«KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қоры Жамбыл облысы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының «Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында сотталған діндәрларды оңалту мақсатында, 10 маманмен келісім шартқа қол қойылды. Келісім шарт бойынша атқарылатын жұмыстар:шақырылған мамандармен аптасына 1 рет, айына 4 рет, 7 айда 28 рет кездесу ұйымдастырылады. Әр маман кездесулер бойынша сотталған діндәр азаматтардың портреттерін, қандай діни ағымды ұстанғанын, кімнің уағызын тындайдытынын, қандай кітап оқитынын анықтауда.
Сонымен қатар,жоба аясында 2024 жылдың 16 қыркүйек күні республикалық маңызы бар қаладан арнайы ұстаз Ризабек Батталұлы шақырылды.Ризабек Батталұлы №158/4 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Осы мақсатта бұған дейін дінтанушы маман Стамбакиев Нұржан Жақсылықұлы және Акимханов Асқар Болатбекұлы шақырылған болатын. Аталған мамандармен №25,26,58,59 түзеу мекемелерінде кездесулер өткізілді.
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту және отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылында «Бақытты балалық шақ» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренингке 20-дан аса жастар мен ауыл тұрғындары, жаттықтырушылар мен спортшылар қатысты. Тренингке Тараз қаласынан арнайы “Сенімен Болашақ” Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының психологы Рахымбердиева Шолпан Мұратқызы шақырылды. Шолпан Мұратқызы қатысушыларға отбасының қоғамдағы ролі, жастардың қоғамдағы ролі, кризистік жағдайдан шығу, ата-ана мен баланың арасындағы байланыс туралы ақпараттармен бөлісіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тренинг соңында сұрақтар қойылып, кері байланыс орнатылды.
Мойынқұм ауданының шалғай орналасқан Мыңарал және Шығанақ ауылдарында Отбасы күніне орай мәдени шара өтті. Шараға ауыл тұрғындары, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Несіпбаева Жанар Қызырәліқызы, аналар кеңесінің төрайымы Шубаева Ғалия, Жамбыл облысы оқу ағарту ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының Мойынқұм аудандық комитетінің төрағасы Махамедов Бахтияр, Жамбыл облысының білікті психологы Исақұлова Марал Хантөреқызы, БАҚ өкілдері қатысты. Арнайы шақырылған қонақтар құттықтау сөздерін арнап, шараны ашқан соң психолог маман «Бақытты отбасының кілті» тақырыбындағы ой толғау өткізіп, пікір бөлісті. Әр адам өз өміріне өзгерістер енгізу, отбасындағы кризистик жағдайларды шешу мәселелері, жетістікке жету жолдары жайында тұщымды идеялар айтылды. Семинардың жалғасын концерттік бағдарлама жалғады. Ауылдардың жас өнерпаздары ән салып, би биледі. Іс-шара аясында бірнеше отбасы аудан әкімінің алғыс хаты мен бағалы сыйлықтар иеленді.
Мемлекет - отбасыдан басталатынын және бiздiң қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып Мемлекет басшысының Жарлығымен Отбасы күні елімізде қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде аталып өтiп келеді. Осы орайда Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту және отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы әлеуметтік жобасы аясында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Рухани тәрбиені дамытудың жолдары» тақырыбындағы семинар өтті. Семинарға аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Несіпбаева Жанар Қызырәліқызы, аналар кеңесінің төрайымы Шубаева Ғалия, Жамбыл облысы оқу ағарту ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының Мойынқұм аудандық комитетінің төрағасы Махамедов Бахтияр, Жамбыл облысының білікті психологы Исақұлова Марал Хантөреқызы, БАҚ өкілдері қатысты. Семинарда Мыңарал ауылының үлгілі отбасы үлгісін көрсете білген Алпысбаевтар әулеті, Сейсенбековтар әулеті, Ашировтар әулеті аудан әкімінің алғыс хаттарымен жарияланды.
«KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қоры Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің «Жамбыл облысының дін ахуалын зерттеу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыруда. Жоба аясында 2024 жылдың сәуір айында фокус топ отырысы ұйымдастырылып, діни ахуалға шолу жасалды. Сәуір айында Тараз қаласында 500 дана (қоғамдағы діни ахуалға баға бере алатын зиялы қауым, дінтану, әлеуметтану, саясаттану, философия пәнінің оқытушылары т.б) эксперттік сауалнама алынды. Жоба аясында арнайы халық арасынан алынатын сауалнама үлгісі тапсырыс берушімен келісіліп сәуір айында Тараз қаласы (800 адам), мамыр айында Жамбыл, Байзақ, Жуалы, Сарысу, Талас, Т.Рысқұлов (әр ауданнан 100 адам) аудандарынан, маусым айында Меркі, Қордай, Шу, Мойынқұм аудандарынан сауалнама алынды. Қазіргі таңда толтырылған сауалнамалардың жалпы саны 2000. Әлеуметтік сауалнама облыс тұрғындары арасында «face to face» - «жеке сұхбат» әдісі бойынша жүргізілді. Аталмыш жоба аясында жасалынып жатқан жұмыстар электронды бақ беттерінде және әлеуметтік желілерде уақытылы жаряланып отыр. Бүгінгі таңда «Алдаспан инфо» ақпараттық порталына 6 материал, әлеуметтік желі беттеріне 8 материал жарияланды. Қазір таңда алынған сауалнамалардың қорытынды сараптамасы жасалуда.
"Жаңа-Ру" жастар коалициясы "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ гранты аясында қиын өмірлік жағдайлардағы халықтың осал топтары бар мамандардың алгоритмін әзірледі. Өмірлік қиын жағдай адам өмірінің өту барысындағы тәртіптердің бұзылуынан және оларды қалыптасқан әрекеттермен шеше алмауынан пайда болады. Азамат өздігінен жоғалтқан әлеуметтік мәртебесін қайта қалпына келтіруі қиын екендігін түсінген жағдайда, мемлекеттік әлеуметтік қызметтер ұсыну орталықтарының көмегіне жүгінуіне болады. Өмірлік қиын жағдайда қалған азаматқа жедел әлеуметтік көмек және қолдау көрсетіледі. Орталыққа өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтар өз еркімен, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың (астананың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, емдеу мекемелері, ішкі істер саласындағы уәкілетті органдардың (полиция қызметкерінің баянаты, түзету мекемелерінен, пробациялық қызмет) жолдамалары бойынша қабылданады.
Осы жоғарыда ұсынылатын қызметтер нәтижесінде өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтар төмендегіше әлеуметтендірілген болып саналады.
1) Денсаулығында шағымы жоқ, жұмыс істеуге қабілетті азамат жоғалған құжаттарын қалпына келтіргенен соң «Еңбек мобильдігі орталығы» филиалы Мансаптық орталық арқылы жұмысқа орналасып, Орталықта тұрған кезеңінде өмір сүруге жеткілікті қаражат жинайтын болады. Әрі қарай, азамат өз қаражаты есебінен пәтер жалдап, өздігінен қалыпты өмір сүруі тиіс.
2) Денсаулығына әр түрлі факторлалдың салдарынан өз-өзіне қамқорлық жасай алмайтын жағдайдағы және әр түрлі денсаулығына қойылған диагноздардың салдарынан І, ІІ топ мүгедектігі анықталған азаматтар Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталықтарына (Қарттар үйі) орналастырылатын болады.
3) ІІІ топ мүгедектігі берілген азаматтар Еңбек мобильдігі орталығы» филиалы Мансаптық орталық арқылы денсаулық жағдайына сәйкес жұмысқа орналасып, қосымша табыс табады және тапқан қаражатын жинап пәтер жалдап қоғамға қайта қосылады.
4) Зейнет жасындағы азаматтар мен азаматшалар құжаттары қалпына келтірілген соң Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталықтарына (Қарттар үйі) орналастырылады.
Проект "Антинаркотикток": Новые Горизонты Профилактики
В последние месяцы проект "Антинаркотикток" стал значимым мероприятием в нашем городе, собрав вокруг себя активную молодежную аудиторию и активно взаимодействуя с ключевыми структурами общественной безопасности. Этот проект не только обеспечил платформу для образовательных мероприятий, но и стал эффективным инструментом в борьбе с наркотиками и пропагандой здорового образа жизни среди молодежи.
Основные цели проекта:
Профилактика наркомании: Целью проекта "Антинаркотикток" является предотвращение распространения наркотиков среди молодежи. Путем организации образовательных мероприятий, тренингов и семинаров, мы стремимся информировать студентов о вреде наркотиков для здоровья и общества.
Обучение безопасности: В рамках сотрудничества с департаментами полиции и кинологической службой, проект предоставляет студентам не только теоретические знания, но и практические навыки по обеспечению безопасности и предотвращению криминальной активности, связанной с наркотиками.
Использование социальных сетей: Один из ключевых аспектов "Антинаркотикток" — это использование современных социальных сетей, включая TikTok, для популяризации здорового образа жизни. Публикация образовательных видео и аудиоматериалов позволяет достигать широкую аудиторию молодежи и эффективно донести до них важные послания.
Масштабность и охват: За короткое время реализации проекта было проведено пять образовательных мероприятий, которые собрали более 1000 студентов нашего города. Это подтверждает актуальность и необходимость таких инициатив в нашем обществе.
Проект "Антинаркотикток" не только направлен на предотвращение наркотической зависимости, но и стимулирует молодежь к здоровому образу жизни, активному участию в общественной жизни и соблюдению законов. Мы уверены, что только совместными усилиями мы сможем создать безопасное и здоровое будущее для наших следующих поколений.
Тұрмыстық зорлық зомбылық елімізде өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Сондықтан бірлестік заңгерлері негізгі екі сұраққа жауап берді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау үшінқандай шаралар қарастырылған?
Жауап: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау үшінкелесі шаралар қарастырылған:
- қорғау нұсқамасын беру,
- дағдарыс орталықтарында зардап шеккендердіуақытша орналастыру,
- кінәлілерді әкімшілік немесе қылмыстықжауапкершілікке тарту,
- зардап шеккендерге психологиялық және заңгерлік көмек
Қорғаныс нұсқамасына жүгіну тәртібі қандай?
Жауап: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардапшеккен адам - қорғаныс ұйғарымын алу үшін ішкі істероргандарына (полицияға) жүгіне алады. Қорғау ұйғарымы 30 күнге дейін берілуі мүмкін және аталған ұйғарым бойынша жәбірленушіге жақындауға, онымен қарым-қатынас жасауғатыйым салынады. Сондай-ақ, кінәліні ортақ үйден кетуге міндеттейді.
«KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қоры ағымдағы жылдың 17 мамыр күні Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің Ішкі сааясат бөлімінің тапсырысы аясында «Діни сауаттылықты арттыру» тақырыбында Абай ауылы, Жамбыл атындағы орта мектебінде дінтанушы Құттыбаев Дәурен Нұржанұлы оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында қазіргі қоғамдағы жат ағымның жетегіне еріп кетпеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қоры ағымдағы жылдың 17 мамыр күні Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің Ішкі сааясат бөлімінің тапсырысы аясында «Діни сауаттылықты арттыру» тақырыбында Қарақыстақ ауылы, Жамбыл атындағы орта мектебінде дінтанушы Құттыбаев Дәурен Нұржанұлы оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында қазіргі қоғамдағы жат ағымның жетегіне еріп кетпеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Страница 8 из 26