Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Қоғам

Қоғам

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында түрлі форматтағы кездесулер мен пікірталастарды ұйымдастырып келеді. Жоба шеңберінде Айдарлы ауылындағы ауылдық клуб ғимаратында «Отбасы және руханият» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы ұғымының терең мәнін ашу, оның адам өміріндегі рухани тірек ретіндегі маңызын айқындау және ауыл тұрғындарын осы бағытта ой бөлісуге, пікір алмасуға тарту. Дөңгелек үстелге ауыл тұрғындары, жастар, ардагерлер мен мектеп ұстаздары қатысты. Шақырылған арнайы маман – тәжірибелі психолог Марал Хантөреқызы отбасыдағы рухани тәрбие, ішкі үйлесімділік пен өзара түсіністіктің маңыздылығына тоқталды. Ол бала тәрбиесінде ата-ананың мінез-құлқы, қарым-қатынас стилі мен эмоционалдық қолдауының ықпалы туралы кеңінен айтып, нақты мысалдар келтірді.

Шара барысында отбасы берекесін сақтау, ұлттық тәрбиенің рөлі, ұрпақтар сабақтастығы, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту сынды өзекті тақырыптар қозғалды. Қатысушылар отбасы ішіндегі сенім, сыйластық, махаббат пен жауапкершілік секілді құндылықтарды сақтау арқылы ғана қоғамда тұрақтылық пен рухани тұтастық қалыптасатынын атап өтті.

Ашық әрі еркін пікір алмасу түрінде өткен дөңгелек үстел барысында қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, психологиялық тұрғыда маңызды кеңестер алды. Кездесу соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, отбасылық руханиятты дамыту бағытында осындай мазмұнды кездесулердің жиі өткізіліп тұруының маңызын ерекше атап өтті.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында өскелең ұрпақпен мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Осы бағыттағы іс-шаралардың бірі – Айдарлы ауылындағы №2 орта мектепте өткізілген «Мен болашақпын» атты семинар-тренинг болды.

Жастар мен жасөспірімдерге арналған бұл семинар тұлғалық даму, өмірлік мақсатты анықтау, болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт беру сынды маңызды тақырыптарды қамтыды. Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың өзін-өзі тануына, сенімді болуына, ішкі әлеуетін ашуға ықпал ету және олардың болашаққа деген оң көзқарасын қалыптастыру. Семинар барысында психолог Марал Хантөреқызы оқушылармен мотивациялық жаттығулар, жеке даму бағытында практикалық тапсырмалар орындалып, ашық сұхбат жүргізілді. Қатысушылар өз армандары мен мақсаттары жайлы ой бөлісіп, мамандық таңдауда нені ескеру керектігі туралы кеңестер алды.

Сонымен қатар, кездесуде отбасы тақырыбы кеңінен қозғалды. Баланың отбасындағы орны, ата-ананың тәлім-тәрбие беру үдерісіндегі рөлі, өзара түсіністік пен қолдаудың маңызы жөнінде мазмұнды әңгімелер айтылды. Жасөспірімдерге отбасы – әр адамның алғашқы тірегі, ал ата-ана – тұлға болып қалыптасудағы басты бағдаршы екені түсіндірілді.

Тренинг соңында оқушылар белсенділік танытып, болашаққа сеніммен қадам басу үшін білім, еңбек және жауапкершіліктің қажеттігі туралы нақты ой түйді. Шараға қатысушылар өз ризашылықтарын білдірді.

Жобаның келесі кезеңі Айдарлы ауылындағы №2 орта мектепте өткізілген “Ойынқұмарлық аздырады” атты шеберлік-класс түрінде жалғасын тапты. Шара оқушыларға арналған және олардың санасына теріс әрекеттердің зиянын сіңіру мақсатында құрылды. Спикер — заңгер Өмірбеков Данияр Маратұлы бұл жолы оқушылармен ашық және жеңіл форматта жұмыс жүргізіп, ойын түрінде тренинг ұйымдастырды. Ол ойынқұмарлықтың психологиялық салдары, әлеуметтік байланыстарға әсері және құқықтық тұрғыдағы жауапкершіліктер туралы айтты. Мектеп оқушыларына арналған тренингте жастарға арналған “ойынға тәуелді болмаудың жолдары”, “интернеттегі қауіптерден қорғану тәсілдері” сынды тақырыптар қамтылды. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, шынайы өмірден мысалдар келтіріп, пікір алмасты. 

Шара соңында қатысушылар “Бос уақытты тиімді пайдалану жолдары” тақырыбында ой қозғап, өмірлік құндылықтарды бағалауға арналған психологиялық әдістермен танысты. Бұл форматтағы шеберлік-класс жастарға ой салатын, бағыт беретін, саналы таңдау жасауға үйрететін маңызды шара болды.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда.

Осы жоба аясында Мойынқұм ауданы, Күшаман ауылында «Отбасы құндылықтары» атты тақырыпта конференция ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның мақсаты – қоғамдағы отбасы институтының маңызын арттыру, ұрпақ тәрбиесіндегі ата-ана рөлін талқылау және қатысушылар арасында отбасы құндылықтарына деген көзқарасты қалыптастыру болды. Конференцияға ауыл тұрғындары, мектеп ұжымы, жастар мен ауылдың белсенді азаматтары қатысты. Шара барысында арнайы шақырылған қонақ – Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының атқарушы директоры, заңгер Өмірбеков Данияр Маратұлы отбасы мен құқықтық мәдениет, ата-ана мен бала арасындағы заңдық жауапкершілік, отбасындағы өзара сыйластық пен түсіністік тақырыптарында мазмұнды баяндама жасады. Спикер өз сөзінде отбасылық құндылықтарды сақтау мен қорғаудың құқықтық тетіктерін түсіндіріп, тұрмыстық қатынастарда жиі кездесетін құқықтық мәселелер мен олардың шешу жолдарына тоқталды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі жан-жақты жауаптар беріліп, тәжірибелік кеңестер ұсынылды. Іс-шара барысында қатысушыларға отбасы құндылықтары туралы арнайы дайындалған таратпа материалдары таратылды.

Конференция соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, мұндай мазмұнды кездесулердің отбасылық тәрбиеде, құқықтық сауаттылықты арттыруда маңызы зор екенін атап өтті.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыру және алдын-алу» атты мемлекеттік әлеуметтік жоба аясында Күшаман ауылында «Діни экстремизмнің қауіп қатерлері» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Шараға ауыл жастары, жоғары сынып оқушылары мен білім беру мекемелерінің қызметкерлері қатысты. Кездесудің басты мақсаты – жастардың діни экстремизм мен радикализмге қарсы тұра алатындай дүниетанымын қалыптастыру, оларға дәстүрлі дін мен радикалды ағымдардың айырмашылығын түсіндіру болды.

Ақпараттық кездесуге арнайы шақырылған спикер – «Абдықадыр» мешітінің бас имамы, тәжірибелі дін маманы Дәурен Құттыбаев. Ол өз сөзінде қазіргі қоғамда орын алып жатқан діни алауыздықтар мен экстремистік әрекеттердің туындау себептерін жан-жақты талдап, олардың қоғамға, жастардың болашағына төндіретін қауіптері жайында терең тоқталды. Имам жастарға дәстүрлі исламның шынайы құндылықтарын түсіндіре отырып, жалған діни ағымдардың белгілері мен олардан сақтану жолдарын нақты мысалдармен жеткізді. Сондай-ақ, интернет пен әлеуметтік желілерде жиі кездесетін шындыққа жанаспайтын діни ақпараттарға сын көзбен қарау қажеттігін ескертті.

Кездесу барысында қатысушылар белсенділік танытып, түрлі сұрақтар қойды. Спикер қойылған сауалдарға нақты әрі тұщымды жауап беріп, жастардың діни сауатын арттыруға ықпал етті. Іс-шара қатысушылар үшін пайдалы әрі танымдық сипатта өтті. Ол жастардың рухани дүниетанымын нығайтып, жат ағымдарға қарсы тұрарлық иммунитет қалыптастыруға зор үлес қосты.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Аталған жоба аясында Мойынқұм ауданына қарасты Хантау ауылында “Дәстүр” атты пікірталас өткізілді.

Жергілікті тұрғындардың қатысуымен ұйымдастырылған бұл шарада қоғамдағы отбасы рөлінің маңыздылығы, ұрпақ тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі мен өзара сыйластық мәселелері кеңінен сөз болды. Кездесуге арнайы шақырылған спикер – Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының атқарушы директоры, заңгер Өмірбеков Данияр Маратұлы өз саласының маманы ретінде отбасы мен заң арасындағы өзара байланысты, отбасылық қатынастардағы құқықтық нормаларды түсінікті әрі нақты мысалдармен жеткізе білді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар құқықтық сауаттылыққа, күнделікті өмірде туындайтын тұрмыстық жағдайлар мен оларды шешу жолдарына қатысты болды. Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесудің басты ерекшелігі – әр қатысушының белсенділік танытуы мен өзекті мәселелер төңірегінде еркін ой бөлісуі болды.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыру және алдын-алу» атты мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Хантау ауылында «Радикалды діни көзқарастың жеке тұлға мен қоғамға кері әсері» атты ақпараттық кездесу өткізілді. Кездесу ауыл әкімдігінің мәжіліс залында өтті. Оған ауыл жастары, мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында діни тұрақтылықты қалыптастыру, теріс діни идеологиялардың алдын алу және оларға қарсы тұрудың жолдарын түсіндіру болды.

Кездесудің негізгі спикері – «Абдықадыр» мешітінің бас имамы, тәжірибелі дін маманы Дәурен Құттыбаев. Ол өз баяндамасында XXI ғасырда орын алып отырған діни алауыздықтардың пайда болу себептеріне тоқталып, олардың жеке тұлға мен қоғамға тигізетін зиянды тұстарын тереңірек ашып көрсетті. Имам жастарға жалған діни ағымдардың қалай әрекет ететінін, олардан сақтанудың қандай жолдары бар екенін нақты мысалдар арқылы түсіндіріп, дәстүрлі исламның мәні мен маңызын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде тарап жатқан күмәнді ақпараттарға сенбеу, діни білімді тек сенімді дереккөздерден алу қажеттігін айтты.

Кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасын тауып, қатысушылар өздерін мазалаған сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Бұл шара ауыл жастары үшін пайдалы әрі мағыналы өтті. Жастардың діни сауатын арттырып, рухани тәрбиесін жетілдіруге бағытталған кездесу өз мақсатына толықтай жетті.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Ауданда отбасы күніне қарсы әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, аналардың қоғамдағы бейнесін көрсету мақсатында ұйымдастырылған аналар форумы жоғары деңгейде өтті. Аталған іс-шараға әр салада қызмет атқарып жүрген ардақты аналар, ауылдық округтерден келген белсенді әйел азаматтар және жастар қатысты.

Іс-шара барысында отбасының ұйытқысы болып жүрген, ауданға еңбегі сіңген бірқатар аналар қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін марапатталып, арнайы алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарға ие болды. Марапат иелерінің өмір жолдары жас ұрпаққа үлгі боларлықтай екені атап өтілді. Форумның негізгі мақсаты — ана рөлі арқылы отбасы құндылықтарын насихаттау, ұрпақ тәрбиесіндегі ананың маңызды орнын көрсету, әйелдердің қоғамдық белсенділігін арттыру болды. Шара барысында аналар отбасыдағы тәрбие, ұрпаққа үлгі болу, ұлттық құндылықтарды сақтау жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салып, жастарға өмірлік бағыт-бағдар беретін ақыл-кеңестер айтты. Аудандық филармония өнерпаздарының өнерін тамашалап, тұжырымды ой қалыптастырған форум көпшіліктің көңілінен шықты.

Страница 4 из 39