Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Қоғам

Қоғам

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасының “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы аясында оқушылар үшін Кинологиялық қызмет орталығына экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар қызметтік иттердің жұмысымен жақын танысып, олардың есірткі заттарын қалай іздейтінін, бұйрықтарды нақты орындауын және шартты «қылмыскерлерді» ұстау кезіндегі әрекеттерін өз көздерімен көрді.

Экскурсия барысында мамандар қатысушыларға есірткі, соның ішінде синтетикалық заттардың зияны мен оларды қолданудың қауіпті салдары туралы маңызды ақпарат берді. Іс-шара оқушыларда нашақорлыққа қарсы берік иммунитет қалыптастыруға бағытталған. Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асқар Жұмабековтің айтуынша, «Тікелей қарым-қатынас пен жеке әсерді ештеңе алмастыра алмайды. Қызметтік иттер қылмыстарды ашуда ғана емес, алдын алу ісінде де сенімді серікке айналып отыр». Бұл іс-шара жастардың есірткіге қарсы санасын қалыптастырып қана қоймай, оларға құқық қорғау қызметінің маңызды жұмысымен танысуға және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға мүмкіндік берді.

«Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Махаббат. Сағыныш» атты поэзиялық-сазды кеш жоғары деңгейде өтті. Кешке жиналған студенттер әсем әуен мен сырлы жырдың үйлесімін сезініп, ерекше рухани атмосфераға бөленді.

Шара барысында қатысушылар поэзия мен музыканы ұштастыра отырып, көрерменге әсерлі көңіл күй сыйлады. Жылы әрі еркін форматта өткен кеште студенттер өз шығармаларын оқып, танымал ақындардың өлеңдерін нақышына келтіре орындады. Сонымен қатар, сахнада шырқалған лирикалық әндер кештің мазмұнын байытып, әрбір тыңдарманның жүрегіне жол тапты. Көрермендер де белсенділік танытып, орындаушыларға қолдау білдіріп отырды.

Кештің басты ерекшелігі – оның шынайылығы мен сезімге толы атмосферасында болды. Махаббат пен сағыныш тақырыбындағы туындылар арқылы студенттер өз ойлары мен сезімдерін еркін жеткізе алды. Бұл өз кезегінде қатысушылар арасында рухани жақындық орнатып, достық қарым-қатынасты нығайтты. Осындай тағылымды шаралар студент жастардың шығармашылық әлеуетін арттырып қана қоймай, олардың мәдени-рухани дамуына оң әсерін тигізеді. «Махаббат. Сағыныш.» кеші – жүректерге жылу сыйлаған, есте қаларлық әдемі басқосулардың бірі болды.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасының “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы аясында жастарға арналған онлайн дәріс өткізілді. Дәрістің негізгі мақсаты – қатысушыларды есірткі қолданудың зияны мен салдары туралы хабардар ету, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсіндіру және жастардың бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыру болды. Онлайн дәріс барысында қатысушыларға презентациялар мен бейнематериалдар арқылы ақпарат беріліп, олардың сұрақтарына жауаптар берілді. Дәріс интерактивті форматта өтіп, жастардың белсенділігі мен қызығушылығын арттырды, тақырып бойынша пікір алмасу ұйымдастырылды. Іс-шараның маңыздылығы – жастарға есірткі мен зиянды әдеттердің қауіптері туралы нақты түсінік қалыптастырып қана қоймай, олардың салауатты өмір салтын ұстануға ынтасын арттыруда, саналы шешім қабылдауға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуінде.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасының “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы аясында түрлі шығармашылық және танымдық іс-шаралар өткізіліп келеді. Осы акция шеңберінде «Тәуелсіз ой, таза сана – есірткісіз өмір кепілі» атты эссе байқауы ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жастарды салауатты өмір салтына шақыру, есірткіден аулақ болуға тәрбиелеу және олардың ой-санасын дұрыс бағыттауға ықпал ету болды.
Байқауға қатысушылар өз ойларын, шығармашылық қабілеттерін және өмірлік ұстанымдарын эссе арқылы жеткізді. Қатысушылардың еңбектері терең мазмұнды, идеясы айқын және өмірлік тәжірибемен байланысты болды. Жарыс нәтижесінде:
1-орынды – Ертай Дидар,
2-орынды – Жақсылық Аружан,
3-орынды – Көпбосын Еркеназ иеленді.
Жеңімпаздар арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара маңыздылығы – жастардың ой-санасын есірткіден аулақ болуға бағыттап, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы олардың азаматтық белсенділігін арттыруда.

М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті қабырғасында «Еркін Пікір» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен мазмұнды поэзия кеші ұйымдастырылды. Кештің негізгі өзегі – жастардың ішкі жан дүниесін сөз өнері арқылы жеткізуіне мүмкіндік беру және әдеби орта қалыптастыру болды. Шара барысында жас қаламгерлер тек дайын өлеңдерін оқып қана қоймай, көрермендермен ашық сұхбат құрып, шығармаларының шығу тарихымен бөлісті. Бұл өз кезегінде поэзияға деген қызығушылықты арттырып, қатысушылар арасында ерекше байланыс орнатты.

Әдеби кеш еркін әрі шынайы атмосферада өтіп, қатысушылар сахна мәдениетін, ойды көркем жеткізу шеберлігін көрсете білді. Көрермендер де белсенділік танытып, жас ақындарға сұрақтар қойып, пікірлерін білдірді. Мұндай формат жастардың өзіне деген сенімін нығайтып, шығармашылық тұрғыда өсуіне ықпал етті. Сонымен қатар, алдағы уақытта әдеби бағыттағы жаңа жобалар мен шығармашылық алаңдар ұйымдастырылатыны айтылды. Осындай рухани кештер – жас буынның талғамын қалыптастырып, ұлттық әдебиеттің дамуына серпін беретін маңызды бастамалардың бірі.

 

 

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар арасында қазақстандық патриотизмді насихаттау, ұлттық құндылықтарды сақтау және жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында іс-шаралар өткізілуде. Кезекті іс-шара - Өрнек ауылындағы Алғабас орта мектебінде мазмұнды кездесу өтті. Іс-шара жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында ұйымдастырылды.

Кездесудің қонағы – гуманитарлық ғылымдар магистрі Жақыпов Ерзат Жасқанбайұлы жастармен ашық әңгіме жүргізіп, өз болашағына жауапкершілікпен қараудың, туған жерге адал қызмет етудің маңызын айтты. Спикер қоғамдағы кейбір келеңсіз жағдайлардың себебі рухани тәрбиенің әлсіреуінен екенін атап өтіп, бұл олқылықты білім мен парасат арқылы жою қажеттігін жеткізді. Ел ертеңін ойлайтын жастарды тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңіру басты бір діңгек ретінде қалыптастырудың маңызын түсіндірді.

Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, өз көзқарастарын ортаға салды. Шараның түпкі мақсаты – жастардың бойында елге деген сүйіспеншілік пен адамгершілік қасиеттерді арттыру болды.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Жамбыл облысы әкімдігінің "Дін проблемаларын зерттеу орталығы" КММ-нің тапсырысы аясында бірқатар жұмыстар жүргізуде.
Аталған жоба аясында 2025 жылдың мамыр айында Қордай ауданында әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Зерттеу барысында жергілікті тұрғындар мен мектеп оқушылары арасында бір реттік сауалнама ұйымдастырылып, дін мәселелеріне қатысты қоғамдық пікір анықталды. 

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» «Тараз қаласының жас ақын жазушыларды қолдау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Кезекті іс-шара жастар арасындағы әдеби дуэль болды.

Әдеби дуэльдің басты мақсаты – жастардың шығармашылық қабілетін шыңдау, суырыпсалмалық өнерін дамыту және сөз мәдениетін арттыру болып табылады. Байқау барысында қатысушылар белгіленген тақырыптар аясында өлең шығарып, прозалық үзінділер жазып, өзара шығармашылық бәсекеге түсті. Әділқазылар алқасы қатысушылардың тіл шеберлігіне, ой тереңдігіне және көркемдік ерекшеліктеріне ерекше назар аударды.

Іс-шараға қаладағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Әдеби дуэль достық әрі тартысты жағдайда өтіп, жастарға ерекше шабыт сыйлады. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, шығармашылық байланыстарын нығайтты. Шара соңында үздік өнер көрсеткен қатысушылар марапатталып, алдағы уақытта осындай әдеби кездесулерді тұрақты түрде өткізу жоспарланып отырғаны атап өтілді.

   

 

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар арасында қазақстандық патриотизмді насихаттау, ұлттық құндылықтарды сақтау және жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Әбдіжаппар ауылындағы №4 орта мектебінде жастармен кездесу өткізді. Шараның негізгі бағыты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, патриоттық сезім мен ұлттық бірегейлікті қалыптастыру.

Кездесуде гуманитарлық ғылымдар магистрі Жақыпов Ерзат Жасқанбайұлы оқушыларға қоғамдағы азаматтық ұстанымның рөлі, мәдени құндылықтарды сақтау және рухани дамудың маңызы туралы кеңінен баяндады. Спикер жастарды өз елінің тарихына құрметпен қарап, әр іске адалдықпен қарауға үндеді.

Іс-шара ашық сұхбат түрінде өтіп, қатысушылар ой еркіндігі мен пікір алмасу арқылы өзара түсіністік орнатты. Бұл кездесу жас буынның азаматтық сана-сезімін оятып, отансүйгіш рухын күшейтуге септігін тигізді.

 

«MOMYSHULY CUP II» аттымектеп оқушылары арасындағы облыстық пікірсайыс турнирі

 Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін Пікір» жастар қоғамдық бірлестігі «Жастар арасында пікірсайыс қозғалысын дамытуға бағытталған шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын іске асыруда. Жоба аясында Бауыржан Момышұлы атындағы №45 мектеп гимназиясында «MOMYSHULY CUP II»» атты мектеп оқушылары арасында облыстық пікірсайыс турнирі өткізілді. Пікірсайыс турнирінің мақсаты- жастардың сыни ойлауын дамыту, өзара білім мен парасаттылықтарын ортаға салып, халыққа дұрыс жеткізу тәсілдерін дамыту, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, тың ойлар мен шешімдер ұсына алатын жастарды тәрбиелеу болып табылады.

Облыстық пікірсайыс турниріне 20 дан астам команда, 40 тан аса пікірсайысшы қатысты. Турнир АПФ және ЛД форматында өтті, қатысушылар үш іріктеу ойынын ойнап, іріктеу раундының үздіктері плей оф раундына жолдама алды. Пікірсайыс турнирі өте тартысты өтті. Турнирдің нәтижесі бойынша АПФ форматында жүлделі 1-орынмен: Балапанқұл Айзере, Тоқтарбай Балауса марапатталды,  жүлделі 2-орынмен: Есенғали Жұлдызай, Нұрмахамбетова Айгерім марапатталды, жүлделі 3-орынмен: Жолмаханова Ақбота, Еркінбай Іңкәр марапатталды. «Үздік талпыныс» номинациясымен Қайрат Бексейіт, Төлеу Ералы марапатталды. «Ең үздік спикер» номинациясымен Казим Сарымамед оглы марапатталды.

 

 

 

Страница 10 из 41