Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Қоғам

Қоғам

«Қабырға – жарнама емес!» акциясы: Талдықорғанда есірткі жарнамасына қарсы күрес күшейтілді

 

2025 жылғы 15 шілде күні Талдықорған қаласында «Қабырға – жарнама емес!» атты волонтерлік акция өтті. Бұл шара жастардың қатысуымен жүзеге асырылып, қоғамдық орындардағы есірткі жарнамаларын жою және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Акция барысында еріктілер көпқабатты үйлер мен аялдамалардағы QR-кодтар, Telegram сілтемелері мен түрлі кодтық белгілер түрінде жасырылған заңсыз граффитилерді бояп, жойды. Олардың орнына мотивациялық, позитивті және антинаркотикалық ұрандар жазылды.

Шара Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасының тапсырысы негізінде жүзеге асырылып жатқан «Жастар арасында есірткі және олардың прекурсорларының таралуы мен қолданылуының алдын алу» жобасының бір бөлігі ретінде өтті. Жобаны «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық қаржыландыруымен «Саналы қоғам» қоғамдық қоры іске асыруда. Жоба «Есірткісіз таза қоғам» тақырыбында жүргізіліп, жастар арасында нашақорлықтың алдын алудың кешенді жүйесін қалыптастыруды, қауіпсіз орта құруды, ата-аналар мен педагогтарды белсенді тартуды, сондай-ақ интернеттегі есірткі насихатына тосқауыл қоюды мақсат етеді.

Акцияға 5 ерікті қатысып, Талдықорған қаласының «Военный городок Жулдыз» мөлтек ауданында  20-ға жуық заңсыз жазу жойылды. Қатысушылар қолғап, маска және бояу құралдарымен қамтамасыз етіліп, шара полиция қызметкерлерінің бақылауымен өтті. Жергілікті тұрғындар бастаманы оң қабылдап, еріктілерге алғыстарын білдірді. Іс-шара барысында түсірілген фото және бейнематериалдар әлеуметтік желілерде жарияланып, антинаркотикалық насихат кеңінен таралды.

«Қабырға – жарнама емес!» акциясы жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, есірткіге қарсы саналы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған нақты әрі нәтижелі қадам болды. Жоба аясында жыл соңына дейін 10 акция өткізу жоспарланған.

 

Дәурен МАМЫШ

Жоба жетекшісі

 

 

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыру және алдын-алу» атты мемлекеттік әлеуметтік жоба аясында Мойынқұм ауданы, Ұланбел ауылында «Діни экстремизм – XXI ғасыр дерті» тақырыбында ақпараттық кездесу өткізді. Іс-шара ауыл әкімдігінің мәжіліс залында ұйымдастырылып, оған ауыл жастары, жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдер қатысты. Аталған кездесудің басты мақсаты – жастар мен тұрғындар арасында діни экстремизмнің алдын алу, радикалды идеологияларға қарсы иммунитет қалыптастыру болды.

Шараға спикер ретінде “Абдықадыр” мешітінің бас имамы Құттыбаев Дәурен арнайы шақырылды. Өз баяндамасында ол XXI ғасырда жиі кездесетін діни алауыздықтар мен экстремистік көзқарастардың шығу себептерін, олардың жеке тұлға мен қоғамға әкелер зардаптарын тереңірек түсіндірді. Имам радикалды ағымдардың белгілері мен олардан сақтанудың нақты жолдарын көрсете отырып, дәстүрлі ислам мен жалған діни уағыздардың айырмашылығына баса назар аударды. Сонымен қатар, қазіргі таңда әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігінде тарап жатқан жалған діни ақпараттарға сенбеу қажеттігін атап өтті.

Семинар барысында қатысушылар белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Құттыбаев Дәурен әр сұраққа нақты әрі тұщымды жауап беріп, қатысушыларға пайдалы ақпарат ұсынды. Кездесу жастардың діни көзқарасын нығайтуға, дәстүрлі рухани құндылықтарға деген сенімін арттыруға және олардың діни сауаттылығын көтеруге ықпал етті. 

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Аудан тұрғындары арасында нашақорлықтың және есірткі бизнесін алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар” мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Ұланбел ауылында өткізілген “Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз” атты семинар-тренинг жобаның аясындағы маңызды іс-шаралардың бірі болды. Бұл жиынға ауыл жастары, оқушылар, ата-аналар қатысты.

Семинарды жүргізген — психолог Марал Хантөреқызы. Ол жастармен емін-еркін форматта пікір алмасып, салауатты өмір салтын ұстанудың артықшылықтары, психологиялық әлсіздік пен тәуелділіктен сақтанудың жолдарын түсіндірді. Психолог қатысушыларды топтарға бөліп, тренингтік жаттығулар арқылы олардың ішкі мотивациясын, өзін-өзі бағалау деңгейін анықтады. Өз-өзіне сенімді, салауатты өмір салтын таңдаған жастардың қоғамдағы рөлі туралы әңгімелер айтылып, қатысушылармен бірге “Менің болашағым қандай болмақ?” тақырыбында ой талқы өткізілді.

Шара соңында жастар өз армандары мен мақсаттарын айтып, өмірдің құндылығын терең түсінгендерін білдірді. Семинар олардың бойында оң көзқарас қалыптастыруға, ішкі сенімділікті арттыруға сеп болды.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Нашақорлыққа жол жоқ: ерте жүктіліктің алдын алу және жас жыныстық ерекшеліктер» атты оқу семинары өткізілді. Бұл іс-шара “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы аясында жастарды салауатты өмір салтына үндеу және тәуелділіктің алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Семинар барысында студенттерге есірткі заттарының адам ағзасына зияны, ерлер мен әйелдердің психологиялық ерекшеліктері, жасөспірімдер мен жастар арасында тәуелділікке әкелетін факторлар және олардың алдын алу жолдары мен қолдау механизмдері туралы толық ақпарат берілді. Іс-шараға Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Айгерім Асанқызы Каукешова, Қаламгерлер клубының жетекшісі, ақын әрі психолог Марал Хантөреқызы және Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы Құралай Алпысбайқызы Бикенова қатысып, тақырып бойынша кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, семинар барысында студенттерге есірткі заттарын қолданудың заңдық салдары мен қылмыстық жауапкершілікке тартылуы туралы ақпараттық үнпарақтар таратылды. Мұндай кездесулер жастарға өз денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қарауға, зиянды әдеттерден алшақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға зор үлес қосады.

 

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асып жатқан «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға, есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» жобасы аясында 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Нашақорлықсыз болашақ!» атты кең көлемді жастар акциясы ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – жастардың назарын есірткі мәселесіне аудару, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру және қоғамда салауатты өмір салтын насихаттау болды. Акция аясында қала әкімінің орынбасары Исабеков Нұрсұлтан Арқабайұлы мен Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Байгелді Байжан Исембекұлы құттықтау сөз сөйлеп, нашақорлыққа қарсы күреске белсенді түрде үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттады. Бұл жастардың қоғамдағы рөлін арттырумен қатар олардың есірткісіз болашаққа деген сенімін нығайтты. Шара барысында қатысушылар үшін арнайы мазмұны бай, тәрбиелік мәнге ие көріністер мен қойылымдар ұсынылды. «Қабырғаға емес болашаққа жаз!» атты жастар арасындағы граффити байқауының жеңімпаздары марапатталып, олардың шығармашылық жұмыстары есірткіге қарсы бағыттағы маңызды ойларды бейнеледі. «Арлан» оқу-жаттығу взводы арнайы тактикалық көрсетілім көрсетіп, тәртіп пен батылдықтың жарқын үлгісін ұсынды. Сонымен қатар Кинология орталығының есірткі қылмысының алдын алуға арналған иттерді дайындау бойынша көріністері көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды. Іс-шараның көркемдік бөлімі де ерекше мазмұнға ие болды. Тараз циркінің «Ақтолқын» тобы «Көгершін» би композициясын орындап, бейбіт өмір мен тазалықтың символын көрсетті. Таэквондо мен каратэ спортшылары салауатты өмір салтының үлгісін көрсететін спорттық көріністер қойып, жастарды белсенді болуға ынталандырды. Ал заманауи өнер өкілдері – брейк-данс билеушілері жастар арасындағы позитивті энергияны арттыра түсті. Акция аумағында нашақорлықтың зияны туралы ақпараттық брошюралар таратылып, қатысушыларға есірткінің қауіптілігі жөнінде кең көлемді деректер ұсынылды. «Нашақорлықсыз болашақ!» атты бұл акция – бір күндік шара ғана емес, қоғамның, жастардың, еріктілердің ортақ үндеуі. Мұнда әрбір қатысушы өзінің есірткіге қарсы ұстанымын білдіріп, «ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ!» деген берік позицияны қолдады. Акцияға 1500-ге жуық қала тұрғындары мен жастардың қатысуы қоғамның бұл тақырыпқа немқұрайлы қарамайтынын және салауатты өмір салтын қолдайтынын көрсетті. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстарына айтарлықтай серпін берді.

 

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысы негізінде жүзеге асып жатқан «Дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыру және алдын-алу» жобасы аясында Мойынқұм ауданының Жастар ресурстық орталығында «Дін мен дәстүр» атты танымдық конференция ұйымдастырылды. Конференцияға аудан жастары, студенттер, мектеп бітіруші оқушылар қатысты. Шараның басты мақсаты – жастар арасында діни сауаттылықты арттыра отырып, дәстүрлі ислам мен қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің өзара байланысын түсіндіру, сонымен қатар діни радикализмнің алдын алу болды. Конференцияның арнайы шақырылған спикері – «Абдықадыр» мешітінің бас имамы, тәжірибелі дін маманы Дәурен Құттыбаев. Ол өз баяндамасында ислам дінінің қазақ халқының тарихы мен тұрмысында алатын орнын, дәстүрлі дін мен ұлттық болмыстың үйлесімін жан-жақты ашып көрсетті. Имам дін мен дәстүрдің бір-біріне қайшы емес, қайта бірін-бірі толықтыратын ұғымдар екенін нақты мысалдар арқылы түсіндіріп берді.

Сондай-ақ, спикер қазіргі заманда діни сауаттылықтың маңызы артқанын, жастардың теріс ағымдардың жетегінде кетпеуі үшін ұлттық құндылықтарға негізделген дұрыс діни тәрбие беру керектігін баса айтты. Әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігінде тарап жатқан бұрмаланған діни ақпараттарға сын көзбен қарау қажеттілігі де айтылды. Конференция барысында қатысушылар белсенділік танытып, түрлі сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Шара жастардың дәстүр мен дінді терең түсінуіне, рухани дүниетанымын кеңейтуге және діни көзқарастарын жүйелеуге оң әсер етті. «Дін мен дәстүр» конференциясы – жас ұрпақтың бойында ұлттық сана мен діни тұрақтылықты қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын тағылымды кездесу болды.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Аудан тұрғындары арасында нашақорлықтың және есірткі бизнесін алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар” мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Мойынқұм ауданындағы Жастар ресурстық орталығында өткен “Жарқын болашақ” атты жастар арасындағы ой толғау ерекше форматта өтті. Шара мақсаты — жастарды ойлануға, өз болашағын дұрыс жоспарлауға ынталандыру. Ой толғауда психолог Марал Хантөреқызы жүргізді. Ол жастармен ашық пікір алмасып, оларға болашаққа қатысты сауалдар қойып, армандар мен мақсаттарды талқылауға шақырды. Әр қатысушы өз арманына жету жолында кездесетін кедергілер мен оларды жеңу жолдарын айтып, өз көзқарасын ортаға салды.
Кездесу барысында “Есірткіден аулақ өмір”, “Таза сана — сенімді қадам” сияқты ұрандар негізінде шағын топтық талқылаулар жүргізілді. Ой қозғайтын қатысушыларға мотивациялық сұрақтар ұсынылды. Кездесу аудан жастарының өмірге деген көзқарасын кеңейтуге, жауапкершілік сезімін арттыруға және қауіптің алдын алуға бағытталған маңызды қадам болды.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырып жатқан “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы шеңберінде жастарды нашақорлық пен зиянды әдеттердің алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізіледі. Акция барысында Халықаралық есірткінің зияны туралы ақпараттық материалдар тарату ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында есірткі қолданудың теріс салдары жайлы хабардарлықты арттыру, салауатты өмір салтын дәріптеу және тәуекелден аулақ болуға шақыру.

Акцияға қатысушыларға түрлі плакаттар, ақпараттық буклеттер мен кеңестер таратылып, олардың мазмұнында есірткінің адам ағзасына тигізетін әсері, құқықтық жауапкершілік және алдын алу жолдары туралы нақты деректер берілді. Қатысушылар материалдарды қолданып, тақырып бойынша пікірталастар жүргізіп, өз сауалдарын қойды. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар атап өткендей, мұндай акциялар жастардың есірткі қолданудың зияны туралы нақты ақпарат алуына мүмкіндік береді, салауатты өмір салтын таңдауға ықпал етеді және қауіпті мінез-құлықтан аулақ болуға тәрбиелейді. Сонымен қатар, жастардың жауапкершілікті сезінуі мен қоғамдағы белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

«Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес» күніне орай облыстық пікірсайыс турнирі өтті

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін Пікір» жастар қоғамдық бірлестігі «Жастар арасында пікірсайыс қозғалысын дамытуға бағытталған шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын іске асыруда. Жоба аясында Қайрат Рысқұлбеков паркінде ашық аспан асты «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес» күніне орай облыстық пікірсайыс турнирі өткізілді. Пікірсайыс турнирінің мақсаты- жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап өзара білім мен парасаттылықтарын ортаға салып, өзіндік көзқарастарын еркін білдіруге және көшбасшылық қабілеттерін шыңдауға, тың ойлар мен шешімдер ұсына алатын жастарды тәрбиелеу болып табылады.

Облыстық пікірсайыс турнирі АПФ және ЛД форматында екі лигада өтті, қатысушылар үш іріктеу ойынын ойнап, іріктеу раундының үздіктері плей оф раундына жолдама алды. Пікірсайыс турнирі өте тартысты өтті. Жамбыл облыстық студенттік лигадан бөлек мектеп оқушылары да турнирге қатысып, өзара білім мен пікір алмасу алаңында бақ сынады. Турнирдің нәтижесі бойынша АПФ форматында жүлделі 1-орынмен: «Дулати жастары» және «Фемида» фракциялары марапатталды,  жүлделі 2-орынмен: «Кракатау» және «Тәубесіне келгендер» фракциялары марапатталды, жүлделі 3-орынмен: «Тwix» және «Б.Момышұлы» фракциялары марапатталды. «Үздік талпыныс» номинациясымен «Өзіміздікілер» және «IQ duo» фракциялары марапатталды. «Ең Үздік спикер» номинациясымен Тілеумұрат Нұрдаулет және Есенғали Жұлдызай марапатталды. «Ең Үздік төреші» номинациясымен Бекмырза Айдана марапатталды.

 

 

 

 

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асып жатқан “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы аясында балалар мен жасөспірімдерге арналған түрлі форматтағы тәрбиелік және ойын-сауық іс-шаралар өткізіліп келеді.

Осы бағытта балаларға арналған аулалық спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл мерекелік акция балалармен маңызды тақырыптар туралы қарапайым әрі түсінікті тілде сөйлесудің, оларға өмірлік құндылықтарды жеткізудің жарқын үлгісіне айналды. Акцияның басты мақсаты – балаларға қуаныш сыйлау ғана емес, сонымен қатар салауатты өмір салтының маңыздылығына назар аударту, белсенді демалыс пен спорт арқылы олардың өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру болды. Іс-шара барысында полицейлер мен ұйымдастырушылар балаларға тосын сый жасап, аниматорлар мен ертегі кейіпкерлерінің рөлін сомдады. Балалар арқанмен секіріп, «Көңілді доп» ойынын ойнады, шар үрлеу жарысына қатысып, көтеріңкі көңіл-күйде уақыт өткізді. Ойындар мен жарыстар барысында балалардың жүздерінен шаттық пен қуаныштың нышаны байқалып, аулада нағыз мерекелік атмосфера орнады. Сонымен қатар, асфальтқа сурет салу байқауы ерекше қызығушылық тудырды. Онда балалар өз армандары мен қиялдарын түрлі түстермен өрнектеп, бақытты балалық шақ пен жарқын болашаққа деген үмітін бейнеледі. Бұл көрініс өз алдына кішкентай өнер көрмесіне айналды. Іс-шара соңында әр балаға жаздың әрі балалық шақтың тәтті нышаны саналатын балмұздақтар таратылып, күн әсерлі әрі қуанышты көңіл күймен аяқталды. Мұндай шаралар балалардың бос уақытын тиімді өткізуге, олардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға және ең бастысы — салауатты, есірткісіз болашаққа деген көзқарасын нығайтуға үлкен үлес қосады.

Страница 6 из 39