Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Қоғам

Қоғам

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырып жатқан «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» атты мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы аясында түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді. Осы акцияның аясында жастар арасында викториналық сұрақтар сайысы ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – білімділікті арттыру, ой-өрісті кеңейту, салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.

Сайысқа әртүрлі топтардан жастар қатысып, өз білімдерін сынап көрді. Қатысушылардың тапқырлығы мен жылдам ойлау қабілеті талап етілген сұрақтар арқылы тексерілді, ойын барысында қызықты әрі тартысты сәттер көп болды. Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға белсенділіктері мен білімге деген ынталары үшін алғыс білдіріп, мұндай викториналық сайыстардың жастардың ой-өрісін дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және зиянды әдеттерден алшақ болуға септігін тигізетінін атап өтті.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырып жатқан «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға, есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» жобасы шеңберінде жастарға арналған 10 түрлі бағыттағы оқыту курстары ұйымдастырылды. Аталған курстарға жастар қатысып, әрқайсысы үшін арнайы сертификаттар табысталды.
Жобаның негізгі мақсаты — жастардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттерден аулақ болуға бағыт беру, құқықтық мәдениетті арттыру және өз ортасында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту. Осы мақсатқа сәйкес ұйымдастырылған оқыту курстары әртүрлі мазмұнды қамтып, жастардың жан-жақты дамуына бағытталды.
Осылайша ұйымдастырылған 10 оқыту курсы жастардың денсаулығын нығайтуға, құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыруға, есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Барлық курс жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға өз әлеуетін дамытуға арналған құнды білім берді.
 

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырып жатқан «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға, есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында іс-шаралар жалғасын табуда. Мақсаты – жастарды салауатты өмір салтына баулу, спорттық белсенділікті арттыру және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру болып табылады. Осы бағытта түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылып, жастардың белсенді қатысуына мүмкіндік берілуде.

Жоба аясында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде футболдан «Жастар спартакиадасы» өткізілді. Жарыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, командалық рухты танытты. Спартакиада жеңімпаздары медальдармен, кубоктармен, арнайы дипломдармен және қаржылай сертификаттармен марапатталды. Тартысты өткен сайыстың қорытындысы бойынша: 1-орын – «Фемида» командасы, 2-орын – Технология факультетінің студенттері, 3-орын – Жаратылыстану ғылымдары факультетінің студенттері иеленді. Жарыс барысында ерекше көзге түскен үздік ойыншылар да арнайы марапаттар мен қаржылай сертификаттарға ие болды. Бұл шаралар жастар арасында спортты насихаттап қана қоймай, олардың уақытын тиімді өткізуге, достық пен өзара сыйластыққа негізделген орта қалыптастыруға зор үлес қосты. 

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы оқушылардың танымдық көкжиегін кеңейтуге және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған түрлі тәрбиелік іс-шараларды да өткізіліп келеді. Осы бағытта мектеп оқушылары үшін музейге экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақты туған жердің тарихы мен мәдени құндылықтарымен таныстыра отырып, олардың бойында патриоттық сезім мен өмірге деген оң көзқарас қалыптастыру болды.

Экскурсия барысында оқушылар музей қорындағы тарихи жәдігерлермен танысып, елдің өткені мен бүгінгісі туралы мол мағлұмат алды. Сондай-ақ, мамандар балалармен әңгімелесу арқылы есірткі мен зиянды әдеттердің болашаққа тигізер кері әсері туралы түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап өтті. Мұндай танымдық шаралар жас ұрпақтың рухани дамуына, отансүйгіштік қасиетін нығайтуға және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеумен қатар, оларды есірткі мен жат қылықтардан алыс болуға үндейді.

 

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде жүзеге асырып жатқан «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және Жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасының “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы аясында әртүрлі форматта іс-шаралар ұйымдастырылуда. Акция барысындағы іс-шаралар ашық аспан аясында  пікірсайыс турнирінен бастау алды.

Пікірсайыс турнирі ағымдағы жылдың шілде айында өтті. Турнирге облыс орталығындағы жоғары оқу орындары мен колледждердің жас дебатерлері қатысып, “Нашақорлықсыз болашақ – жарқын өмір кепілі” тақырыбында өз көзқарастарын білдірді. Іс-шараның басты мақсаты – жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, нашақорлықтың алдын алу бағытындағы көзқарастарын қалыптастыру және қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымдарын нығайту болды. Турнир барысында дебатерлер өз шешендік қабілеттерін, сыни ойлау және топпен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті. Пікірсайыс соңында жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, қатысушылар ұйымдастырушыларға жастарға өз пікірін еркін білдіруге мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдіріп, мұндай турнирлердің жиі өткізілуі жастардың ой-өрісін кеңейтіп, өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті. Турнир нәтижесінде: 1 орын - Тараз университетінің "Дулати жастары" фракциясы, 2 орын - Тараз университетінің "Кракатау" фракциясы, 3 орын - Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің "Twix" фракциясы иеленді.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасының аясында бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда. Жоба аясындағы “Нашақорлықсыз болашақ” акциясында «Есірткісіз өмір» және «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыптарындағы постерлер байқауы өткізілді. Байқаудың басты мақсаты – жастарды есірткіден аулақ болуға шақыру, олардың салауатты өмірге деген көзқарасын нығайту және көркем тәсіл арқылы ой-пікірін білдіруге мүмкіндік жасау болды. Қатысушылар өз шығармашылықтарын пайдаланып, салауатты өмір салты мен есірткіге қарсы тұрудың маңыздылығын постерлерге арқау етті.

Байқау жастарға тек өнер мен шығармашылықты көрсетуге емес, сонымен қатар патриоттық және адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге де жол ашты. Әр постерде жастар қоғамдағы салауатты өмірді насихаттау арқылы өз ойларын жеткізіп, көрермендерге ой салатын мәнді жұмыстар ұсынылды. Бұл іс-шараның маңыздылығы – жастардың шығармашылық әлеуетін арттырумен қатар, олардың есірткіге қарсы белсенділігін күшейтуге, салауатты өмір салтын насихаттауға және қоғамда саналы ұрпақ қалыптастыруға ықпал етуінде.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырып жатқан «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға, есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында түрлі бағыттағы іс-шаралар жалғасын табуда. Жобаның негізгі мақсаты – жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, оларды зиянды әрекеттерден алшақтатып, пайдалы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру. Осы мақсатта тир атудан «Нысана шебері» атты сайыс ұйымдастырылды. Шара жасөспірімдер мен жастардың мергендік дағдыларын шыңдап, назарын шоғырландыру, шыдамдылық пен жауапкершілік секілді қасиеттерді дамытуға бағытталды. Қатысушылар қауіпсіздік ережелерімен толық танысып, кәсіби нұсқаушылардың жетекшілігімен жаттығулар жасап, өз мергендік шеберліктерін сынап көрді. «Нысана шебері» сайысы жоғары деңгейде өткізіліп, қатысушылар арасында қызықты да тартысты атмосфера орнады. Жастар дәлдік, жылдамдық және ұқыптылық сияқты дағдыларын көрсетіп, өз мүмкіндіктерін бағамдауға мүмкіндік алды. Сайыс барысында қатысушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, салауатты және қауіпсіз өмір салтын насихаттауға үлес қосты.

 

 

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы аясында спорт арқылы салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізіліп келеді. Осы акция шеңберінде Тараз қаласында «Жастар есірткіге қарсы» ұранымен қыздар арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды. Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне орай өткен бұл турнирдің басты мақсаты – жастарды спортқа баулып қана қоймай, олардың есірткіге деген көзқарасын айқындап, қоғамға маңызды ой жеткізу болды.

№3 орта мектеп-лицейінің спорт залында өткен жарыс нағыз спорттық тартысқа толы көңіл күймен өрбіді. Қатысушы арулар жеңіс үшін ғана емес, «есірткіге — жоқ!» деп айту үшін алаңға шықты. Олар жоғары деңгейдегі дайындықтары мен командалық бірліктерін көрсете отырып, өз мектептерінің намысын абыроймен қорғады. Турнир нәтижесінде І орынды Тараз қаласындағы №66 мектеп командасы, ІІ орынды №3 орта мектеп-лицейінің командасы, ал ІІІ орынды IQ IT-мектебінің командасы иеленді. Іс-шара салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеп, спорттың жастарды біріктіріп, ынталандырып, дұрыс өмірлік бағытқа жетелейтін қуатты құрал екенін көрсетті.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасының “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы аясында әртүрлі форматта іс-шаралар ұйымдастырылуда. Акция аясында 2 мөлтек ауданында жастар арасында кіші футболдан турнир өткізілді.

Аталған турнирдің басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, бос уақытты тиімді пайдалану және командалық рух пен достық қарым-қатынасты нығайту болды. Турнирге 2 мөлтек ауданы мен көршілес аумақтардың белсенді жастары қатысып, өзара тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті. Жарыс бірнеше кезең бойынша өтті. Алғашқы айналымда командалар топтық жүйе бойынша ойнап, үздік ойыншылар мен командалар іріктелді. Қорытынды кезеңде тартысты ойын өрбітіп, финалдық кездесуде мықтылар анықталды. Жанкүйерлер өз командаларына қолдау көрсетіп, алаңда нағыз спорттық атмосфера қалыптасты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар, кубоктар және бағалы сыйлықтар табысталды. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға белсенділігі мен спортқа деген қызығушылығы үшін алғыстарын білдіріп, мұндай турнирлердің жастардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, оларды нашақорлық пен зиянды әдеттерден алшақ болуға тәрбиелейтінін атап өтті.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асып жатқан “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы аясында жастардың білімін арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді.

Осы бағытта жастар арасында зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушылардың білім деңгейін арттыру, салауатты өмір салтын дәріптеу және ой-өрісін кеңейту болды. Ойын барысында қатысушыларға түрлі тақырыптағы сұрақтар қойылып, олар өзара пікір алмасып, нашақорлықтың алдын алу жолдары жөнінде ой бөлісті. Жастар белсенділік танытып, логикалық ойлау қабілеттері мен өмірлік көзқарастарын көрсетті. Іс-шара соңында белсенділік танытқан топтар мен жеңімпаздар арнайы марапаттармен және алғыс хаттармен құрметтелді.

Страница 7 из 39