Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Қоғам

Қоғам

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «NEET санатындағы жастарды қолдау жүргізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасының аясында «Жас келсе іске» атты дөңгелек үстел отырысын өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – волонтерлік қызметті жетілдіру, жастар бастамаларын қолдау және көшбасшылық қасиеттерді дамыту арқылы жастардың белсенділігін арттыру болды. Қатысушылар тәжірибелі мамандармен бірлесіп волонтерлік жобаларды жоспарлау, қоғамдық бастамаларды жүзеге асыру жолдарын талқылады. Сонымен қатар жастар өз идеяларын ортаға салып, әлеуметтік жобаларды іске асырудағы тиімді әдістерді үйренді. Іс-шара барысында қатысушылар топтық және жеке форматтағы тапсырмалар арқылы көшбасшылық қабілеттерін дамытты, ұйымшылдық пен командалық жұмыс дағдыларын жетілдірді.

 

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында Т.Рысқұлов ауданы, Каменка ауылы,Б.Момышұлы атындағы мектебінде отбасы институтын нығайту бойынша кездесу өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында отбасы құндылықтарына деген көзқарасты қалыптастыру, отбасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту және құқықтық сауаттылықты арттыру болып табылады.

Кездесуге мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының атқарушы директоры, заңгер Өмірбеков Данияр қатысушыларға отбасы институтының маңыздылығы, ата-ана мен бала арасындағы құқықтық және моральдық жауапкершілік, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы отбасылық құндылықтар тақырыптарында мазмұнды баяндама жасады.

Сонымен қатар, кездесуде оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі түсінікті жауаптар беріліп, ашық пікір алмасу ұйымдастырылды. Қатысушылар кездесуден пайдалы ақпарат алып, отбасылық қарым-қатынас пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру жөнінде құнды мағлұматтарға қанықты.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің  «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» жобасы аясында Құлан ауылындағы  кезекті кездесу өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың отбасылық жауапкершілік, құқықтық сауаттылық және адами құндылықтар туралы түсінігін арттыру.

Кездесуде заңгер, Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының атқарушы директоры Өмірбеков Данияр оқушыларға отбасы ішіндегі заңдық қарым-қатынастар, ата-ана мен бала арасындағы құқықтар мен міндеттер жөнінде мазмұнды ақпарат ұсынды. Шараға мектеп ұжымы мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар белсенділік танытып, маманға сұрақтарын қойып, өз көзқарастарын ортаға салды. Кездесу пікір алмасу мен тәжірибе бөлісу алаңына айналды. Іс-шара оқушылар мен ұстаздар тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, пайдалы әрі мазмұнды кездесу ретінде бағаланды.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Т. Рысқұлов ауданының Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінде оқушылар мен ұстаздарға арналған психологиялық бағыттағы кездесу өтті.

Кездесуге арнайы шақырылған психолог — Рахымбердиева Шолпан Мұратқызы оқушылармен отбасы тәрбиесі, тұлғалық даму, қарым-қатынасты сауатты жүргізу және ішкі жан дүниенің тепе-теңдігін сақтау туралы ашық әңгіме өрбітті. Шараға 25-ке жуық оқушы мен педагогтер қатысты.

Маман жасөспірімдердің отбасындағы орны, ата-анамен өзара байланыс, түсіністік пен сенімнің қалыптасуы, сонымен қатар, күйзеліске қарсы тұру әдістері туралы кең көлемде баяндама жасады. Сонымен қатар, күнделікті өмірде кездесетін психологиялық қиындықтарды қалай жеңуге болатыны жайлы пайдалы ақпарат берді.

Кездесу барысында оқушылар еркін форматта сұрақтар қойып, өмірлік мәні бар жауаптар алды. Спикер жасөспірімдердің ашықтығына ризашылығын білдіріп, әрқайсысына жеке мотивациялық кеңес айтты.

Шара соңында мектеп әкімшілігі мен оқушылар бұл кездесу жас ұрпақтың тұлғалық әрі психологиялық дамуына оң әсер еткенін айтып, алғыстарын білдірді.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында жүзеге асып жатқан «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» жобасы бойынша кезекті кездесу Ә.Бөкейханов атындағы орта мектепте өтті. Іс-шараға арнайы шақырылған психолог маман — «Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Рахымбердиева Шолпан Мұратқызы жасөспірімдермен және мектеп ұжымымен маңызды кездесу өткізді. Шараға жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдер қатысты.

Кездесу барысында спикер жасөспірімдерге отбасындағы эмоционалды қолдаудың маңыздылығын, ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынастың қалыптасуы, тұлғалық дамуда отбасының рөлін психологиялық тұрғыда түсіндірді. Шолпан Мұратқызы оқушыларға отбасылық қатынастарда кездесетін қиындықтарды шешу жолдарын, эмоцияны басқару, жанжал жағдайында сабыр сақтау сынды пайдалы кеңестер берді.

Тренинг формасында өткен кездесуде оқушылар белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Психолог әрбір сұраққа жеке тоқталып, өмірлік мысалдар келтіре отырып, нақты әрі пайдалы жауаптар берді.

Кездесу достық, ашық және сенімді атмосферада өтті. Шара соңында оқушылар мен мұғалімдер отбасы құндылықтары бойынша өз ойларын ортаға салып, маман тарапынан берілген кеңестердің өмірлік маңызы зор екенін атап өтті.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында Т.Рысқұлов ауданы, . Тренингке 30-дан аса оқушылар мен мектеп ұжымы қатысты. Кездесуге Тараз қаласынан арнайы Жамбыл облыстық наториаттық палатасының атқарушы директоры, заңгер Өмірбеков Данияр шақырылды. Өмірбеков Данияр қатысушыларға отбасылық құқық, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, отбасындағы өзара сыйластық, жауапкершілік секілді маңызды тақырыптарда мазмұнды баяндама жасады.

Тренинг барысында оқушылар мен мұғалімдер маманға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Сонымен қатар, қатысушылар арасында шағын пікірталас ұйымдастырылып, отбасы құндылықтарына байланысты ой-пікірлер ортаға салынды.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «NEET санатындағы жастарды қолдау жүргізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында түрлі бағыттағы іс-шаралар жүзеге асырылуда. Жоба аясында NEET санатындағы жастарды және қала тұрғындарын ақпараттандыру, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы түсіндіру мақсатында «Кеңес беру» алаңдары тұрақты түрде ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралар «Grand Bazar» сауда орталығында, «Тараз сервис және технология» колледжінде, «Жамбыл индустриалды-технологиялық» колледжінде, «Білім» колледжінде, «Болашақ» жоғары медициналық колледжінде, «Астана» колледжінде, Тараз қалалық «Мансаптық орталығы» филиалында, сондай-ақ «Coworking» залында және онлайн форматта өткізілді. Кеңес беру алаңдарының басты мақсаты – жастар арасында еңбек нарығындағы мүмкіндіктер, жұмысқа орналасу тәсілдері және қолжетімді мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен ақпарат беру болды. Кеңес беру алаңдарына «Мансаптық орталық» филиалының мамандары, «Отбасы банк» АҚ өкілдері және басқа да серіктес ұйымдар қатысты. Іс-шара барысында жастарға «Жастар практикасы», «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Алғашқы жұмыс орны» жобаларының шарттары түсіндіріліп, Enbek.kz электронды еңбек биржасы арқылы жұмыс іздеу және тіркелу тәсілдері көрсетілді. Сонымен қатар, жастарға тұрғын үй алу, есепшот ашу және қаржылық сауаттылық бойынша кеңестер берілді. Нәтижесінде бірнеше жас өз атына есепшот ашып, болашақ кәсіби дамуына қажетті ақпараттармен қамтамасыз етілді. Барлығы 9 кеңес беру алаңы өткізілді. Жастар мен қала тұрғындарына еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар, мемлекеттік қолдау құралдары мен бағдарламалар жайлы толық мағлұмат берілді. Іс-шаралардың нәтижесінде NEET санатындағы жастардың мемлекеттік бағдарламаларға қызығушылығы артты, олардың кәсіби бағдарлануы мен әлеуметтік белсенділігі нығая түсті.

 

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда Т. Рысқұлов мектеп-лицейінде өткен кезекті іс-шара барысында психолог Әбдісаттар Ғалия Сағатқызы жасөспірімдердің отбасы ішіндегі рөлін ұғынуы, өзіндік бағасын арттыру және тұлғалық дамуына бағытталған мотивациялық тренинг өткізді.

Психолог отбасындағы эмоционалды қолдаудың бала дамуына әсерін тереңірек түсіндіре отырып, нақты әдістемелер мен өмірлік мысалдар арқылы оқушылардың санасына жеткізе білді. Әңгіме барысында отбасылық құндылықтар, сенімді қарым-қатынас, психологиялық денсаулықтың маңызы және күйзеліспен күресу тәсілдері сынды тақырыптар қозғалды.

Іс-шараға қатысушылар тренинг форматына бейімделіп, ашық сұхбатқа қатысты. Әрбір сұраққа психолог тарапынан нақты, тәжірибелік маңызы бар жауаптар берілді. Қатысушылар тарапынан кездесуге жоғары баға беріліп, осындай шаралардың маңыздылығы атап өтілді.

 

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. М. Горький мектебінде өткен кезекті ақпараттық-психологиялық кездесу отбасы тәрбиесінің бала психологиясына әсерін түсіндіруге арналды.

Іс-шарада маман-психолог Әбдісаттар Ғалия Сағатқызы қатысып, жасөспірімдердің тұлғалық қалыптасуында отбасының орны, бала мінезіндегі өзгерістердің себептері және оларға дұрыс реакция білдіру жолдары туралы баяндама жасады.

Кездесу оқушылардың ашық пікір білдіруіне, ішкі мәселелерін ортаға салуға жағдай жасайтын ортада өтті. Психолог жасөспірімдердің күнделікті өмірінде жиі кездесетін эмоционалды қиындықтармен күресу жолдарын, өз-өзіне сенімді болуды дамыту әдістерін түсіндірді.

Іс-шара барысында қатысушылардан түскен сұрақтарға кәсіби әрі өмірмен ұштасқан жауаптар беріліп, кеңес түрінде ұсыныстар айтылды. Оқушылар кездесуден үлкен әсер алып, болашақта мұндай пайдалы кездесулердің жалғасуына ниет білдірді.

 

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында Т.Рысқұлов ауданы, Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте де мазмұнды кездесу өтті. Психолог Әбдісаттар Ғалия Сағатқызы мектеп оқушыларымен және педагогтармен кездесе отырып, отбасы институтының жасөспірімнің психологиялық саулығына әсері, отбасылық қолдау және түсіністікке негізделген тәрбиенің артықшылықтары жөнінде кеңінен тоқталды.

Кездесу барысында қатысушылар ата-ана мен бала арасындағы эмоционалды байланыс, баланың өзін-өзі бағалауын қалыптастыру, сенімді орта құру мәселелерін талқылады. Психолог оқушыларды ашық диалогқа тарту арқылы олардың ішкі жан дүниесіне үңіліп, пайдалы практикалық кеңестер берді.

Шара мектеп ұжымының оң бағасына ие болып, оқушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.

Страница 19 из 39