кеңейту, салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.

Сайысқа әртүрлі топтардан жастар қатысып, өз білімдерін сынап көрді. Қатысушылардың тапқырлығы мен жылдам ойлау қабілеті талап етілген сұрақтар арқылы тексерілді, ойын барысында қызықты әрі тартысты сәттер көп болды. Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға белсенділіктері мен білімге деген ынталары үшін алғыс білдіріп, мұндай викториналық сайыстардың жастардың ой-өрісін дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және зиянды әдеттерден алшақ болуға септігін тигізетінін атап өтті.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырып жатқан «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға, есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» жобасы шеңберінде жастарға арналған 10 түрлі бағыттағы оқыту курстары ұйымдастырылды. Аталған курстарға жастар қатысып, әрқайсысы үшін арнайы сертификаттар табысталды.
Жобаның негізгі мақсаты — жастардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттерден аулақ болуға бағыт беру, құқықтық мәдениетті арттыру және өз ортасында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту. Осы мақсатқа сәйкес ұйымдастырылған оқыту курстары әртүрлі мазмұнды қамтып, жастардың жан-жақты дамуына бағытталды.
Осылайша ұйымдастырылған 10 оқыту курсы жастардың денсаулығын нығайтуға, құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыруға, есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Барлық курс жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға өз әлеуетін дамытуға арналған құнды білім берді.
 

7 бет. Барлығы: 40