"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам

Қоғам

«Komek.Demeu.kz» қоғамдық қоры Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қолдауымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету және түсіндіру жұмыстарын жүргізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобаны іске асыруда. Аталған жоба – пробация қызметінің есебіндегі азаматтарды қоғамға бейімдеу, құқықтық сауаттылығын арттыру, әлеуметтік қолдау көрсету және олардың қайта қылмысқа баруын болдырмауға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Жоба шеңберінде түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылуда.

 Солардың бірі – интеллектуалды ойын. Бұл шара пробация есебіндегі азаматтарды танымдық белсенділікке тарту, логикалық ойлау қабілетін дамыту, өзара ынтымақтастық пен серіктестікке бейімдеу мақсатында өткізілді. Интеллектуалды ойын барысында қатысушылар әртүрлі тақырыптарда сұрақтарға жауап беріп, білімдерін ортаға салды.

Шара нәтижесінде қатысушылар тек зияткерлік жарысқа қатысып қана қоймай, сонымен бірге қоғаммен тығыз байланыс орнатып, өз құқықтары мен міндеттері туралы мол мағлұмат алды. Мұндай іс-шаралар пробация есебінде тұрған азаматтардың әлеуметтенуіне, қоғамдық ортаға қайта бейімделуіне оң ықпал етеді.

 

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Аталған жоба аясында Мойынқұм ауданындағы «Coworking» білім орталығында қоғамның маңызды тетігі саналатын отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар қатысты. Шараның негізгі мақсаты – отбасы институтының қоғамдағы орнын айқындау, оның маңыздылығын ұғындыру және әлеуметтік осал топ өкілдерімен ашық диалог құру арқылы олардың санасында отбасыға деген жауапкершілік пен құрмет сезімін қалыптастыру болды. 

Кездесуге арнайы шақырылған маман – кәсіби психолог Марал Хантөреқызы отбасы бірлігінің қоғамдағы тұрақтылыққа әсері, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, дұрыс тәрбие беру жолдары және тұлғалық дамуда отбасының рөлі туралы жан-жақты баяндама жасады. Ол өмірлік мысалдар мен кәсіби тәжірибесіне сүйене отырып, қатысушыларға терең әрі пайдалы ақпараттар ұсынды.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маман тарапынан нақты жауаптар мен практикалық кеңестер алды. Сонымен қатар, диалог түрінде өткен ашық пікір алмасу барысында әр қатысушы өз ойын еркін білдіріп, отбасы тақырыбы төңірегінде өзара тәжірибе алмасты. Шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай кездесулердің маңызын ерекше атап өтті. 

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Аудан тұрғындары арасында нашақорлықтың және есірткі бизнесін алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар” мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Мойынқұм ауданындағы “Coworking” білім орталығында “Нашақорлықсыз болашақ” атты семинар-тренинг өтті. Шараға пробация есебіндегі азаматтар мен азаматшалар қатысты.

Семинарды заңгер Өмірбеков Данияр Маратұлы жүргізді. Ол шараға қатысушылармен ашық әңгіме өрбітіп, олардың ішкі күйзелістерінің себептері, қысым жағдайында қалай әрекет ету керектігі туралы психологиялық кеңестер берді. Тренинг кезінде  өмірлік мақсаттар туралы әңгімелеп, мотивациялық жаттығулар орындады.  Сонымен қатар, есірткі мен түрлі зиянды әдеттерге “жоқ” деп айтудың маңыздылығы айтылды. Бұл шара өзін-өзі дамытуына, сана-сезімін нығайтуға және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға үйретті.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Аудан тұрғындары арасында нашақорлықтың және есірткі бизнесін алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар” атты мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Бірлік ауылында “Нашақорлықсыз болашақ” атты психологиялық тренинг өткізді. Іс-шара ауылдық мәдениет үйінің мәжіліс залында өтті. Жиынға ауыл тұрғындары, жастар, мектеп мұғалімдері және ата-аналар қатысты. Тренингтің негізгі мақсаты — есірткіге тәуелділіктің адам психологиясына, денсаулығына және әлеуметтік ортасына тигізетін зиянын түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау және ауыл жастары арасында нашақорлықтың алдын алу.

Кездесуге арнайы шақырылған спикер — Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының атқарушы директоры, заңгер Өмірбеков Данияр Маратұлы. Ол өз сөзінде нашақорлықтың құқықтық және әлеуметтік салдарына кеңінен тоқталып, жастардың теріс жолға түсуіне әкелетін себептерді нақты мысалдармен түсіндіріп берді. Заңгер ретінде есірткі қолданудың қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін, мұндай әрекеттердің болашаққа кері әсер ететінін атап өтті. Психологиялық бағыттағы тренинг барысында қатысушыларға өмірден алынған нақты оқиғалар мысалға келтірілді. Сонымен қатар, жастармен ашық диалог ұйымдастырылып, өз ой-пікірлерін айтуға мүмкіндік берілді.

Шара соңында қатысушыларға есірткіге қарсы иммунитет қалыптастырудың маңыздылығы туралы ақпараттық таратпа материалдары таратылды. Тренинг ауыл жастарының өмірге деген көзқарасын кеңейтуге, жауапкершілік сезімін арттыруға және қауіптің алдын алуға бағытталған маңызды қадам болды.

 

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Аталған жоба аясында Мойынқұм ауданына қарасты Бірлік ауылында оқушылармен «Бақытты балалық шақ» атты психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында отбасылық құндылықтарға деген оң көзқарас қалыптастыру, балалардың психологиялық саулығын арттыру және олардың жеке тұлғалық дамуына қолдау көрсету болды.

Тренингке ауылдық мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты. Психолог маман балалардың жас ерекшеліктеріне сай түрлі психологиялық жаттығулар мен ойын түрлерін өткізіп, бала психологиясы, өзін-өзі тану, ішкі сенімділік пен эмоцияны басқару тақырыптарында мазмұнды ақпараттар берді. Тренинг барысында қатысушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізіп, бір-бірімен пікір алмасуға мүмкіндік алды. Ашық әрі сенімді атмосферада өткен бұл шара балалардың көңіл күйіне оң әсер етіп, олардың рухани дамуына серпін берді.

Іс-шара соңында қатысушылар мен мектеп әкімшілігі ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай тәрбиелік мәні жоғары кездесулердің тұрақты өткізіліп тұруының маңыздылығын атап өтті.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Аудан тұрғындары арасында нашақорлықтың және есірткі бизнесін алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар” мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Шығанақ ауылында “Есірткінің зияны” атты ақпараттық кездесу өткізілді.

Іс-шара ауылдық мектептің мәжіліс залында ұйымдастырылып, оған ауыл жастары, мұғалімдер, ата-аналар және белсенді азаматтар қатысты. Шараның басты мақсаты — жастар арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, оның зиянды салдары жөнінде жан-жақты түсінік беру және құқықтық сауаттылықты арттыру болды. Шақырылған арнайы спикер — Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының атқарушы директоры, заңгер Өмірбеков Данияр Маратұлы. Ол кездесу барысында есірткінің адам денсаулығына, отбасылық жағдайға, оқу үлгеріміне және қоғамға тигізетін кері әсерлеріне кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, есірткі айналымына қатысқандардың құқықтық жауапкершілігі, қылмыстық жаза түрлері туралы нақты заңдық деректер келтірді.

Кездесу барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, өмірде кездесетін нақты жағдайлар арқылы талқылау жүргізілді. Жастар тарапынан белсенділік байқалып, олар есірткіге қарсы өз көзқарастарын ашық білдіріп, алдын алу шараларына қатысуға дайын екендіктерін жеткізді.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыру және алдын-алу» атты мемлекеттік әлеуметтік жоба аясында Мойынқұм ауданы, Шығанақ ауылында «Жат ағымнан сақтану» атты ойтолғау өткізді. Іс-шара ауыл әкімдігінің мәжіліс залында ұйымдастырылып, оған ауыл жастары, жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдер қатысты. Аталған кездесудің басты мақсаты – жастар мен тұрғындар арасында діни экстремизмнің алдын алу, радикалды идеологияларға қарсы иммунитет қалыптастыру болды.

Шараға спикер ретінде “Абдықадыр” мешітінің бас имамы Құттыбаев Дәурен арнайы шақырылды. Өз баяндамасында ол XXI ғасырда жиі кездесетін діни алауыздықтар мен экстремистік көзқарастардың шығу себептерін, олардың жеке тұлға мен қоғамға әкелер зардаптарын тереңірек түсіндірді. Имам радикалды ағымдардың белгілері мен олардан сақтанудың нақты жолдарын көрсете отырып, дәстүрлі ислам мен жалған діни уағыздардың айырмашылығына баса назар аударды. Сонымен қатар, қазіргі таңда әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігінде тарап жатқан жалған діни ақпараттарға сенбеу қажеттігін атап өтті.

Семинар барысында қатысушылар белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Құттыбаев Дәурен әр сұраққа нақты әрі тұщымды жауап беріп, қатысушыларға пайдалы ақпарат ұсынды. Кездесу жастардың діни көзқарасын нығайтуға, дәстүрлі рухани құндылықтарға деген сенімін арттыруға және олардың діни сауаттылығын көтеруге ықпал етті.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қолдауымен жүзеге асып жатқан мемлекеттік әлеуметтік жоба аясында Мыңарал ауылында «Жастар санасын деструктивті діни идеологиядан қорғау» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шара ауылдық мәдениет үйінде өтті. Кездесуге ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары, ұстаздар мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Шараның мақсаты — жастар арасында діни сауаттылықты арттырып, дәстүрлі емес ағымдардың ықпалынан қорғау. Шақырылған спикер – Жамбыл облысы әкімдігі дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы, тәжірибелі теолог Қырықбай Саян Батырұлы.

Өз сөзінде теолог қазіргі қоғамда дәстүрлі дін мен деструктивті діни ағымдардың аражігін ажырату аса маңызды екенін атап өтті. Ол жастарға деструктивті топтардың тарту әдістерін, олардың идеологиялық қателіктерін, сондай-ақ ұлттық рухани қауіпсіздік мәселелерін жан-жақты түсіндірді. Семинар барысында нақты мысалдар келтіріліп, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары туралы айтылды. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды. Шара деструктивті діни ағымдардың таралуын тежеуге, жастарды рухани тұрғыдан қолдауға және діни сауаттылықты арттыруға бағытталған тиімді іс-шаралардың бірі болды.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Аудан тұрғындары арасында нашақорлықтың және есірткі бизнесін алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар” мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Мыңарал ауылында ұйымдастырылған “Салауатты өмір салты” атты семинар — нашақорлық пен зиянды әдеттердің алдын алуға бағытталған кешенді жұмыстардың жалғасы болды.

Іс-шараға ауылдың белсенді жастары, ауыл тұрғындары және мектеп оқушылары қатысты. Семинарда сөз алған заңгер Өмірбеков Данияр Маратұлы есірткінің таралу жолдары, заңмен қарастырылған жаза түрлері, оны тұтынудың қоғамға тигізетін залалын нақты деректермен баяндап берді.

Семинар барысында “Салауатты өмір салтын неге таңдауымыз керек?”, “Зиянды әдеттердің алдын алу жолдары” сынды тақырыптар қамтылды. Қатысушылар еркін пікір алмасып, пайдалы ақпарат алды. Спикер жастарға үлгі болатын азаматтар туралы айтып, әр адамның өз таңдауына жауапты екенін жеткізді. Шара соңында қатысушыларға ақпараттық жадынамалар таратылды.

 

Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Т.Рысқұлов мектебінде "Шалыс баспа" тақырыбында ақпараттық кездесу өтті. Іс-шара Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі мен Мойынқұм ауданының ішкі саясат бөлімі жүзеге асырып жатқан нашақорлықтың және есірткі саудасының алдын алуға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік жоба аясында ұйымдастырылды. Кездесуде спикер Берекеева Динара оқушыларға есірткіге әуестенудің адам өміріне тигізер кері әсері туралы кеңінен баяндап, оның жасөспірімдердің денсаулығына, оқуына және болашағына төндіретін қауіптерін нақты деректермен түсіндірді. Сонымен қатар, заң талаптары мен жауапкершілік түрлері де мысалдар арқылы жеткізілді. Оқушылар түрлі жағдайлар бойынша сұрақтар қойып, маманмен ашық әңгіме жүргізді. Жасөспірімдерге күмәнді ортадан аулақ болу, дұрыс шешім қабылдай білу, өз қауіпсіздігін қорғау жолдары үйретілді. Шара соңында қатысушылар мұндай түсіндіру жұмыстарының маңызы өте зор екенін айтып, мектеп ұжымына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірілді. Ұйымдастырушылар алдын алу іс-шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.

 

 

3 бет. Барлығы: 40