Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Қоғам

Қоғам

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қолдауымен жүзеге асып жатқан мемлекеттік әлеуметтік жоба аясында Мойынқұм ауданында "Діни экстремизм – XXI ғасыр дерті" тақырыбында мазмұнды кездесу өтті. Іс-шара Мойынқұм аудандық мешітінде ұйымдастырылды.

Кездесудің басты мақсаты — діни сауаттылықты арттыру, діни көзқарасын дұрыс қалыптастыру және дәстүрлі емес діни ағымдардың теріс ықпалынан сақтандыру болды. Сонымен қатар, шара барысында қатысушыларға діни экстремизм мен радикализмнің қоғамға тигізетін кері әсері, оның алдын алу жолдары және дәстүрлі Ислам дінінің құндылықтары жөнінде кеңінен түсіндірілді. Шараға арнайы шақырылған спикер — Жамбыл облысы әкімдігі дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы, тәжірибелі теолог Қырықбай Саян Батырұлы. Ол өз сөзінде қазіргі қоғамдағы діни ағымдардың ерекшеліктері мен олардың таралу тетіктеріне тоқталып, діни білімді тек ресми, сенімді дереккөздерден алу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, дін мен дәстүрдің байланысы, ұлттық құндылықтар мен рухани тәрбие жайында да мазмұнды әңгіме өрбітіп, жастардың көкейіндегі сұрақтарға жауап берді. Кездесу барысында еркін пікір алмасу ұйымдастырылып, діни төзімділік пен бейбітшілік құндылықтарын дәріптеу бағытында ой-пікірлер ортаға салынды.

 

Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша, Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыру және алдын алу» тақырыбы аясында ақпараттық-түсіндіру шаралары өз жалғасын табуда. Осы жоба шеңберінде Биназар ауылындағы О.Жандосов атындағы орта мектептің жоғары сынып оқушыларымен «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті. Кездесудің арнайы спикері – Жамбыл облысы әкімдігі дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы, теолог Қырықбай Саян Батырұлы болды. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттырып, оларды теріс діни ағымдардың ықпалынан қорғау, дәстүрлі дін мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу болды. Кездесу барысында Саян Батырұлы қазіргі таңда әлеуметтік желілер арқылы таралатын жалған діни ақпараттардың жастар санасына тигізетін кері әсерін атап өтті. Ол діни білімсіздік пен ақпаратты дұрыс қабылдамаудың салдарынан қаншама жастардың жат ағым жетегіне еріп кетіп жатқанын нақты мысалдармен түсіндірді. Спикер жастарға діни білім мен мәліметті тек ресми, сенімді дереккөздерден алу қажеттігін қадап айтты. Атап айтқанда, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы бекіткен имамдардан діни білім алуды және діни тақырыптағы ақпараттарды ҚМДБ-ның ресми сайттарынан қарауды ұсынды.

Саян Батырұлы өз сөзінде рухани тәрбие мен ұлттық құндылықтардың сабақтастығына да тоқталды. «Тәрбие – тал бесіктен» дегендей, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, ата-ананы сыйлау, салт-дәстүрді сақтау – жастардың болашаққа бағыт берер рухани темірқазығы болуы керек екенін ерекше атап өтті. Кездесу барысында оқушылар мен ұстаздар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, спикер әр сұраққа нақты әрі мазмұнды жауап берді. Сонымен қатар, деструктивті ағымдардың қоғамға тигізетін залалы туралы өмірде болған мысалдар айтылып, қатысушылармен еркін пікір алмасу ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларын ашық айтып, дін мен қоғамның өзара байланысы туралы пікірлерін ортаға салды.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар арасында қазақстандық патриотизмді насихаттау, ұлттық құндылықтарды сақтау және жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында ұйымдастырылған интеллектуалды сайыстардың маңызды кезеңі – финалдық ойын өткізілді. Бұл финалға үш іріктеу ойынында ең жоғары ұпай жинап, білімділігімен, жылдамдығымен және логикалық ойлау қабілетімен ерекшеленген үздік топтар жолдама алды. Финалдық кезең жоғары дайындықты, жинақылықты және өзара командалық үйлесімділікті талап етті. Қатысушы топтар күрделі сұрақтарға жауап беріп, түрлі интеллектуалды тапсырмаларды орындау арқылы өздерінің білім деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Іс-шараға жастар, аудан тұрғындары және түрлі сала мамандары қатысып, финалдық ойынның маңыздылығын арттыра түсті. Бұл жоба жастардың танымдық деңгейін көтеріп қана қоймай, оларды ұйымшылдыққа, белсенді азаматтық ұстанымға және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталды. Финал нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталып, қатысушылар арнайы марапаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында Т.Рысқұлов ауданы, Каменка ауылы,Б.Момышұлы атындағы мектебінде отбасы институтын нығайту бойынша кездесу өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында отбасы құндылықтарына деген көзқарасты қалыптастыру, отбасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту және құқықтық сауаттылықты арттыру болып табылады.
Кездесуге мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының атқарушы директоры, заңгер Өмірбеков Данияр қатысушыларға отбасы институтының маңыздылығы, ата-ана мен бала арасындағы құқықтық және моральдық жауапкершілік, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы отбасылық құндылықтар тақырыптарында мазмұнды баяндама жасады.
Сонымен қатар, кездесуде оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі түсінікті жауаптар беріліп, ашық пікір алмасу ұйымдастырылды. Қатысушылар кездесуден пайдалы ақпарат алып, отбасылық қарым-қатынас пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру жөнінде құнды мағлұматтарға қанықты.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар арасында қазақстандық патриотизмді насихаттау, ұлттық құндылықтарды сақтау және жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында интелектуалды ойын өткізілді. Жоба аясында ұйымдастырылған интеллектуалды ойынның негізгі мақсаты – аудан жастарының ой-өрісін дамыту, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру, сонымен қатар ұлттық құндылықтар мен қазақстандық патриотизмді дәріптеу болды. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар арасында ерекше қызығушылық пен сайыс рухын қалыптастырды. Әрбір ойын кезеңінде логикалық сұрақтар, тарихи-танымдық тапсырмалар, жылдам ойлау мен командалық жұмысқа негізделген түрлі форматтағы ойындар ұсынылды. Бұл жастардың білімін сынап қана қоймай, олардың бір-бірімен жақын танысып, ортақ қызығушылық арқылы байланыс орнатуына мүмкіндік берді.  Интелектуалды ойын 3 іріктеу кезеңінен тұрды. Ойынға жастар, аудан тұрғындары, әр түрлі сала мамандары қатысты. Әр турда 3 ойыннан құралып, аудан жастарының қызығушылығын тудырды. Іріктеу кезеңдерінің нәтижесін әр ойындағы марапаттау парағы арқылы анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жоба жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, олардың отансүйгіштік сезімін нығайтуға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды

ы. 

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданының ішкі саясат бөлімінің «Аудан тұрғындары арасында нашақорлықтың жіне есірткі бизнесін алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында “Салауатты өмір салты” волейбол жарысын өткізді. Жарыстың негізгі мақсаты — жастар арасында бұқаралық спортты дамыту, олардың бос уақытын тиімді өткізуіне ықпал ету, дұрыс өмір салтын насихаттау, сондай-ақ нашақорлықтың алдын алу болып табылады. Бұндай шаралар жасөспірімдердің физикалық дамуына ғана емес, жауапкершілік, ұйымшылдық, командалық рух сияқты қасиеттерін қалыптастыруға да үлес қосады. Жарыс барысында қатысушылар спорттық бәсекелестікті сақтай отырып, шынайы достық атмосферасын көрсете білді. Әр команда өз шеберлігін шыңдап, жоғары деңгейдегі ойынды тамашалауға мүмкіндік жасады. Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаз командалар арнайы дипломдармен, медальдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, ойынға белсенді қатысып, жақсы өнер көрсеткен өзге қатысушылар да назардан тыс қалмай, алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Бұл спорттық іс-шара жасөспірімдерге тек жарыс қана емес, салауатты өмір салтын таңдаудың маңыздылығын түсіндіретін тәрбиелік мәні бар тиімді кездесуге айналды. 

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. «Отбасы күні» мерекесіне орай Мойынқұм ауданында бірқатар әлеуметтік-маңызы жоғары іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, ауданға еңбегі сіңген азаматтар мен азаматшалардың, көп балалы және үлгілі отбасылардың қоғам өміріндегі белсенділігі мен еңбегін бағалау мақсатында арнайы сыйлықтар табысталды. Бұл акцияның негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоғамның дамуына үлес қосқан өнегелі жандарды насихаттау болып табылады. Сонымен қатар, «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық конкурсына қатысу үшін Мойынқұм ауданынан 15 отбасы өз өтініштерін білдірді. Бұған қоса, жергілікті атқарушы органдар мен заңды тұлғалардың ұсынысы негізінде тағы 5 отбасы байқауға қосымша ұсынылды. Барлық өтініштер мен құжаттар арнайы құрылған комиссия тарапынан жан-жақты сараланып, әр отбасының қоғамдағы белсенділігі мен үлгілі өмір салты мұқият бағаланды. Комиссия шешімі бойынша Сабыровтар, Омаровтар және Лесовтар отбасылары аудандық кезеңнің жеңімпаздары болып танылды. Айта кету керек, «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық конкурсының Тараз қаласы бойынша жеңімпазы ретінде Омаровтар отбасы анықталды. Олар өздерінің ұйымшылдығы, отбасылық құндылықтарды сақтауы және қоғам өміріне белсенді қатысуымен ерекшеленіп, байқау талаптарына толықтай сай келді.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданының ішкі саясат бөлімімен бірлесіп, «Отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу» атты мемлекеттік әлеуметтік жоба шеңберінде бірқатар тәрбиелік әрі танымдық іс-шараларды іске асыруда. Жобаның басты мақсаты – қоғамдағы отбасының мәртебесін арттыру, жас ұрпақ арасында отбасылық жауапкершілік пен рухани құндылықтарды дәріптеу. Аталған жоба аясында Мойынқұм ауданының Мағжан Жұмабаев атындағы мектебінде кезекті кездесу өткізілді. Шара «Отбасының қоғамдағы орны» тақырыбында ұйымдастырылып, оған оқушылар, ұстаздар қауымы қатысты. Шара спикері Сүлейменова Ұлзада болды. Ол өз сөзінде отбасындағы өзара сыйластық, түсіністік және ынтымақтың маңызын жан-жақты баяндап, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың тәрбиелік қырларына тоқталды. Сондай-ақ қатысушыларға рухани құндылықтарды сақтау мен отбасы татулығын нығайту бағытында маңызды ойлар мен кеңестер айтты. Қатысушылар тақырыпқа қатысты өз ойларын ортаға салып, өзекті сұрақтарына жауап алды. Кездесу соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға және спикерге ризашылықтарын білдіріп, осындай мазмұнды шаралардың отбасылық құндылықтарды дәріптеуде үлкен рөл атқаратынын атап өтті.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен жүзеге асып жатқан мемлекеттік әлеуметтік жоба аясында Мойынқұм ауданында «Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы» тақырыбында футболдан жарыс ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды. Футбол сайысына аудандағы мектеп оқушылары белсенді түрде қатысты. Әр команда өзара тартысты ойын көрсетіп, жоғары деңгейдегі спорттық дайындықтарын паш етті. Ойын барысында әділқазылар алқасы жарыстың ережелерін сақтай отырып, жеңімпаздарды әділ анықтады. Жарыс соңында үздік ойыншылар мен жеңімпаз командалар медаль, кубок және арнайы қаржылай сертификаттармен марапатталды. Мұндай спорттық іс-шаралар жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, өзара достық пен ынтымақты нығайтуға, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыруға үлкен үлес қосады. Футбол – тек спорттық бәсеке емес, ол командалық рухты, тәртіптілікті және жауапкершілікті арттыру арқылы жастарды бірлікке, бейбіт өмір мен татулыққа үндейтін құрал болып табылады.

 

Биназар ауылында «Менің денсаулығым» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оқушылармен мазмұнды кездесу өтті. Іс-шара Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі және Мойынқұм ауданының ішкі саясат бөлімі жүзеге асырып жатқаннашақорлықтың алдын алу бағытындағы әлеуметтік жоба аясында өтті. Кездесудің негізгі спикері Берекеева Динара жасөспірімдерге денсаулықтың өмірдегі басты құндылық екенін түсіндіріп, зиянды әдеттерден аулақ болудың маңызын жан-жақты түсіндірді. Ол жас буынға дұрыс тамақтану, белсенді өмір салты, уақытты тиімді пайдалану секілді денсаулықты нығайтатын ұстанымдар туралы пайдалы ақпарат берді. Сонымен қатар, оқушыларға есірткі, темекі және алкогольдің адам ағзасына тигізетін зияны туралы нақты мысалдар келтіріліп, олардың болашаққа әсері түсіндірілді. Диалог түрінде өткен кездесуде балалар өз сұрақтарын қойып, маманнан жан-жақты жауап алды.

 

Страница 2 из 40