"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам

Қоғам

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Аталған жоба аясында Мойынқұм ауданына қарасты Хантау ауылында “Дәстүр” атты пікірталас өткізілді.

Жергілікті тұрғындардың қатысуымен ұйымдастырылған бұл шарада қоғамдағы отбасы рөлінің маңыздылығы, ұрпақ тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі мен өзара сыйластық мәселелері кеңінен сөз болды. Кездесуге арнайы шақырылған спикер – Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының атқарушы директоры, заңгер Өмірбеков Данияр Маратұлы өз саласының маманы ретінде отбасы мен заң арасындағы өзара байланысты, отбасылық қатынастардағы құқықтық нормаларды түсінікті әрі нақты мысалдармен жеткізе білді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар құқықтық сауаттылыққа, күнделікті өмірде туындайтын тұрмыстық жағдайлар мен оларды шешу жолдарына қатысты болды. Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесудің басты ерекшелігі – әр қатысушының белсенділік танытуы мен өзекті мәселелер төңірегінде еркін ой бөлісуі болды.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Аталған жоба аясында Мойынқұм ауданына қарасты Хантау ауылында “Дәстүр” атты пікірталас өткізілді.

Жергілікті тұрғындардың қатысуымен ұйымдастырылған бұл шарада қоғамдағы отбасы рөлінің маңыздылығы, ұрпақ тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі мен өзара сыйластық мәселелері кеңінен сөз болды. Кездесуге арнайы шақырылған спикер – Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының атқарушы директоры, заңгер Өмірбеков Данияр Маратұлы өз саласының маманы ретінде отбасы мен заң арасындағы өзара байланысты, отбасылық қатынастардағы құқықтық нормаларды түсінікті әрі нақты мысалдармен жеткізе білді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар құқықтық сауаттылыққа, күнделікті өмірде туындайтын тұрмыстық жағдайлар мен оларды шешу жолдарына қатысты болды. Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесудің басты ерекшелігі – әр қатысушының белсенділік танытуы мен өзекті мәселелер төңірегінде еркін ой бөлісуі болды.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыру және алдын-алу» атты мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Хантау ауылында «Радикалды діни көзқарастың жеке тұлға мен қоғамға кері әсері» атты ақпараттық кездесу өткізілді. Кездесу ауыл әкімдігінің мәжіліс залында өтті. Оған ауыл жастары, мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында діни тұрақтылықты қалыптастыру, теріс діни идеологиялардың алдын алу және оларға қарсы тұрудың жолдарын түсіндіру болды.

Кездесудің негізгі спикері – «Абдықадыр» мешітінің бас имамы, тәжірибелі дін маманы Дәурен Құттыбаев. Ол өз баяндамасында XXI ғасырда орын алып отырған діни алауыздықтардың пайда болу себептеріне тоқталып, олардың жеке тұлға мен қоғамға тигізетін зиянды тұстарын тереңірек ашып көрсетті. Имам жастарға жалған діни ағымдардың қалай әрекет ететінін, олардан сақтанудың қандай жолдары бар екенін нақты мысалдар арқылы түсіндіріп, дәстүрлі исламның мәні мен маңызын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде тарап жатқан күмәнді ақпараттарға сенбеу, діни білімді тек сенімді дереккөздерден алу қажеттігін айтты.

Кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасын тауып, қатысушылар өздерін мазалаған сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Бұл шара ауыл жастары үшін пайдалы әрі мағыналы өтті. Жастардың діни сауатын арттырып, рухани тәрбиесін жетілдіруге бағытталған кездесу өз мақсатына толықтай жетті.

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде кітап оқуды дәріптеу, білім алушылардың оқу белсенділігін арттыру және әдеби шығармаларды кеңінен насихаттау мақсатында «Оқырман ұлт – жарқын болашақ» атты кітап оқу байқауы ұйымдастырылды. Байқау барысында қатысушылар берілген шығармаларды алдын ала оқып, сол шығармалар бойынша өз білімдерін көрсетті. Әдеби шығармалар қамтылып, қатысушылар олардың мазмұнын, негізгі ойын және кейіпкерлердің ерекшеліктерін жан-жақты талдады. Іс-шара барысында қатысушыларға түрлі сұрақтар қойылып, шығармаларды қаншалықты түсінгені тексерілді. Сонымен қатар қатысушылар өздерінің кітаптан алған әсерлерімен бөлісіп, оқудың адам өміріндегі маңызы туралы ой қозғады.

Байқау қатысушылардың кітап оқу дағдыларын жетілдіруге, ойлау қабілетін дамытуға және өз пікірін еркін жеткізуге мүмкіндік берді. Әсіресе, шығармаларды талдау кезінде қатысушылардың терең ойлай білуі мен әдебиетке деген қызығушылығы анық байқалды. Іс-шара соңында үздік деп танылған қатысушылар қаржылай сертификаттармен марапатталды.

Аталған кітап оқу байқауы білім алушылардың рухани дүниесін байытып, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға үлкен ықпал етті. Кітап оқу – тек білім алудың ғана емес, тұлғалық дамудың маңызды құралы екені тағы бір мәрте дәлелденді.

 

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Ауданда отбасы күніне қарсы әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, аналардың қоғамдағы бейнесін көрсету мақсатында ұйымдастырылған аналар форумы жоғары деңгейде өтті. Аталған іс-шараға әр салада қызмет атқарып жүрген ардақты аналар, ауылдық округтерден келген белсенді әйел азаматтар және жастар қатысты.

Іс-шара барысында отбасының ұйытқысы болып жүрген, ауданға еңбегі сіңген бірқатар аналар қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін марапатталып, арнайы алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарға ие болды. Марапат иелерінің өмір жолдары жас ұрпаққа үлгі боларлықтай екені атап өтілді. Форумның негізгі мақсаты — ана рөлі арқылы отбасы құндылықтарын насихаттау, ұрпақ тәрбиесіндегі ананың маңызды орнын көрсету, әйелдердің қоғамдық белсенділігін арттыру болды. Шара барысында аналар отбасыдағы тәрбие, ұрпаққа үлгі болу, ұлттық құндылықтарды сақтау жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салып, жастарға өмірлік бағыт-бағдар беретін ақыл-кеңестер айтты. Аудандық филармония өнерпаздарының өнерін тамашалап, тұжырымды ой қалыптастырған форум көпшіліктің көңілінен шықты.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданының ішкі саясат бөлімінің «Аудан тұрғындары арасында нашақорлықтың жіне есірткі бизнесін алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында кезекті іс-шара Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектебінде өткізілді. Семинар барысында спикер Берекеева Динара нашақорлықтың болашаққа балта шабатындығын, зиянын  жас буынға түсіндірді. Бұл есірткі бизнесінің салдары қайда апарып соқтыратыны, зардабы оқушыларға өмірлік мысалдармен, заңдағы ережелермен кеңінен айтылды. Шара барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасуға мүмкіндік алды. Спикер жастардың арасында кездесетін тәуекелді жағдайлардың алдын алу жолдарын түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Сонымен қатар, кездесу барысында жасөспірімдердің дұрыс таңдау жасауына бағыт беретін түрлі жағдаяттық талдаулар жүргізілді. Оқушылармен бірге әрбір жағдайда қандай әрекет ету керектігі талқыланды.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Жамбыл облысы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасының әлеуметтік тапсырысы шеңберінде волонтерлік қызметті дамытуға бағытталған іс-шаралар жалғасуда.

Акция аясында “Тараз сервис және технология колледжінде” жастар арасында волейболдан “Жастар спартакиадасы” ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және командалық рухты дамыту болды. Турнирге колледждің әр түрлі мамандықтарында оқитын 6 команда қатысып, өзара тартысты әрі қызықты ойын көрсетті. Әр команда жоғары деңгейдегі шеберлік пен ұйымшылдық танытып, жарыс барысында қызу бәсеке орын алды. Қорытынды бойынша: 1-орынАспаз-24-2 тобы, 2-орынПовар-23-4 тобы, 3-орынАспаз-25-3 тобы жүлделі болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен қаржылай сертификаттар табыс етілді. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға белсенділіктері мен спортқа деген құштарлықтары үшін алғыс білдірді.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласында креативті индустрияны дамытуға арналған қайтарымсыз гранттардың салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.
Аталған жоба жастардың тың идеяларын қолдап, олардың креативті бастамаларын жүзеге асыруына мүмкіндік беруді көздейді. Жобаның ұйымдастырушысы – Тараз қалалық Жастар ресурстық орталығы.
Биылғы жылдың басында бастау алған бастама аясында 10 жеңімпаз жасқа бір миллион теңгеден грант табысталды. Бұл қаржы жастарға өз кәсібін ашуға, шығармашылық жобаларын жүзеге асыруға және жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға бағытталған.
Шара барысында жеңімпаздар арнайы сертификаттармен марапатталып, жобаларын таныстырды. Сонымен қатар, шара әрмен қарай концерттік бағдарламамен жалғасты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жоба алдағы уақытта да жалғасын тауып, жастардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыруға ықпал етпек.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» «Тараз қаласының жас ақын жазушыларды қолдау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде білім алушылар арасында кітап оқуды насихаттау, әдебиетке деген қызығушылықты арттыру және оқырмандық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Кітап оқу – рухани даму көзі» атты кітап оқу байқауы өткізілді.

Іс-шара барысында қатысушылар өздері оқыған шығармалар бойынша білімдерін ортаға салып, мазмұнын баяндап, негізгі идеяларын талдап, кейіпкерлердің іс-әрекетіне қатысты пікірлерін білдірді. Байқау аясында қазақ әдебиетінің көрнекті туындылары, атап айтқанда «Ай мен Айша», «Жусан иісі» және тағы да басқа шығармалар қамтылды. Қатысушылар тек мазмұндап қана қоймай, шығармалардың тәрбиелік мәнін ашып, олардың бүгінгі қоғамдағы маңыздылығына тоқталды. Әрбір қатысушы өз ойын еркін жеткізіп, кітап арқылы алған әсерімен бөлісті. Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Қатысушыларға оқыған шығармалары бойынша сұрақтар қойылып, олар өз білімдері мен дайындық деңгейлерін көрсетті. Сонымен қатар көркем сөйлеу, ойды жүйелі жеткізу дағдылары да бағаланды.

Іс-шара қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар анықталып, қаржылай сертификаттармен марапатталды. Бұл байқау білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, олардың ой-өрісін кеңейтуге және рухани дамуына оң әсерін тигізді.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін Пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Жамбыл облысы әкімдігінің Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан, жастар арасында волонтерлік қызметті дамытуға бағытталған жоба аясында әлеуметтік және денсаулық сақтау бағытындағы іс-шараларды жүйелі түрде өткізуде.

Осы аясында «Біргеміз» бағдарламасы бойынша «Саулық» атты қан тапсыру және донорлық қызмет көрсету акциясы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде жүзеге асырылды. Акцияның басты мақсаты – қан және донорлық қызмет арқылы өмір сақтауға үлес қосу, жастар арасында қайырымдылық пен еріктілік құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ салауатты өмір салтын қолдау болып табылады.

Іс-шара барысында волонтерлер белсенді түрде қатысып, қан тапсырды және донорлық қызметтің қоғам үшін маңыздылығы жөнінде ақпарат алды. Қатысушылардың әрқайсысы өз үлесін қосып, мұқтаж адамдарға өмір сыйлаудың бір жолына айналды.«Саулық» акциясы жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, волонтерліктің қоғамдағы рөлін айқын көрсетті. Мұндай іс-шаралар жастарды қайырымдылыққа баулып, қоғамдағы бірлік пен өзара қолдауды нығайтуға үлес қосады.

5 бет. Барлығы: 40